1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "АТП" АЭА) басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның шешiмдерiн iске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге дe күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Мекеменi құру және оның қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне 10 200 000 (он миллион екi жүз мың) теңге бөлiнсiн.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) екi ай мерзiмде мыналарды:
"АТП" АЭА-ны қалыптастыру мен дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын;
Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес "АТП" АЭА құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатурасын;
"АТП" AЭA құру мақсатына сәйкес қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтер көрсету тiзбесiн бекiту туралы шешiмдер жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
5. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
мынадай мазмұндағы 13-бөлiммен толықтырылсын:
"13 Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
"Ақпараттық технологиялар паркi"
арнайы экономикалық аймағының
дирекциясы 10".