1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1)
күші жойылды
2) "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнің Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлік қызметi үшін Қазақстан Республикасы Президентінiң Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға
(келiсiм бойынша)
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы министрi, төрағаның орынбасары
Абдрахманов - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек министрі
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Күзембаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Валерий Әлбекұлы министрлiгі Өнер және халықаралық
байланыстар департаментінің
директоры, хатшы
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрі
Терещенко - Қазақстан халықтары ассамблеясы
Сергей Александрович төрағасының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Әуезов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұрат Мұхтарұлы кiтапханасының бас директоры;
мына:
"Әбдiков Төлен - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң Қоғамдық-саяси
бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
(келiсiм бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдiков Төлен - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгi Iшкi
саясат бөлiмiнiң бас сарапшысы
(келiсiм бойынша)";
көрсетiлген құрамнан: Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Беркiмбаева Шәмша Көпбайқызы, Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Тiлеухан Бекболат Қанайұлы, Асқаров Әлiбек Асылбайұлы, Бердiғалиева Роза Аманғалиқызы, Атрушкевич Павел Александрович шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi ережеде:
6 және 8-тармақтардағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04.
266
(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.