"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194
қаулысын
а (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "мақсатты пайдалану туралы ереженi" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "мақсатты пайдалану туралы ереже" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережеде:
тақырыбындағы "мақсатты пайдалану туралы ереже" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесi "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттен бөлiнетін және қоныс аудару іс-шараларын қаржыландыру мен оралмандарды әлеуметтік қорғауға бағытталған қаражатты мақсатты пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.";
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражат:";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшiн қаражат бөлуге;";
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "қаржыландыру есептемесiмен қоса лимиттiк өтінiмдi" деген сөздер "мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшін қаражат бөлудi отбасының бір мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiмен келген жерi бойынша халықтың көші-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдар жүргізедi.
Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық орган оралман отағасының нотариалды түрде расталған тұрғын үйдi сатып алу-сату шартының немесе жергiлiктi атқарушы органның жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскесiн беру туралы шешiмiн ұсынуы бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты екiншi деңгейдегi банкте оралмандар отағасының алдын ала ашқан жеке шотына аударады.
Бұл ретте оралмандардың жеке шотына аударылған бөлiнген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы терiс айырма оралмандардың өз қаражаты есебiнен қосымша төленедi, ал оң айырма оралмандардың өздерiнде қалады.";
13-тармақта:
"мекендеу рұқсаты" деген сөздерден кейiнгi үтiр "немесе" деген шылаумен ауыстырылсын;
", төлқұжаты" деген сөз алынып тасталсын.
2. "Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 216-құжат) күшi жойылды деп танылсын.