Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 1262 қаулысы

Жаңартылған

      Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429  қаулысына :
      көрсетілген қаулыға  642-қосымшада :
      6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) "басылымы" деген сөзден кейін "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын, "10 000 экземпляр" деген сөздерден кейін "2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға 645-қосымшада:
      4-тармақтағы "енгізу" деген сөзден кейін "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын;
      "4." Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету";
      2) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік 531-нөмірі жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
      сатып алу жөніндегі агенттігі
      531 "Электрондық коммерция орталығы"
      республикалық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорны                    Астана қаласы";
      3) <*>
       Ескерту: 3)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134   қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі