Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі мәнi спорт және санаториялық-курорттық емдеу саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен:
      1) мынадай мекен-жай бойынша: Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл ауданы, Қорымды селосында орналасқан "Қазақстан автомобилисi" демалыс үйiнiң мүлкiн Кәсiпорынға беру жолымен оның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      2) Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес оның аумағында Кәсiпорынның тiркеуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
      "519-4 "Олимп" спорт-сауықтыру            Қырғыз Республикасы
      орталығы республикалық                    Ыстықкөл ауданы
      мемлекеттік кәсiпорны,                    Қорымды селосы";
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)

      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі