Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 130 қаулысы

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексiнің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiп отырған Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің    
2004 жылғы 3 ақпандағы
N 130 қаулысымен  
бекiтiлген     

Судың жай күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға
беру ережесi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу
шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, оларды орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн регламенттейдi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi.
      2. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындарды, өзге де құрылыстарды жобалау, салу, пайдалануға беру, қайта жаңарту, консервациялау және жою кезінде мыналар:
      суды ұтымды пайдалану;
      қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау;
      заңды және жеке тұлғалардың белгiленген су қорғау және табиғат қорғау жөнiндегi iс-шараларды, сондай-ақ шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшiн су жинаудың санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды орындауы;
      объектінi салу мен оның жұмыс iстейтiн аймағында жұмыс iстейтiн персонал мен тұратын халық үшiн жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi;
      жоспарланатын қызмет пен оның салдарлары туралы мүдделi жұртшылықты (халықты, үкiметтiк емес ұйымдарды) хабардар ету әрi олардың пікірін ескеру қамтамасыз етілуi тиiс.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға жер учаскелерiн бөлудi (пайдалануға рұқсат) жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

2. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да
құрылыстарды орналастыруды келiсу тәртiбі

      4. Жоспарланатын қызметтің бастамашысы жер учаскесiн таңдап алуы туралы акт алғаннан кейін судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындар мен құрылыстарды жобалау жүзеге асырылады.
      5. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, өзге де құрылыстарды орналастыру мен салуға жобалық құжаттама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзiрленуi тиiс.
      6. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, өзге де құрылыстарды салу жөнiндегi жобалық құжаттама мынадай мемлекеттiк органдармен келiсiлуi тиiс:
      су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен;
      жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен - жер қойнауының, соның ішiнде жер асты суларының жай-күйiне әсерi саласында;
      жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен;
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен - малды, жануар тектес өнiмдер мен шикiзат дайындау (сою) әрi қайта өңдеумен байланысты кәсiпорындар мен құрылыстар жөнiнде;
      төтенше жағдайлар жөніндегi уәкілетті органмен - ықтимал сел қаупi бар су oбъектiлерi жөнiнде;
      су көлiгi жөнiндегi уәкiлеттi органмен - кеме жүретiн су объектiлерi жөнiнде;
      балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, олардың өсiмiн молайту әрi пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен - балық шаруашылығын балық ресурстарын аулауды жүргiзуге арналған кәсіпорындар мен құрылыстар жөнiнде;
      энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен - су объектiлерi арқылы коммуникациялар салу жобалары жөнiнде.
      7. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген кәсiпорындар мен құрылыстарды орналастыру және салу жобаларын келiсу рәсiмiн мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзiм белгiленбесе, оларға жобалық құжаттама ұсынылғаннан кейiнгi бiр ай iшiнде жүзеге асырады.
      8. Тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсу рәсiмiнен өткеннен кейiн жобалық құжаттаманың келiсiлген редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жобалардың мемлекеттiк сараптамасына және мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиiс.
      9. Судың жай-күйіне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстарды салу жобалық құжаттамасын келiсу әрi оны экологиялық сараптамадан өткізу рәсімін уәкілеттi мемлекеттiк органдар олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      10. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасы оларды салу жобалары мемлекетi сараптамадан өткізілгеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынылады.
      Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен толық немесе iшiнара қаржыландырылатын судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстарды салу жобалық-сметалық құжаттамасын бекiту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Судың жай-күйіне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, қайта жаңарту жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегi уәкілеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органның, өнеркәсіптік қауіпсiздік жөнiндегi уәкілетті органның оң қорытындылары, сондай-ақ жобалардың мемлекеттiк сараптамасына және мемлекеттiк экологиялық сараптамаға оң қорытындылар болған кезде тек қана бекiтілген жобалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

3. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды пайдалануға беру

      12. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстарды пайдалануға беру тиiстi объектiнi (объектiлердi) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссияның актiсi болған кезде ғана жүзеге асырылады.
      13. Судың жай-күйiне әсер ететiн объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялардың жұмысына тиiстi жергіліктi атқарушы органның, бассейндiк су шаруашылығы басқармасының, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдардың өкілдерi мiндеттi түрде қатысады.
      14. Пайдалануға қабылдау жөнiндегі мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссиясын құру мен оның жұмыс тәртiбi, сондай-ақ бұл үшiн қажеттi құжаттар тiзбесін және оларды pecімдеу рәсiмi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Су oбъектілерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде
құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары

      15. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары жергiлiктi атқарушы органмен, бассейндiк су шаруашылығы басқармасымен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегi аумақтық органдармен және тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қызметiн жүзеге асыратын атқарушы органдармен, сондай-ақ су көлігі органдарымен - кеме жүретiн су объектілерiнде жоспарланатын жұмыстар бойынша келiсiлуi тиiс.
      16. Су объектiлеріндегi жұмыстар халықтың денсаулығына әрi қоршаған ортаға қауіп төндiрмейтін техника мен технологиялар қолданылып, жүзеге асырылуы тиiс.
      17. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi құрылыс, түбiн тереңдету, жару және өзге де жұмыстар жергiлікті атқарушы органдар белгілеген бұл аймақтар мен белдеулердi пайдалану режимi сақталып, жүзеге асырылады.
      18. Cу объектiлерiндегi, су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегі құрылыс және басқа да жұмыстар шарттарын келiсу рәсiмiн тиiстi мемлекеттік органдар өтінiш берушi оларға қажеттi құжаттарды ұсынғаннан кейiн он бес күн мерзiмде жүзеге асырады.
      19. Су объектiлерiндегi, су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде құрылысқа, аумақтарды көркейту әрi қоршаған ортаны сауықтыруға бөлiнген жерлердi қайта өңдеу жөнiнде мiндетi түрде шаралар қабылдануы тиiс.
      20. Су объектiлерi арқылы коммуникациялар салу кезiнде жұмыстар жүргізу шарттарында тасқын сулардың өткiзiлуiн, су объектілерiн пайдалану режимiн, судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, олардың зиянды әсерiнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың жүргізiлуi көзделуi тиiс.
      21. Теңiздегі мұнай операцияларымен байланысты жұмыстар белгiленген тәртіппен бекiтілген теңiздің ластануын болдырмау жөнiндегi арнайы бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      22. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы су объектiлерiндегi жұмыстар бұл аумақтарды қорғау мен пайдалану режимi және белгiленген арнайы экологиялық талаптар сақталып, жүзеге асырылады.