Қазақстан Республикасының көрме-жәрмеңке қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 189 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.25. N 626 қаулысымен.

Күшін жойған

      Республикада және одан тысқары жерлерде көрме-жәрмеңке қызметiн жетілдiру және дамыту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының көрме-жәрмеңке қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының көрме-жәрмеңке қызметі мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 18 ақпандағы 
N 189 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасының көрме-жәрмеңке
қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық
комиссиясының құрамы

Жақсыбеков                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әділбек Рыскелдіұлы         және сауда министрi, төраға

Смағұлов                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Болат Советұлы              және сауда вице-министрi, төрағаның
                            орынбасары

Шақшақбаев                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Вадим Шәмілұлы              және сауда министрлiгi Сауда комитетiнiң
                            төрағасы, хатшы

Комиссия мүшелерi:

Лавриненко                - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович               коммуникациялар бiрiншi вице-министрi

Зверьков                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Вадим Павлович              вице-министрi

Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасының Білiм және
Нұралы Сұлтанұлы            ғылым вице-министрi

Ысқақов                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы           ортаны қорғау вице-министрi

Тілеухан                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бекболат Қанайұлы           вице-министрi

Рахымбеков                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Төлеутай Сатайұлы           шаруашылығы министрлiгi Талдау және
                            агроөнеркәсіп кешенi мен ауылдық
                            аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
                            департаментiнің директоры

Әбiтаев                   - "KEGOC" ашық акционерлiк қоғамының
Есберген Әбітайұлы          вице-президентi (келiсiм бойынша)

Кәрiбжанов                - "Қазақтелеком" ашық акционерлiк
Қайрат Сәлiмұлы             қоғамының вице-президентi
                            (келiсiм бойынша)

Күмiсбеков                - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық
Нұрлыбек Кенжебекұлы        компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының
                            басқарушы директоры (келiсiм бойынша)

Сманқұлов                 - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық
Асқар Сұлтанұлы             акционерлiк қоғамының аппарат басшысы
                            (келiсiм бойынша)

Син                       - "Шағын кәсiпкерлiк бойынша
Валерий Секкиевич           республикалық ақпараттық-көрме
                            орталығы" жабық акционерлiк қоғамының
                            президентi (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 18 ақпандағы 
N 189 қаулысымен     
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасының көрме-жәрмеңке қызметi
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының көрме-жәрмеңке қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) республикада және одан тысқары жерлерде көрме-жәрмеңке қызметін дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу, тәсiлдерiн жүйелеу және үйлестiру үшін Қазақстан Республикасы министрлiктерінің және ұйымдарының өкiлдерiнен құрылатын Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінің кесiмдерiн және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi

      3. Комиссияның мақсаты республикада және одан тысқары жерлерде көрме-жәрмеңке қызметiн жетілдiру, дамыту және үйлестіру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      4. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
      республиканың экономикалық мүдделерiн негiзге алып және халықаралық келiсiмдер шеңберiнде қабылданған Қазақстанның халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы көрме-жәрмеңке қызметінің негiзгi бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасы көрме-жәрмеңке қызметiнiң жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды дайындау және ұсыныстар әзiрлеу;
      екi жақты және көп жақты келiссөздерде көрме-жәрмеңке қызметі жөнiндегi Қазақстан Республикасының келiсілген ұстанымын дайындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      мүдделi мемлекеттiк органдарды халықаралық көрме-жәрмеңке ұйымдары қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, көрме-жәрмеңке қызметi жөнiнде жарияланымдар дайындау болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде өз құзыретті шегiнде:
      белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың көрме-жәрмеңке қызметi және оның халықаралық ұйымдарға қатысуы жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
      заңнамада белгіленген тәртiппен министрлiктер мен ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн ақпаратты сұрауға және алуға;
      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар қызметiне қатысуына байланысты мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстарды әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияға оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның отырыстарында төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап беретiн төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      8. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. Комиссия хатшысы Комиссияның толыққанды мүшесi болып табылады.
      9. Комиссия отырыстары қажеттiгiне қарай, бiрақ кем дегенде тоқсанына бiр рет өткiзіледi.
      10. Комиссия төрағасы Комиссияның қарауына шығарылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
      11. Егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады. Комиссия отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
      12. Комиссия отырыстары ашық болып табылады. Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.
      13. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады және хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Комиссия шешiмдерi отырыс хаттамасымен ресiмделедi және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерi қол қояды. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр білдiру құқығы бар, ол бiлдiрілген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуы және хаттамаға қоса берілуi тиiс.
      14. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің келiсiмi бойынша отырыстарының күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын айқындайды және нақтылайды.