Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылғы егiннiң бидай астығын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттiк астық ресурстарына мемлекеттiк сатып алу көлемi республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 478317 (төрт жүз жетпiс сегiз мың үш жүз он жетi) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн, бұл ретте:
1) 2004 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша 2650680000 (екi миллиард алты жүз елу миллион алты жүз сексен мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 199000 (бip жүз тоқсан тоғыз мың) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы;
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 14800 (он төрт мың сегiз жүз) теңге баға бойынша 444000000 (төрт жүз қырық төрт миллион) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшін қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 30000 (отыз мың) тоннаға дейiнгі көлемде азық-түлiктiк қатты бидай астығы;
2) күзде тікелей сатып алу арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша 2854702000 (екi миллиард сегiз жүз елу төрт миллион жетi жүз екi мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 214317 (екi жүз он төрт мың үш жүз он жетi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы;
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда, 7400 (жетi мың төрт жүз) теңге баға бойынша 259000000 (екi жүз елу тоғыз миллион) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 35000 (отыз бес мың) тоннаға дейiнгi көлемде екiншi класты арпа.
2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына кредит ресурстарын тарту есебiнен 2000000 (екi миллион) тоннаға дейiнгi көлемде бидай астығын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы 2004 жылы оларды сатып алу Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк ресурстарға астықты мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi қызметтер көрсетудi, мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.