Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі N 9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының Қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспедегі "Пленумы" сөзі "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақта:
"14" деген цифр "13" деген цифрмен ауыстырылсын;
"1992 жылғы 20 шілдедегі" деген сөздерден кейін "1993 жылғы 21 қазандағы N 1043, 1993 жылғы 17 қарашадағы N 1143, 1999 жылғы 16 қазандағы N 1560" деген сөздермен толықтырылсын;
"1995 жылғы" деген сөздерден кейін "1999 жылғы 16 қазандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 3-тармақта:
"толық" деген сөздер алынып тасталсын;
5) 4-тармақта:
екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Мемлекеттік баж салығы туралы" Заңының 4 бабы "е" тармағында" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 496-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "ҚР-ның "Мемлекеттік баж салығы туралы" Заңның 4 бабы "а" тармағы" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 496-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-тармақ алынып тасталсын;
7) бүкіл мәтін ішіндегі "жалпы" деген сөз "Жалпы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы, |
жалпы отырыс хатшысы |