1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.";
35-тармақтың 2) тармақшасындағы "50" деген сандар "37,5" деген сандармен ауыстырылсын.