1998 жылғы 6 наурыздағы Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Бекет Қабиденұлы Әлиғожин Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Бiрлескен жұмыс комиссиясындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлi болып тағайындалсын.