1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы мынадай санаттардағы жерлерден жалпы ауданы 93150 гектар жер учаскелері:
жер қорынан - жалпы ауданы 88136 гектар жер учаскелері;
орман қоры жерлерінен - Ұйғыр мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен жалпы ауданы 5014 гектар жер учаскелері алынсын және олар қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері жер қоры және орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта орналасқан ормандар "табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері" санатына жатқызылсын.
3. Алматы облысының әкімдігі Мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде Мекеме жерлерінің шекарасын белгілесін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сомалар есебінен және солардың шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229
қаулысына
:
көрсетілген қаулымен бекітілген, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлімде:
"147 "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"46 "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі";
2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 42, 423-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
"37. "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі".
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 213 қаулысына
қосымша
Алматы облысының аумағында құрылатын Шарын мемлекеттік
ұлттық табиғи паркіне тұрақты жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
__________________________________________________________________
Р/с| Жерлер санаты және ауыл | Көлемі,
N | шаруашылығы алқаптары | га
__________________________________________________________________
1. Еңбекшіқазақ ауданы -
жер қорынан (жайылымдар) 12730
2. Райымбек ауданы -
жер қорынан (жайылымдар) 10420
3. Ұйғыр ауданы -
1) жер қорынан (жайылымдар) 64986
2) орман қорының жерлері (Ұйғыр ормандар
мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі) 5014
оның ішінде: Шарын орманшылығы 5014
жиыны: 70000
Барлығы 93150
__________________________________________________________________