Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы

Қолданыстағы

      Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
      "519-4 "Олимпиадалық даярлау
      орталығы" қазыналық кәсiпорны          Өскемен қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын:
      "25. Өскемен қаласында "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі