"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1288 қаулысымен
бекiтiлген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiктер) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аккредиттеудi жүзеге асырады.
4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттелген республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.
5. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
2. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi
6. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) уәкiлеттi орган
бекiткен
нысан бойынша аккредиттеудi өткiзу мен аккредиттеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiштi;
2) заңды тұлға ретiнде бiрлестiктiң құрылтай құжаттары мен мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн;
3) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесiн;
4) спорт түрi бойынша уәкiлеттi орган бекiткен жарыстарды өткiзу ережесiн;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы бағдарламаларды iске асыруға бiрлестiктiң қатысуы туралы ақпаратты;
6) бiлiкті кадрлардың, қажеттi спорттық базаның болуы туралы мәліметтерді ұсынады.
7. Уәкiлеттi органның құжаттарды қарау және шешiмдер қабылдау мерзiмi екi айдан аспауы тиiс.
8. Бiрлестiк ұсынған құжаттарды қарау оның Ережесiне сәйкес Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.
9. Комиссия бiрлестiктiң құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және аккредиттеу туралы куәлiк беру (беруден бac тарту) туралы шешім қабылдайды.
10. Аккредиттеуден өткен бiрлестiкке уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша 4 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.
11. Мынадай жағдайларда:
1) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
2) куәлiк алу үшiн бiрлестік ұсынған құжаттарда күмәндi немесе бұрмаланған ақпарат бар болса, куәлiк беруден бас тартылуы мүмкiн.
3. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
12. Уәкiлеттi орган өзінің бұйрығымен куәлiктiң қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу алу үшiн ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе бұрмаланған деректер анықталғанда;
2) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылғанда тоқтата тұруы мүмкін.
13. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде уәкілетті орган анықтаған бiрлестiктегі бұзушылықтарды жою мерзiмi белгіленедi. Көрсетiлген мерзім алты айдан аспайды.
14. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды уақтылы жойған кезде оның қолданылуы Аккредиттеу жөнiндегi комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті органның бұйрығымен қайтадан жаңалануы мүмкiн.
15. Аккредиттеу туралы куәлiк өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
2) куәлiктiң қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмағанда;
3) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қайтарып алынғанда;
4) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш бергенде;
5) оның қолданылу мерзiмi аяқталғанда тоқтатады.
16. Бiрлестiк куәлiктiң қолданылуы кезеңiнде қайта ұйымдастырылу немесе таратылу жүргiзiлген кезде бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға тиiстi ақпарат ұсынады.
17. Бiрлестiк өзiнiң атауы немесе заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда, 15 күн мерзiмде уәкiлеттi органға ол туралы хабарлайды және оған тиiстi мәлiметтердi растайтын құжаттарды қоса берiп отырып, куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
18. Куәлiк жоғалған кезде уәкiлеттi орган өтiнiштiң негiзiнде бiрлестiкке аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.
19. Уәкiлеттi орган куәлiктердiң бланкiлерiн жасауды, оларды қатаң есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
20. Бiрлестiк аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдана алады.