Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 150ам қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 592-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар" деген бағандағы "көшу жәрдемақысын төлеуді, әкімшілік ғимаратын жөндеуді" деген сөздер "көшу жәрдемақысын төлеуді, әкімшілік ғимаратын жөндеуді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы ғимаратын жылыту үшін жанар-жағармай материалдарын (солярка) сатып алуды". деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі