Маңызды стратегиялық мәні бар қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 382 қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" және "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" акционерлік қоғамдары мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен олардың жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарға консалтинг қызметтерін көрсету және зерттеулер жүргізу жөніндегі маңызды стратегиялық мәні бар қызметтер көрсетуді беруші болып белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі