Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
"Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8 бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 жылдың 1 наурызына дейiн".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi