1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1035
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім" деген 2-бөлім алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100
қаулысына
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерде:
6-тармақ алынып тасталсын.
2. "Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 646 қаулысының күші жойылды деп танылсын.