Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 150ац қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың 2003 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетілген қаулыға 262-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 7711890 мың теңге (жеті миллиард жеті жүз он бiр миллион сегiз жүз тоқсан мың теңге).";
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:
      реттік нөмiрi 1-жолдағы "1094" деген сандар "1050" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 266-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "бұқаралық ақпарат құралдарында", "(қажеттілiгiне қарай)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) көрсетілген қаулыға 278-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іc-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      "1000" және "5000" деген сандар тиісiнше "3000" және "10000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі