Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысы

Қолданыстағы

      "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi бекітілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 8 қаңтардағы
N 15 қаулысымен    
бекiтiлген       

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы денсаулық сақтау саласындағы Аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына  сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеуден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми, бiлiм беру медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға олардың мәртебесi мен құқықтық өкiлеттiлiгін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектiлерi өтедi.
      3. Аккредиттеудi денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      4. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында аккредиттеу комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
      5. Уәкiлеттi орган аккредиттелген субъектiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi.

2. Аккредиттеу жүргiзу тәртiбi

      6. Денсаулық сақтау субъектiлерi аккредиттеуден өту үшін уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;
      2) бiлiм бepу медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясының көшiрмесiн;
      3) құрылтай құжаттары мен заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктерiнiң нотариалдық расталған көшiрмелерiн (жеке тұлғалар үшiн жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн);
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық сараптама қорытындысының көшiрмесiн;
      5) бiлiктi кадрлардың бар-жоғы туралы мәлiметтердi.
      7. Уәкiлетті органдардың құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау мерзімі үш айдан аспауы тиiс.
      8. Денсаулық сақтау субъектiлерi ұсынған құжаттарды қарау оның Ережесiне сәйкес Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.
      9. Комиссияның денсаулық сақтау субъектiсiнiң құжаттарын зерделеу қорытындысы бойынша уәкілеттi орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және аккредиттеу туралы куәлiк беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
      10. Аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектiсiне 3 жыл мерзiмге уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) берiледi.
      11. Мынадай жағдайларда куәлік беруден бас тартылуы мүмкiн:
      1) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмағанда немесе ұсынылған құжаттарда жалған ақпарат болғанда;
      2) денсаулық сақтау субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми, бiлiм беру, медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысу мәртебесi мен құқықтық өкiлеттілігi сәйкес болмағанда.

3. Қорытынды ережелер

      12. Уәкiлетті орган куәліктердiң бланкілері мен қосымшаларды дайындауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
      13. Аккредиттелмеген субъект 12 ай өткеннен кейiн ғана қайтадан аккредиттеуден өтуге өтiнiш бере алады.
      14. Мынадай жағдайларда Куәліктің қолданысын алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұру уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады:
      1) аккредиттеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер табылғанда;
      2) ғылыми, бiлiм беру, медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын уақытша тоқтатқанда.
      15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы Ереженiң талаптарына сәйкес болмаған кезiнде куәлiк қайтарылып алынуы немесе оның қолданысы тоқтатылуы мүмкiн.
      16. Денсаулық сақтау субъектілерi аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмге заңнамада белгіленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.