Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 299 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi N 901 қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде:
      "Аса маңызды мемлекеттік объектiлерi" деген I бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының ғимараттары" деген 1-кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 50-1, 73-1, 73-2, 162-1, 162-2, 216-1, 298-1, 298-2, 421-1, 469-1, 469-2, 512-1, 623-1-жолдармен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
50-1    Ақмола гарнизонының әскери соты            1   |   |
73-1    Әскерлердiң әскери соты                    1   |   |
73-2    Алматы гарнизонының әскери соты            1   |   |
162-1   Мұғалжар ауданының N 2 соты                1   |   |
162-2   Ақтөбе гарнизонының әскери соты            1   |   |
216-1   Талдықорған гарнизонының әскери соты       1   |   |
298-1   Семей гарнизонының әскери соты             1   |   |
298-2   Өскемен гарнизонының әскери соты           1   |   |
421-1   Қарағанды гарнизонының әскери соты         1   |   |
469-1   Амантоғай аудандық соты                    1   |   |
469-2   Қостанай гарнизонының әскери соты          1   |   |
512-1   Ақтау гарнизонының әскери соты             1   |   |
623-1   Шымкент гарнизонының әскери соты           1   |   |
__________________________________________________________________";

      "БАРЛЫҒЫ 623 объект" деген жолда:
      "623" деген цифр "636" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс Қазақстан Республикасы өңiрлерiндегi (халқының) тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi" деген II бөлiмде:
      "Байланыс объектiлерi - автоматтық телефон станциялары, ұтқыр және спутниктік байланыс станциялары; телевизия және радио хабарларын тарату, радио-телевизия хабарларын беру орталықтары (PTXO)" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 4-1, 4-2 жолдармен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
4-1  Қазақстан Республикасы Ақпарат                 |   |   |  1
     министрлiгiнiң "Қазтелерадио" ЖАҚ Алматы       |   |   |
     радио-телевизия хабарларын беру станциясы      |   |   |
                                                    |   |   |
4-2  Қазақстан Республикасы Ақпарат                 |   |   |  1
     министрлiгiнiң "Қазтелерадио" ЖАҚ Алматы       |   |   |
     облыстық телерадио хабарларын беру орталығы    |   |   |
__________________________________________________________________";

      "Барлығы 21 объект" деген жолда:
      "21" деген цифр "23" деген цифрмен ауыстырылсын;
      кестеде:
      "Аса маңызды мемлекеттiк объектiлер" деген I бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1-жолда "623" деген цифр "636" деген цифрмен, "383" деген цифр "396" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "Жиынтығы" деген жолда "1064", "515" деген цифрлар "1077", "528" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік күзетілуі тиіс Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі (халқының) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері" деген ІІ бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жолда "21" деген цифр "23" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "Жиынтығы" деген жолда "266", "124" деген цифрлар "268", "126" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Тізбе бойынша барлығы" деген жолда "1330", "562", "234" деген цифрлар "1345", "575", "236" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) құпия.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі