"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 27 ақпандағы
N 242 қаулысымен
бекiтiлген
1. Осы Ереже асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 101 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде мал тұқымын асылдандыру зауыттарына, асыл тұқымды мал шаруашылықтарына, мал тұқымын асылдандыру және дистрибьютерлiк орталықтарына (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерi) қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара арзандату үшін;
2) мал шаруашылығы жөнiндегi мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және күтiп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөнiндегi шығындарды толық өтеуге (бұдан әрi - мал тұқымын асылдандыру орталығы);
3) еттi құс өсiру жөнiндегi асыл тұқымды шаруашылықта сатып алынатын азықтар мен қоспалардың құнын толық өтеу бөлiгiнде асыл тұқымды құс балапандарын күтiп ұстауға арналған шығындарды iшiнара өтеуге;
4) мал тұқымын асылдандыру iсi үшiн сатып алынатын арнайы технологиялық жабдықтардың (бұдан әрi - арнайы жабдықтар) және техниканың құнын толық өтеуге;
5) Қостанай жылқысын өсiретiн асыл тұқымды мал зауытында (бұдан әрi - асыл тұқымды мал зауыты) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау және жаттықтыру, айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
6) асыл тұқымды мал зауыты үшiн ағылшындық селекциялық таза қанды мiнiс тұқымының айғырларын сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге арналады.
3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) тармақшасында көpcетілгeн субсидиялар асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрі - Ауылшарминi) мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiленген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiне төленедi.
4. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидия нормативтерi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерi асыл тұқымды өнiмді (материалды) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге Ауылшарминiмен келiсiлген, төленетiн субсидия мөлшерiне кемiтілген баға бойынша дербес сатады.
6. Аудан бойынша, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының асыл тұқымды өнiмдi (материалды) кiрiске aлу және мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы жиынтық актiлердiң ұсынымдық нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi
7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәміленiң жасалуына қарай, бiрақ 2004 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктiрмей Ауылшарминінiң аудандық аумақтық органына (бұдан әрi - аудандық аумақтық басқарма) мынадай:
асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартын;
төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
2) аудандық аумақтық басқарманың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегі мемлекеттiк инспекторы (бұдан әрi - мемасылдандыру инспекторы) ай сайын 5-i күнiне, бiрақ 2004 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктірмей, алдыңғы ай үшiн асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы аудандық аумақтық басқарма бастығы бекiткен аудан бойынша жиынтық актiнi және мақсатты пайдалану актісiн, сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын қоса Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органына (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) ұсынады;
3) облыстық аумақтық басқармасы ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актіні жасайды және бекiтедi. Облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы бекiтiлген жиынтық актiлерi бойынша, оларда көрсетiлген көлемдер мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне нормативтер негізiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және облыс бойынша белгіленген квоталар шегінде асыл тұқымды өнімді (материалды) сату және субсидияларды төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомості жасайды. Облыстық аумақтық басқарма республикалық бюджеттен бюджеттiк ақшаның бөлiну шамасына қарай күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды мал шаруашылығы тиiстi субъектiлерiнің есеп айырысу шотына тиесілі субсидияны аударады. Облыстық аумақтық басқарма ай сайын айдың 10 күнiне қарай, бiрақ 2004 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу жөнiндегі біріктірілген жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есептi Ауылшарминiне ұсынады;
4) облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттар:
осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомості;
төлем есебін ұсынады;
8. Асыл тұқымды бұқаларды, арнайы жабдықтар мен техниканы мал тұқымын асылдандыру орталығына сатып алу шығындарын толық өтеу үшiн:
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне отандық немесе шетелдiк селекциялық асыл тұқымды бұқаларды, арнайы жабдықтар мен техниканы Ауылшарминiмен келiсiлген тiзiм бойынша сатып алу шарттарының бір-бір данасын ұсынады;
2) Ауылшарминi жасалған шарттарды тексередi және асыл тұқымды бұқалар, арнайы жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн мал тұқымын асылдандыру орталығының есеп айырысу шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Мал тұқымын асылдандыру орталығы асыл тұқымды бұқалар, арнайы жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттарының, сондай-ақ облыстық аумақтық басқарма бекiткен кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
9. Мал тұқымын асылдандыру орталығында асыл тұқымды бұқаларды күтіп ұстау, олардың ұрығын және эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау шығындарын толық өтеу үшiн:
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминіне асыл тұқымды бұқаларды күтіп ұстау, олардың ұрығын және эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi есептеудiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстау, олардың ұрығын және эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды тексередi және күнтiзбелік жылдың соңына дейiн асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстауға, олардың ұрығын және эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджеттік ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының есеп айырысу шотына аударады.
10. Етті құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығында сатып алынатын азықтар мен қоспалардың құнын толық өтеу бөлiгінде асыл тұқымды құс балапандарын күтiп ұстау жөнiндегi шығындарды ішiнара өтеу үшiн:
1) құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығы Ауылшарминiне азықтар мен қоспаларды сатып алу шартының бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды құс балапандарын азықтандыру жөнiндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды құс балапандарын күтiп ұстауға бюджеттiк ақшаны құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығының есеп айырысу шотына аударады.
11. Еттi құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығына арнайы жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) құс өсіру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығы Ауылшарминіне арнайы жабдықтарды және техниканы Ауылшарминiмен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алу шарттарының бiр-бiр данасын ұсынады;
2) Ауылшарминi жасалған шарттарды тексередi және арнайы жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығының есеп айырысу шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асылдандыру шаруашылығы арнайы жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминіне төлем құжаттарының, сондай-ақ облыстық аумақтық басқарма бекiткен кіріске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
12. Ағылшындық селекциялық таза қанды мiнiс тұқымының айғырларын, жабдықтар мен техниканы асыл тұқымды мал зауытына сатып алу шығындарын толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты Ауылшарминіне ағылшындық селекциялық таза қанды мiнiс тұқымының айғырларын, сондай-ақ жабдықтар мен техниканы Ауылшарминімен келiсiлген тізбе бойынша сатып алу шарттарының бiр-бiр данасын ұсынады;
2) Ауылшарминi жасалған шарттарды тексередi және асыл тұқымды айғырларды, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн асыл тұқымды мал зауытының есеп айырысу шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды айғырларды, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесі айдың iшiнде Ауылшарминіне төлем құжаттарының, сондай-ақ облыстық аумақтық басқарма бекiткен кiрiске алу актілерінің көшiрмелерiн ұсынады.
13. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өcipу, күтiп ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты Ауылшарминіне асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру, айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi есептеудiң бір данасын және асыл тұқымды жылқыларды өcipу, күтiп ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) Ауылшарминi ұсынылған есептеудi тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтiп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды мал зауытының есеп айырысу шотына аударады.
14. Ауылшармині Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ереженiң 8, 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарына сәйкес төлем шотын ұсынады.
Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеудiң
ережесiне 1-қосымша
Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр
түрiне арналған субсидия нормативтерi
1) сатылатын асыл тұқымды төлдерге арналған субсидия нормативтерi
___________________________________________________________________
Мал мен құстың түрлерi және тұқымдары|Сатылатын 1 кг тiрi салмаққа
|арналған субсидия
|нормативтерi, теңге
|(құнының 50%-на дейiн)
|_____________________________
|асыл тұқымды |асыл тұқымды
| мал |мал шаруашы.
|зауыттары үшiн|лықтары үшін
_____________________________________|______________|______________
1 2 3
___________________________________________________________________
Iрi қара мал:
Соның iшiнде сүттi бағыттағы:
Қара-ала (соның iшiнде әулиеата)
сиыры 76 68
Қызыл (соның iшiнде қырдың қызыл
сиыры) 76 68
Қоңыр (соның iшiнде алатау) сиыры 76 68
Қызғылт сары шұбар (соның iшiнде
симментал) 76 68
Айршир сиыры 76 68
Соның iшiнде еттi бағыттағы:
Қазақтың ақбас сиыры 69 63
Әулиекөл сиыры 69 63
Герефорд сиыры 66 60
Қалмақ сиыры 69 63
Санта-гертруда сиыры 34 31
Галловей сиыры 34 31
Қойлар:
Соның iшiнде биязы жүндi бағыттағы:
Қазақтың арқар мериносы 79 70
Солтүстiк қазақ мериносы 79 70
Оңтүстік қазақ мериносы 79 70
Қазақтың биязы жүндi қойы 79 70
Австралия мериносы (жақсартушы тұқым) 330 300
биязылау жүн бағыттағы:
Қазақтың биязылау жүндi қойы 79 70
Казақтың еттi-жүндi қойы 79 70
Ақжайық еттi-жүндi қойы 79 70
Дегерес қойы (биязылау жүндi) 79 70
Цигай қойы 79 70
Еттi-майлы бағыттағы:
Еділбай қойы 74 67
Гиссар қойы 72 65
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы 72 65
Сарыарқа қойы 72 65
Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы 72 65
Дегерес қойы (ұяң жүндi) 72 65
Атырау елтiрiлiк құйрықты қойы 72 65
Қарақөл қойы 68 62
Шошқалар:
соның iшiнде:
Iрi ақ шошқа 80 70
Немiстің асыл тектi шошқасы 60 50
Ақсай қара-ала шошқасы 47 42
Жетiсу шошқасы 47 42
Жылқылар:
соның iшiнде:
Спорт бағытындағы:
Таза тұқымды мiнiс жылқысы 45 41
Ақалтеке жылқысы 45 41
Араб жылқысы 45 41
Қостанай жылқысы 45 41
Дон жылқысы 45 41
Орыстың желiс жылқысы 35 32
Орлов желiс жылқысы 35 32
Қарабайыр жылқысы 35 32
Өнімдiк бағыттағы:
Қазақтың жабы жылқысы 81 73
Мұғалжар жылқысы 81 73
Көшiм жылқысы 81 73
Адай жылқысы 81 73
Түйелер:
соның iшінде:
Қазақтың айыр түйесi 74 66
Түркiменнiң аруанасы 72 65
Бұғылар 74 69
Маралдар 74 69
___________________________________________________________________
2) тұқымдық бұқалар ұрығының бiр дозасына субсидиялар нормативi
___________________________________________________________________
Асыл тұқымды өнiмнiң түрi |Ұрықтың 1 дозасына арналған
|субсидия нормативі, теңге
|(құнының 50% дейiн)
___________________________________|_______________________________
Тұқымдық бұқалардың ұрығы 140
___________________________________________________________________
3) сатылған асыл тұқымды бiр жұмыртқаға арналған субсидиялар нормативтері
___________________________________________________________________
Асыл тұқымды | Асыл тұқымды 1 жұмыртқаның
өнiмнiң түрi |1 данасына субсидиялар
|нормативтерi, теңге
|(құнының 50% дейiн)
____________________________________|______________________________
Тұқымды асылдандыру мақсаттарына
арналған тауық жұмыртқасы (ұрықтық) 8
Тұқымды асылдандыру мақсаттарына
арналған тауық жұмыртқасы (еттік) 20
Тұқымды асылдандыру мақсаттарына
арналған үйрек жұмыртқасы 12
Тұқымды асылдандыру мақсаттарына
арналған күркетауық жұмыртқасы 50
Тұқымды асылдандыру мақсаттарына
арналған қаз жұмыртқасы 50
___________________________________________________________________
4) мал тұқымын асылдандыру iсi үшiн сатып алынатын арнаулы жабдықтар мен техниканың құнын толық өтеу;
5) асыл тұқымды бұқаларды сатып алу, мал тұқымын асылдандыру орталығында күтiп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегі шығындарды толық өтеу;
6) асыл тұқымды мал зауыты үшiн ағылшын селекциясының таза тұқымды мініс айғырларын сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу;
7) асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру және асыл тұқымды айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегі шығындарды толық өтеу;
8) құс өсiру жөнiндегi асылдандыру шаруашылығында сатып алынатын азықтар мен қоспалардың құнын толық өтеу бөлiгiнде асыл тұқымды құс балапандарын күтiп ұстау шығындарын iшiнара өтеу.
"Бекiтемiн" Асыл тұқымды мал
Қазақстан Республикасы шаруашылығын дамытуды
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қолдауға қаражат төлеудiң
_____________облыстық ережесiне 2-қосымша
аумақтық басқармасының
бастығы________________________
(аты-жөнi, қолы, мөрi)
2004 жылғы "__" __________
_____________облысы бойынша 2004 жылдың ____________айындағы
(айдың аты)
асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың)________________________
(асыл тұқымды төлдер, тұқымдық бұқалар ұрығы,
_________________________________________________________
асыл тұқымды жұмыртқа - қажеттiсi қалдырылсын)
сатылуы және субсидиялар төлеу жөнiндегi
Біріктірілген жиынтық ведомосы N____*
___________________________________________________________________
Атауы |Жылдық квота|Сатылған |Асылдандыру мақса.|Жылдың
______________|____________|асыл тұқымды|тына асыл тұқымды |басынан
аудан.|асыл |(кг, |теңге |өнiмнiң (ма.|өнім (материал) |берi
ның |тұқымды|доза,| |териалдың) |нақты сатылған |субсиди.
|өнімді |дана)| |бiрлігіне |(кг, доза, дана) |яның
|(мате. | | |(кг тiрiлей |__________________|тиесiлi
|риалды)| | |салмақ, |жылдың |есеп беру |сомасы,
|сату. | | |доза, дана) |басынан|айдың |теңге
|шының | | |субсидия |бері |ішінде |
| | | |нормативi, | | |
| | | |теңге | | |
| | | | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_____________________________
Жылдың |Субсидияның|Төленуге|
басынан |тиесілі со.|тиісті |
бері тө.|масының |теңге |
ленгені,|қалдығы, | |
теңге |теңге | |
________|___________|________|
9 10 11 |
_____________________________|
* сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне жеке жасалады
Облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторы ________________________(Т.А.Ә, қолы)
Облыстық аумақтық басқармасының бас
бухгалтерi _______________________________(Т.А.Ә. қолы, мөр)