Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы N 123 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
      1) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 19, 164-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады";
      2) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 238-құжат):
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:

      Мыңбаев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Сауат Мұхаметбайұлы         Министрiнің орынбасары, төраға

      Курматов                  - Қазақстан Республикасының Қарулы
      Юрий Шамильевич             күштерi штаб бастықтары комитетi
                                  төрағасының бiрiншi орынбасары;

      мынадай:

      "Отто                     - Қазақстан Республикасының Iшкi
      Иван Иванович               iстер вице-министрi"

      деген жолдағы "вице-министрi" деген сөздер "бiрiншi вице- министрi" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетiлген құрамнан Павлов Александр Сергеевич, Құдайбергенов Сәбит Бейсенұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Mинистрі