Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 357 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 56-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.";
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттік нөмiрi 1.5-жолдың 5-бағанындағы "2003 жылдың 4 тоқсаны" деген сөздер "2004 жылғы 30 сәуiр" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі