Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаевқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы
өткiзу пункттерi туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,
1997 жылғы 8 сәуiрдегi Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шартты, 1998 жылғы 25 қарашадағы Достастыққа кiрмейтiн мемлекеттермен жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде шекаралық бақылау саласында шекара маңындағы әскерлердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмдi және 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмдi дамыту үшін,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында тату көршiлестiк, достық және ынтымақтастық қатынастарын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
өзара экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн негiзге ала отырып,
тең құқықтық пен өзара тиiмдiлiк қағидаттарының негiзiнде ынтымақтастық пен сауданы барынша дамытуға арналған жағдайлар жасауға ұмтылысты, заңсыз көшi-қонды, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық және улаушы заттар мен прекурсорлардың контрабандасын анықтау және жолын кесу мақсатында қазақстан-қырғыз мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн жетiлдiру қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Қазақстан-қырғыз мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу үшiн Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк шекара арқылы көп жақты және екi жақты өткiзу пункттерiн (бұдан әрi - өткiзу пункттерi) орналастыруды шештi.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары үшiн жеке өткiзу пункттерiн орналастыруы мүмкiн.
Көп жақты өткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң және басқа да мемлекеттердiң адамдарын, тауарлары мен көлiк құралдарын өткiзудi жүзеге асырады.
Екi жақты өткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң адамдарын, тауарлары мен көлiк құралдарын өткiзудi жүзеге асырады.
Өткiзу пункттерiнiң жұмыс тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық, кедендiк және басқа да мүдделi органдарының арасында келiсiм бойынша белгiленедi.
2-бап
Тараптар мемлекеттерi өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi осы Келiсiмге Қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi мен тәртiбiнiң сақталуына бақылау Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына, өздерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.
3-бап
Адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын шекаралық, кедендiк және басқа да бақылау түрлерi (бұдан әрi - бақылау) Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және өздерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда, Тараптар бiрлескен бақылау жүргiзу үшiн жағдайлар жасайды. Бiрлескен бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық, кедендiк және басқа да мүдделi органдарының арасындағы жеке уағдаластықтармен айқындалатын болады.
4-бап
Өткізу пункттерiнде тиiстi қызметiн қамтамасыз ету үшiн Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында қажеттi инфрақұрылым құрады.
Егер өткiзу пунктiнде бiрлескен бақылау жүргiзу мүмкiндiгi көзделген жағдайда, өткiзу пункттерiн жобалау мен құрылысын салу Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
5-бап
Өткiзу пункттерiн ашу және жабу немесе олардың мәртебесiн өзгерту Тараптармен дипломатиялық арналар бойынша келiсiледi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және аталған Келiсiмнiң 10-бабына сәйкес күшiне енедi.
6-бап
Ерекше жағдайларда Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық және кедендiк ведомстволары өзара уағдаластық бойынша белгiленген бақылау тәртiбiн сақтай отырып, мемлекеттiк шекара арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын жұмыс iстеп тұрған өткiзу пункттерiнен тыс өткiзудi жүзеге асыруы не өткiзу пункттерi арқылы қозғалысты тоқтатуы мүмкiн.
Мұндай шектеулердi енгiзетiн не өткiзу пункттерiнен тыс қозғалысты белгiлейтiн Тарап оларды енгiзудiң жоспарланып отырған уақытына дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей себептерi мен оларды қолдану мерзiмдерiн көрсете отырып, екiншi Тарапты дипломатиялық арналар бойынша хабардар етедi.
Тараптар бiрiн-бiрi объектiлердi - өткiзу пункттерiн немесе коммуникациялық құрылыстарды жоспарлы жөндеуге (қайта құруға) байланысты мемлекеттiк шекара арқылы жекелеген өткiзу пункттерiнде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы жұмыстар басталғанға дейiн 30 тәулiктен кешiктiрмей хабардар ететiн болады.
7-бап
Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
8-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және аталған Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану мен түсiндiру жөнiнде даулар және келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешедi.
10-бап
Осы Келiсiм Тараптардың ол күшiне ену үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылады және егер Тараптардың бiрi кезектi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiн 6 айдан кешiктiрмей өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапты хабардар етпесе, кейiнгi бес жылдық мерзiмдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.
Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
2003 жылғы "__" желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндер бiрдей күшке ие.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге қосымша
_________________________________________________________________
N Қырғыз Қырғыз Қазақстан Қазақстан Өткізу Жұмыс
Республи. Республи. Республикасы Республика. пункте. режимі
касы касында өткізу сында рінің
өткізу орналас. пункттерінің орналасқан мәрте.
пунктте. қан атауы жері бесі
рінің жері
атауы
_________________________________________________________________
1 Қарқара - Ыстықкөл Кеген - Алматы облы. көп тәуліктің
автожол. облысы автожол. сы, Райымбек жақты жарық
дық Түп ауда. дық ауданы халықа. уақыты
ны ралық
2 Тоқмақ - Шу облысы,Сарытөбе - Жамбыл облы. екі тәулік
автожол. Шу ауданы автожол. сы, Қордай жақты бойы
дық дық ауданы
3 Кең-Бұлын- Шу облысы, Аухатты Жамбыл екі тәулік
автожол. Ыстық- автожол. облысы, жақты бойы
дық атын дық Қордай
ауданы ауданы
4 Ақтілек - Шу облысы Қордай - Жамбыл көп тәулік
автожол. Ыстық- автожол. облысы, жақты бойы
дық атын дық Қордай халықа.
ауданы ауданы ралық
5 Ақжол - Шу облысы Қордай - Жамбыл көп тәулік
автожол. Аламұдын автожолдық облысы, жақты бойы
дық ауданы Қордай халықа.
ауданы ралық
6 Камашинов. Шу облысы Камашинов. Жамбыл екі тәуліктің
ка - авто. Соқұлық ка - авто. облысы, жақты жарық
жолдық ауданы жолдық Қордай уақыты
ауданы
7 Шалдыбар - Шу облысы Нововоскре. Жамбыл көп тәулік
автожолдық Панфилов сеновка облысы, жақты бойы
ауданы автожолдық Мерке халықара.
ауданы лық
8 Шоң қақпа- Талас Айша бибі - Жамбыл көп тәулік
автожолдық облысы, автожолдық облысы, жақты бойы
Манас Жамбыл халықара.
ауданы ауданы лық
9 Кіші Талас Бесағаш Жамбыл екі тәулік
қақпа- облысы, автожолдық облысы, жақты бойы
автожолдық Манас Жамбыл
ауданы ауданы
10 Қайынды - Шу облысы Мерке - Жамбыл көп тәулік
теміржол. Қайынды теміржолдық облысы, жақты бойы
дық қтк Мерке халықара.
ауданы лық
11 Көпқурай - Талас Алатау - Жамбыл екі тәулік
автожолдық облысы автожолдық облысы, жақты бойы
Қарабура Жамбыл
ауданы ауданы
12 Жайыл - Шу облысы Жайыл - Жамбыл екі тәулік
автожолдық автожолдық облысы жақты бойы
_________________________________________________________________