Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бөлiмшесi мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкiлi резиденциясының ғимаратын жобалау және салу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 1282 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бөлiмшесi мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкiлi резиденциясының ғимаратын (бұдан әрi - Ғимарат) Женева қаласы, (12) Chemin du Prunier 1218 GRAND-SACONNEX мекен-жайы бойынша жобалау және салу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң ұсынысы қабылдансын.

      2. "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңы 24-1-бабының  6-тармағына сәйкес Ғимаратты жобалау мен салуды қаржыландыру:
      1) 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлік сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төленетін күнге белгіленген бағам бойынша 2150399 (eкi миллион бiр жүз елу мың үш жүз тоқсан тоғыз) АҚШ долларына баламалы;
      2) 2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектілерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлейтiн күнге белгілеген бағам бойынша 549601 (бeс жүз қырық тоғыз мың алты жүз бip) АҚШ долларына баламалы сомада кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады деп белгiленсiн.

      3. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ғимаратты жобалау және салу бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтердi берушi болып "Mabco Constructions s.a" компаниясы (Швейцария Конфедерациясы) белгіленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі:
      Ғимаратты жобалау мен сатуды қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражатты оңтайлы әрi тиiмді жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 3 және 4-тармақтарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі