Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 28 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылғы егіннің астығын сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 14, 146-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2003 жылғы егіннің астығын сатып алу ережесінде:
      5-тармақ 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "жер пайдалану құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесін" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі