Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қарашадағы N 150о қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулыға 199-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағанның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Оңалтумен 1984 мүгедек пен ардагердi қамту жоспарланып oтыр";
      көрсетiлген қаулыға 202-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағанның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есту қабiлетi бойынша мүгедектерге есту-протездеу көмегiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 1 анализатор сатып алу. Сурдоқұралдарымен қамтамасыз етiлетiн мүгедектердiң орташа жылдық саны - 5747 адам, оның iшiнде 940 адам - мүгедек балалар";
      көрсетiлген қаулыға 219-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Саны 215 дана компьютер; 100 дана принтер; 16 дана ксерокс; 16 дана факс; 1 дана сервер сатып алу".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі