Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 150и қаулысы

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 22-қосымшада:
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк органдардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету";
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Саны 8 бiрлiк бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығын құру және ұстау. Мыналарды сатып алу: арнайы автокөлiк - 1 бiрлiк, жиhаз (басшының кабинетi) - 1 жиынтық, көшiру аппараты - 1 бiрлiк, дербес компьютер - 8 бiрлiк, ағынды принтер - 1 бiрлiк, лазерлiк принтер - 2 бiрлiк, түрлi-түстi телевизор - 2 бiрлiк, бейне магнитофон - 1 бiрлiк, сейф - 2 бiрлiк, кондиционер - 1 бiрлiк";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру.";
      2) көрсетiлген қаулыға 23-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды сатып алу: дербес компьютер - 20 бiрлiк, лазерлiк принтер - 20 бiрлiк, сканер - 4 бiрлiк, цифрлық диктофон - 10 бiрлiк, түрлi-түстi телевизор - 9 бiрлiк, бейне магнитофон - 4 бiрлiк, факсимильдi аппарат - 3 бiрлiк, көшiру аппараты - 4 бiрлiк, цифрлық магнитофон - 1 бiрлiк, бейнежабдық - 1 жиынтық, фотожабдық - 1 жиынтық, қағаз жоятын машина - 8 бiрлiк".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі