РҚАО-ның ескертпесі!
Күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдармен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде:
"Арнаулы сигналдарды қолдану" деген 6-бөлімінде 6.1-тармақтың бірінші абзацындағы "8-11" деген сандар "8-18" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қозғалыс жылдамдығы" деген 10-бөлімде:
10.2-тармақтағы ескертпе алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10.4-1-тармақпен толықтырылсын:
"10.4-1. Елді мекендерде және елді мекендерден тыс жерлерде жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болса, автомобиль жолдарының жекелеген учаскілерінде жеңіл автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын 120 км/сағ. дейін, автобустардікін 110 км/сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін орната отырып) көтеруге болады".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі