Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 179 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 480-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Полиграфия ұйымдары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" MM".
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі