Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 150аа қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада :
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзiрлеу, заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, заң шығарушылық қызмет саласында, зерттеулер жүргiзу, халықаралық қатынастар мәселелерi бойынша халықаралық форумдар өткiзу";
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу; заң шығару қызметi практикасы бойынша зерттеу материалдарын дайындау; заң жобаларын әзiрлеу мәселелерi бойынша ғылыми конференциялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер және тұрақты комитеттердiң көшпелi отырыстары мен парламенттiк тыңдаулар өткiзу; заңнамалық ретте проблемалары бойынша әлеуметтiк және сараптамалық сауалнамада жүргiзу; заңдарды үйлестiру бойынша халықаралық форумдар өткiзу";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзiрлеудi қамтамасыз ету, заң шығарушылық қызмет саласында зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету, халықаралық қатынастар мәселелерi бойынша халықаралық форумдар өткiзудi қамтамасыз ету";
      көрсетілген қаулыға 14-1-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "20 тоңазытқыш, 40 кiр жуу машина, 81 шаң сорғыш, 10 электр плитасы, 60 микротолқынды пеш, 25 керует, 100 ас үй үстелi, 150 орындық, 20 телевизор, 20 компьютер қоятын үстел, 80 киiм iлетiн шкаф, 20 кiтап шкафы, 10 жұмсақ жиһаз жиынтығы, 33 диван, 114 телевизор қоятын тумба, 20 жиналмалы үстел, 89 жартылай жұмсақ орындық, 114 комод сатып алу";
      көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      1-тармақта: "100 компьютер, 100 принтер" деген сөздер "150 компьютер, 150 принтер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы