Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
      "519-4 "Спорт ғимараттарының құрылысын
      салу жөнiндегi дирекция"
      республикалық мемлекеттiк
      қазыналық кәсіпорны                   Алматы қаласы";
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі