Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 197 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 511-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1761
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 593-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-1-жолмен толықтырылсын:
"16-1 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде
шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан
Республикасының азаматтарын-балаларын
консулдық есепке алу:
есепке алу 500 % aeк
есептен шығару тегiн";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 29-1-жолмен толықтырылсын:
"29-1 Апостиль қою үшiн құжаттарды қабылдау және одан әрi жолдау (әрбiр құжат үшiн) 5-50 АҚШ доллары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап екi ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі