Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2004 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 27 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2004 жылға арналған квота республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,21 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі