Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 379 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1132 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";
      6) тармақша алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 25-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау;";
      "25-1) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету;";
      28) тармақша алынып тасталсын;
      12-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру;";
      "2-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктер беру;";
      "3-1) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу;";
      "5-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеу;";
      12) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы