Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 каулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республика Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 150ц қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 220-қосымшада :
      1-тармақта:
      "615640" деген сандар "621931" деген сандармен ауыстырылсын;
      "алты жүз он бес миллион алты жүз қырық мың теңге" деген сөздер "алты жүз жиырма бiр миллион тоғыз жүз отыз бiр мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 256-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "және көпiр мен РФ шекарасынан қашықтығы 5 км "Ақтөбе - Ор" а/ж телімiне жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау" деген сөздер алынып тасталсын;
      "147 км көпiр қалпына келтiру;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "мынадай автожолдардың жекелеген учаскелерiнде су тасқынының зардаптарын жою жөнiндегi авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу:
      "Алматы - Хоргос" 185-189, 191-192, 212-214, 215, 218-220, 222, 227, 236, 243, 244 км;
      "Ақсай - Шонжы - Көлжат - ҚХР шекарасы" 10-12, 56-58 км";
      "телiмдерiне арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау;"
деген сөздерден кейiн мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Бурабай кентiндегi Громотуха өзені арқылы өтетiн көпiрдi күрделi жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі