Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 389 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Өмірәлиев Ербол Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
      Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;
      көрсетілген құрамнан: Ахметжанов Саян Қылышұлы, Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі