Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiмeті қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
3) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігінің "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
4) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігiнің "Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігiнің "Семей мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "М.Х.Дулати Тараз мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын бөлiп алу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындар (бұдан әрi - кәсiпорындар) қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру және ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
2) әдiлет органдарында кәсiпорындардың жарғыларын тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-172, 470-173, 470-174, 470-175, 470-176-жолдармен толықтырылсын:
"470-172 "Ақтөбе мемлекеттiк Ақтөбе облысы,
педагогикалық институты" республикалық Ақтөбе қаласы
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
470-173 "Қостанай мемлекеттiк Қостанай облысы,
педагогикалық институты" республикалық Қостанай қаласы
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
470-174 Павлодар мемлекеттiк Павлодар облысы,
педагогикалық институты" республикалық Павлодар қаласы
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
470-175 "Семей мемлекеттiк Шығыс Қазақстан
педагогикалық институты" республикалық облысы,
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Семей қаласы
470-176 " Тараз мемлекеттiк
педагогикалық институты"
республикалық мемлекеттiк Жамбыл облысы,
қазыналық кәсiпорны Тараз қаласы".
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.