Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Нұра өзенiн тазарту" жобасын қаржыландыру үшiн 40 390 000 (қырық миллион үш жүз тоқсан мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға Қарыз туралы келiсiм жасасу нысанында Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң қарызын тарту жолымен заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қарыз алу жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілеттi Елшiсi Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Нұра өзенiн тазарту" жобасы бойынша қарыз туралы келiсiмдi жасасуға өкілеттік берілсiн.
3. Республикалық бюджеттен жобаны бiрлесiп қаржыландыру қосылған құн салығын төлеудi қоса алғанда, 22 850 000 (жиырма екi миллион сегiз жүз елу мың) АҚШ долларынан аспайды деп белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен тартылатын қарызға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi тартылатын қарыз қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
Қарыз туралы келiсiм
(Нұра өзенiн тазарту жобасы)
2003 ж._____
Қарыз нөмірі_____KZ
Қарыз туралы келісім
Қазақстан Республикасы (Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Банк) арасындағы 2003 ж. ________ Келісім.
Қарыз алушы осы Келiсiмге 2-Қосымшада айтылған Жобаның орындалуы мен басымдығына көзiн жеткiзiп, Банктен осы Жобаны қаржыландыруға жәрдемдесудi сұрады;
Банк, атап айтқанда, жоғарыда айтылғандардың негiзiнде осы Келiсiмде көзделген шарттар мен мерзiмнiң негiзiнде Қарыз алушы қарыз беруге келiсiм бергендiгiн Назарға ала отырып;
Жоғарыда айтылғандарға негіздей отырып, тараптар осы Келiсiмде мыналар туралы уағдаласты:
І бап
Жалпы ережелер
Анықтамалар
1.01-бөлiм. Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы "Бір валюталы қарыздар мен кепілдiктер туралы келiсімдерге қолданылатын жалпы ережелер" (1999 жылғы 6 қазанды қоса алғандағы түзетулермен) (Жалпы epежелер) осы Келiсімнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылады.
1.02-бөлім. Түпнұсқадан өзгелей туындамаса, осы Келiсімге Жалпы ережелерде және Кiрiспеде анықталатын терминдеp осы анықтауларда бекітілгендерге сәйкес келетін мағыналарға ие, ал келесі қосымша терминдер мынадай мағыналарға ие.
(a) "CPK" - Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөнiндегі комитеті.
(b) "ҚОҚЖ" - Қарыз алушы 2002 жылғы 22 ақпанда дайындаған және қабылдаған Банкті қанағаттандыратын Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспар, онда Жобаның шеңберiнде қоршаған ортаға, мониторингке әсер етуді жеңiлдету жөніндегi шаралар және институционалдық іс-шаралар сипатталды.
(c) "Қаржы мониторингі туралы есеп" - осы Келiсімнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес дайындалған әрбір есеп.
(d) "ХСК" - Осы Келiсімге 1-қосымшаның 3(c) тармағына сәйкес Қарыз алушы құратын және ұстайтын сынап токсикологиясы мен тазартуының тиістi салаларындағы кем дегенде үш халықаралық мамандарынан тұратын Халықарлық сарапшылар комиссиясы.
(e) "Iске асыру жөнiндегі нұсқаулық" - ЖБТ дайындаған және 2003 жылғы 13 қаңтарға дейiн Банккe берiлген нұсқаулық, онда Жобаның шеңберiнде әкімшілік жүргізу, ақы төлеу, сатып алу, есептiлік пен мониторинг рәсімдері көрсетіледі.
(f) "ЖIЖ" - Жобаны іске асыру жобасы.
(g) "ЖБT" - Жобаның шеңберiндегі іc-шараларды дайындауға, іске асыру мен үйлестіруге толығымен жауапты Су pесурстары жөніндегі комитетінің Жобаны басқару жөнiндегi тобы.
(h) "Арнайы шот" - осы Келісімнiң 2.02.(a) бөлімiне сәйкес ашылған шот.
1.03-бөлiм. Жалпы ережелердегі жобаны іске асыру органына сiлтемелер Су pecурстары жөніндегі комитетке сілтемелер ретінде қарастырылады.
ІІ бап
Қарыз
2.01-бөлiм. Банк Қарыз алушыға Қарыз туралы келiсiмде айтылған немесе көрсетiлген мерзiмде немесе ережелерде қырық миллион үш жүз тоқсан мың АҚШ долларына (40 390 000 АҚШ доллары) тең соманы беруге келiстi.
2.02-бөлiм. (а) Осы Келiсiмге 1-қосымшаға сәйкес Қарыз сомасы Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландыруға және осы Келiсiмнiң 2.04-бөлiмiнде көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеуге қатысты көзделген тауарлар мен қызметтердi бастапқы бағамен сатып алу үшiн Қарыз алушы төлеген (немесе, егер Банк төлеуге жататынмен келiссе) сомаға Қарыз шотынан алынуы мүмкiн.
(b) Жобаның мақсаты үшiн Қарыз алушы қаражатты қарсы талаптардан, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиiстi қорғауды қоса алғанда, Банк үшiн қолайлы жағдайларда арнайы долларлық депозиттiк шот ашады және жүргiзе алады. Арнайы шотқа салымдар және осы шоттан төлемдер осы Келiсiмге 6-қосымшаның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2.03-бөлiм. Жабылу күнi 2009 жылғы 30 қыркүйек немесе Банк белгiлейтiн неғұрлым кейiнiрек күн болып табылады. Банк мұндай неғұрлым кеш күн туралы Қарыз алушыны кешiктiрмей хабардар етедi.
2.04-бөлiм. Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының бiр процентi (1%) сомасында қарызды ұйымдастырғаны үшiн бip жолғы комиссиялық сыйақы төлейдi. Күшiне енген күнге немесе одан кейiн бiрден Банк Қарыз алушының атынан мұндай комиссияны Қарыз шотынан алады және өз пайдасына төлейдi.
2.05-бөлiм. Қарыз алушы Банкке жылдық бiр проценттiң төрттен үшi (1%-тiң 3/4) ставкасы бойынша кезiнде Шоттан алынбаған Қарыздың негiзгi сомасы бойынша кредит мiндеттемесi үшiн комиссия төлейдi.
2.06-бөлiм. (а) Қарыз алушы әрбiр проценттi есептеу кезеңiне Либор жиынтық спрэдiн қосқанда Либор базалық ставкасына тең алынған және кезiнде өтелмеген Қарыздың негiзгi сомасы бойынша процент төлейдi.
(b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
(i) "Процент есептеу кезеңi" - осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап, осы күндi қоса алғанда, бiрақ одан кейiнгi келетiн бiрiншi проценттiк төлемнiң күнiн қоспағанда, және бастапқы кезеңнен кейiнгi проценттiк төлемнiң күнiнен бастап, және қоса алғандағы әрбiр кезеңнiң, бiрақ одан кейiнгi келетiн проценттiк төлемнiң күнiн қоспағанда, проценттер есептелу кезеңiнiң басталуы.
(іі) "Проценттi төлеу күнi" - осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген күн.
(ііі) "Либор базалық ставкасы" - Лондон банкаралық рыногында доллармен алты айлық депозиттер бойынша ұсынылған, Банк негіздi түрде анықтайтын және жылдық процент ретiнде көрсетiлетiн проценттердi есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн Проценттердi есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнiне бағаланатын (немесе бастапқы Есептеу кезеңi жағдайында - Процентті төлеу күнiне немесе мұндай Проценттерді есептеудiң бағаланатын күнi немесе проценттік есептеулердің біpiншi күнінен кейiнгі келесі күнi) ставка.
(iv) "Либор жиынтық спрэді" - әрбiр Проценттердi ecептеу кезеңiне: (A) бiр проценттiң төрттен үші (1%-тің 3/4); (В) Банктің өтелмеген қарыз қаражатын және Банк нeгіздi анықтайтын және жылдық процент ретiнде көрсетілетін бiр валюталы қарыздар мен қарыздардың бөлiктерiн қаржыландыру үшiн Банк бөлген қарыз қаражатының бөліктерінe қатысты алты айлық депозиттер бойынша ұсыныстардың Лондондық банкаралық ставкасы мен өзге бағдарлы ставкалардан төмен (немесе жоғары) әрбiр Процентті есептеу кезеңі үшiн орта өлшемді маржа.
(с) Банк проценттердi есептеудің әрбiр кезеңіне анықталатын Либор-дың базалық ставкасы мен Либор-дың жиынтық спрэдi туралы Қарыз алушыны дереу хабардар етедi.
(d) Егер 2.06-бөлiмде көрсетілген проценттік ставкалардың анықтауына ecep ететiн рыноктік конъюнктураның өзгеруіне байланысты Банк оның қарыз алушыларының, тұтастай алғанда Банктің де мүддесінде, атап айтқанда жоғарыда ескерілген бөлімде көрсетілгеннен ерекшеленетін Қарыз бойынша проценттік ставкаларды анықтау үшін өзге базаны қолдану қажет деп белгілесе, онда Банк Қарыз алушыны мұндай жаңа база туралы кемінде 6 (алты) айдан кешіктірмей хабардар ете отырып, Қарыз бойынша проценттік ставкаларды анықтау үшін базаны өзгерте алады. Базалық ставка Қарыз алушы көрсетілген кезең iшінде мұндай базаға қарсылығы туралы Банкті хабардар ететін жағдайды қоспағанда, хабардаp ету үшiн көзделген уақыт кезеңі өткеннен кейін әрекет ететін болады және бұл жағдайда көрсетілген өзгерістер Қарызға қолданылмайды.
2.07-бөлiм. Процент пен өзге де алымдар әрбiр жapты жыл сайын әрбір жылдың 15 сәуiрімен 15 қазанына кешіктіріліп төлеуге жатады.
2.08-бөлiм. Қарыз алушы осы Келісімге 3-қосымшадағы өтeу кестесіне сәйкес Қарыздың негiзгі сомасын өтейдi.
2.09-бөлiм. CPK осы Келісiмнiң 2.02-бөлiмі мен Жалпы ережелердің V бабымен талап етілетін және шешiлген кез келген қажетті шараларды қабылдау мақсатында Қарыз алушы тағайындайды.
ІІІ БАП
Жобаны орындау
3.01-бөлiм.(а) Қарыз алушы Жобаның мақсаттарына өзiнiң қуаттайтыны туралы мәлiмдейдi және осы мақсатта Жобаны CPK арқылы тиiсiнше адал және тиiмдiлiкпен және тиiсiнше әкiмшiлiк, қаржылық, инженерлiк, экологиялық және техникалық практикаға сәйкес жүзеге асырады және қажет болған кезде Жоба үшiн талап етiлетiн қаражатты, үй-жайларды, қызметтер мен басқа да ресурстарды кешiктiрмей бередi.
(b) Осы бөлiмнiң (а) тармағының ережелерiне қатысты шектеулерсiз және Банк пен Қарыз алушы өзге туралы уағдаласқан жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы осы Келiсiмге 5-қосымшада көрсетiлген Iске асыру жөнiндегi нұсқаулыққа, iске асыру бағдарламасы мен жоспарына сәйкес Жобаны CPK арқылы орындайды;
3.02-бөлiм. Банкпен өзгелей келiсiлмесе: (а) Жоба үшiн қажет және Қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыруға көзделген тауарлар мен жұмыстарды сатып алу; (b) Жоба үшiн консультанттардың қызметтерiн сатып алу осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiмен реттеледi.
3.03-бөлiм. Жалпы ережелердiң, 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның ережелерiн шектеусiз Қарыз алушы:
(а) Банк үшiн қолайлы нұсқаулықтың негiзiнде Жоба мақсаттарының орындалу үздiксiздiгiн қамтамасыз етудi көздейтiн жоспарды дайындайды және ол Қорытынды күннен кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей немесе Банк пен Қарыз алушы арасында келiсiлуi мүмкiн неғұрлым кештеу күнi Банкке ұсынады; және
(b) Қарыз алушымен жоғарыда көрсетiлген жоспар бойынша пiкiр алмасудың негізгі мүмкiндiгiн бередi.
IV-бап
Қаржы ережелерi
4.01-бөлiм. (а) Қарыз алушы қаржы қызметiн басқару жүйесiн, соның iшiнде есеп құжаттарын және есептердi КВР арқылы жүргiзедi немесе қамтамасыз етедi, сондай-ақ Банкке қолайлы бухгалтерлiк есептi жүргiзу стандарттарына сәйкес қаржы есептерiн, дәйектi түрде қолданылатын және балама көрсетiлетiн оның операцияларын және қаржы шарттарын, сондай-ақ Жобаны iске асыруға байланысты бөлек ескерiлетiн операцияларды, ресурстар мен шығыстарды даярлайды.
(б) Қарыз алушы КВР арқылы:
(i) есеп құжаттарына, шоттарды және тәуелсiз аудиторлар дәйектi түрде қолданатын, Банкке қолайлы аудиттiң тиiстi принциптерiне сәйкес әрбiр қаржы жылы үшiн қаржы есептерiне (теңгерме есеп, пайда мен зияндардың есебi және оларға байланысты есептер) аудиторлық тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;
(іі) Банкке дайындық жағдайына қарай, бiрақ кез-келген жағдайда өткен аудиторлық тексеру жылына осы Бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлген қаржы есептерiнiң расталған көшiрмелерiн (A) әрбiр осындай жыл аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірмей осы есептep бойынша (B) қорытындыны және аталған аудиторлар жүргізген сондай көлемде және Банк негіздемелi түрде сұрата алатын осындай егжей-тегжейлi тәптіштеулермен осындай аудиторлық тексеру туралы есепті бередi; және
(iii) Банкке көрсетілген еceп құжаттарына, шоттарға және қажры есептеріне қатысты басқа ақпаратты, сондай-ақ оларға аудиторлық тексеруді, сондай-ақ Банк мерзiмді сұрауға негiзделуі мүмкiн аталған аудиторларға қатысты ақпаратты бередi
(c) Қарыз шотынан шығыстар туралы eceптep негізінде қаражат алынуына қатысты барлық шығыстар бойынша, Қарыз алушы:
(i) осындай шығыстарды көрсететін бухгалтерлiк есепті, eceп құжаттарын және жеке шоттарды жүргізудiң жалпы қабылданған практикасына сәйкес жүргізеді немесе қамтамасыз етеді;
(ii) Банк Қарыз шотынан қаражат алғандағы соңғы қаржы жылына аудиторлық есепті алғаннан кейiн кeм дегенде бip жыл ішінде осындай құжаттарды растайтын барлық есеп құжаттамасын (келісім-шарттаp, төлем тапсырмалары, шот-фактуралар, шоттар, түбiртектер және басқа да құжаттар) сақтайды;
(ііі) Банктің өкілдерiне ocындай құжаттамаларды тексеруге мүмкiндiк бередi;
(d) Қарыз беруші:
(iv) осы Бөлiмнің (с)(і) тармағында көрсетілген есеп құжаттарын және есептерді және тәуелсiз аудиторлар дәйекті түрде қолданатын, Банкке қолайлы аудиттің тиісті принциптеріне сәйкес аудиторлық тексеру жүргізiлген әрбiр қаржы жылына Арнайы шоттың құжаттарын жүргізедi;
(v) Банк дайындық жағдайына қарай, бiрақ әрбiр жыл aяқталғаннан кейiн алты айдан кешіктірмей оларды дайындау кезiнде қолданылатын iшкi бақылау рәсімдерi мен әдістерін есепке ала отырып көрсетілген қаражаттарды есептен алу үшін негіз бола алатын туралы аталған аудиторлардың жеке қорытындысын қоса алғанда, аталған аудиторлар жүргізген coндай көлемде және Банк негіздемелі түрде сұрата алатын осындай егжей-тегжейлi тәптіштеулермен аудиторлық тексеру туралы есепті береді;
(vi) көрсетілген құжаттаpға және шоттарға, сондай-ақ әлсін-әлсін Банк негіздемелi түрде сұрататын оларға аудиторлық тексеруге қатысты өзгедей ақпаратты Банкке бередi.
4.02-бөлім. (a) Осы Келісімнiң 5-қосымшасының 1-тармағында көрсетiлген орындалған жұмыс туралы есептердi беру туралы Қарыз берушiнiң мiндеттемелерiне сәйкес ешбiр шектеусіз Қарыз алушы KBP арқылы Банктің:
(i) Қарыз сомасынан алынған қаражаттар көрсетiлген және осындай қаражаттарды нақты және жоспарлаған пайдалану арасындағы айырмашылықтар түсiндірiле отырып, жиынтықта болсын және де ecепте көрсетілген кезеңде болсын Жоба бойынша қаражаттарды пайдаланудың көздері мен мақсаттары көрсетілетін;
(ii) Жобаны іске асыру барысы, жиынтықта болсын және де есепте көрсетілген кезеңде болсын сипатталатын, сондай-ақ нақты және жоспарлаған іске асыру кестесі арасындағы айырмашылықтар түсіндірілетін;
(iii) есепте көрсетілген кезең соңына Жоба бойынша сатып алуды жүзеге асыру epeжесі көрсетілетін талаптарын қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша қаржы мониторингi жөніндегі есептi жасайды және Банкке ұсынады.
(b) Қаржы мониторингi туралы бiрiншi есеп күшiне енген Күннен кейiнгi бiрiншi күнтiзбелiк тоқсанның аяқталуы бойынша 45 күннен кешiктiрмей Банкке берiледi, есеп Жоба бойынша бiрiншi шығыстар күнiнен бастап осындай бiрiншi күнтiзбелiк тоқсанның соңына дейiнгі кезеңдi қамтиды; бұдан әрi әрбiр Қаржы мониторингi туралы есеп әрбiр өткен күнтiзбелiк тоқсан iшiнде 45 күннен кешiктiрмей Банкке берiледi және осындай күнтiзбелiк тоқсанның кезеңiн қамтуы қажет.
V бап
Банктiң санкциялары
5.01-бөлiм. Жалпы ережелердiң 6.02-бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша жағдайлар айтылады:
(a) Жобаны іске асыру жоспарына өзгерiстер енгізілді немесе оның қолданылуы тоқтатылады, күші жойылды немесе одан Банктің алдына ала келісімінсіз-ақ бас тартылды.
(b) Іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерiстер енгізілдi немесе оның қолданылуы тоқтатылды, күші жойылды немесе одан Банктің алдына ала келісiмiнсiз-ақ бас тартылды.
(c) Заңдарғa қаулыларға, CPK жарғысына нeмесе өзге де құрылтай құжаттарына, оның iшiнде мұндай құралдардың негізiнде жатқан кез келген заң актілерiне өзгерістер енгізілді немесе олардың қолданылуы тоқтатылды, күші жойылды немесе олардан бас тартылды, бұл CPK осы Келісімнiң шеңберiнде өз мiндеттемелерiн орындау қабілеттілігіне елеулi және теріс әсер етедi.
5.02-бөлім. Жалпы epeжелердің 7.01 (k) бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша оқиға келісіледі, атап айтқанда, осы Келiсімнiң 5-бөлімнің (а)(b) және (c) тармағында көрсетілген оқиға орын алады.
VI бап
Қолданылуын тоқтату
6.01-бөлiм. Осымен Жалпы ережелердiң 12.04-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн осы келісімге қол қойылған күннен бастап тоқсан (90) күн мерзiм белгiленедi.
VII бап
Қарыз алушының өкiлдерi; мекен-жайлар
7.01-бөлiм. Қарыз алушының Қаржы министрi Жалпы ережелердiң 11.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушының өкiлi ретiнде анықталады.
7.02-бөлiм. Жалпы ережелердiң 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар анықталады:
Қарыз алушы үшiн: Қаржы министрлiгi 473000 Қазақстан Республикасы, Астана, Жеңiс даңғылы, 33, Телекс: 264126 (FILIN), факс: (3172) 71 71 66
Банк үшiн: International Ваnk fог Reconstruction and Development 1818 Н street, NW. Washington, D.С. 20433 United States of America
Телеграф: Телекс: факс
INВАҒRАD 248423 (МСI) (202) 477-6391
Washington.D.C 64145 (МСI)
Осыны куәландыра отырып, Тараптар өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi тиiстi түрде әрекет етiп, жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы Америка Құрама Штаттарының Колумбия округiнде осы Келiсiмге қол қойды.
Қазақстан Республикасы үшін
Уәкiлеттi орган
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі үшін
Уәкiлеттi өкiл
1-Қосымша
Қарыз қаражатын шоттан алу
1. Төмендегi кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын шығыстардың санаты, әрбiр Санат бойынша Қарыздың бөлiнген сомасы және әрбiр Санат бойынша Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын шығыстардың процентi үлесi анықталады:
Санаты Қарыздың бөлiнген Қаржыландыруға жататын
сомасы (долларлық шығыстардың үлесi (%-
баламада) пен)
(1) Жұмыстар 70%
(а) Жобаның В 10 420 000
бөлiмi үшiн
(b) басқалар 25634 000
үшiн
(2) Тауарлар 794 000 Шығыстардың 100%-i
шетел валютасымен, 100%-
i жергiлiктi валютамен
(экс-үстеме шығыстар)
және жергiлiктi жерде
сатып алынған басқа
тауарларға шығыстардың
84%-i жергiлiктi
валютамен.
(3) бiр жолғы 403 900 Сомасы осы Келiсiмнiң
комиссиялық 2.04-бөлiмiне сәйкес
сыйақы анықталады
(4) Бөлiнбеген 3 138 100
сома Жиыны 40 390 000
2. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн:
(а) "шетел валютасындағы шығыстар" терминi Қарыз алушының елiнен басқа кез келген елдiң аумағынан әкелiнетiн тауарларға немесе қызметтерге Қарыз алушының елiн қоспағанда, кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi;
(b) "жергiлiктi валютадағы шығыстар" терминi Қарыз алушының валютасындағы немесе Қарыз алушының аумағынан әкелiнетiн тауарларға немесе қызметтерге жұмсалатын шығыстарды бiлдiредi;
3. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, қаражат:
(а) осы Келiсiмге қол қою күнiне дейiн жасалған шығыстар бойынша төлемдер есебiнен;
(b) ХСК құрылғанға және олар ұсынып отырған Ынтымақ су қоймасындағы шөгiндiлердi тазалау және зиянсыздандыру жөнiндегi бағдарлама бекiтiлгенге дейiн Жобаның В бөлiгi бойынша (1)(а) Санатына сәйкес төлемдер есебiнен алынбайды.
4. Банк Қарыз шотынан қаражат әрбiр келiсiм-шарт үшiн (а) долларлық баламасы 250 000 сомасына дейiн келiсiм-шарт бойынша тауарларға, (b) әрбiр келiсiм-шарт үшiн долларлық баламасы 500 000 сомасына дейiн келiсiм-шарттар бойынша жұмыстарға шығыстарды төлеуге арналған шығыстар туралы есептердiң негiзiнде, осындай жағдайларға сәйкес Банк олар туралы Қарыз алушыға нақты хабарлай отырып алынуын сұрата алады.
2-Қосымша
Жобаны сипаттау
Жобаның мақсаты: (а) Нұраға жапсарлас жатқан аумақты сынаптан ластануды тазалай отырып, Нұра өзенiнiң алабында тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту; (b) жергілікті су пайдаланушыларының өскелең мұқтажын қанағаттандыру үшiн сумен жабдықтаудың сенiмдi, қауiпсiз және тиiмдi баламалы көзiн қамтамасыз ету; (с) экологияны оңалту және су тасуларын реттеу мақсатында өзендегi су ағынын реттеудi қалпына келтiру болып табылады.
Мына мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қарыз алушы мен Банк олар туралы мезгiл-мезгiл уағдаласу арқылы мүмкiн болатын оған енгiзiлетiн өзгерiстер ескере отырып мынадай бөлiктерден тұратын Жоба:
А Бөлігі: Нұра өзенiнiң алабын сынаптан тазарту
Темiртаудағы бұрынғы Карбид АҚ зауытының аумағында және айналасында, сондай-ақ Нұра өзенi жағалауының бойына және жайылысына сынап жиналатын қатерлi аудандарындағы уланған участкелердi ойып алу.
(а) Қауiпсiз, модульдық көму орнын салу және оны пайдалану, ол үшін ұзақ мерзiмдi мониторинг және ұстау бағдарламасын ұйымдастыру.
(b) Темiртаудағы уланған топырақты ойып алу және құрылыс қоқыстарынан арылу және оларды көму орнына апарып тастау.
(с) Жауыр батпағынан уланған материалдарды көму орнына апарып тастау.
(d) Нұра өзенiнiң түбiнен, жағалауынан және су тасқыны болған участкелерiнен уланған топырақты бөлiп алу және арылту.
(е) ҚарГРЭС тұндырғышынан уланған материалдарды көму орнына алып кету.
В Бөлігі: Ынтымақ су қоймасын қалпына келтiру
Ынтымақ су қоймасындағы дамбаны қалпына келтiру, реттелетiн қақпалар мен суағарды орнатуды аяқтау.
С Бөлігі: Нұра - Сарысу өзендерi алыбы әкiмшiлiгi үшiн мүмкiндiк жасау
Мониторинг шеңберiнде судың ластануын бақылау жүйесiн және реттеу негiздерiн СРК жанындағы Нұра-Сарысу өзендерi алабы әкiмшiлiгiнiң институционалдық мүмкiндiктерiн жасау.
D Бөлігі: Жобаны басқару
Техникалық көмектi, оның iшiнде аудиторлық қызметтердi, жобаны басқару үшiн ЖБТ-ны қамтамасыз ету.
Жоба 2009 жылғы 31 наурызда аяқталады деп ұйғарылып отыр.
3-қосымша
Қарызды өтеу кестесi
Өтеу күні Негізгі борышты төлеу (доллармен)*
2008 жылғы 15 қазан 1 835 000
2009 жылғы 15 сәуiр 1 855 000
2009 жылғы 15 қазан 1 875 000
2010 жылғы 15 сәуір 1 890 000
2010 жылғы 15 қазан 1 910 000
2011 жылғы 15 сәуір 1 930 000
2011 жылғы 15 қазан 1 950 000
2012 жылғы 15 сәуір 1 965 000
2012 жылғы 15 қазан 1 985 000
2013 жылғы 15 сәуір 2 005 000
2013 жылғы 15 қазан 2 025 000
2014 жылғы 15 сәуір 2 045 000
2014 жылғы 15 қазан 2 065 000
2015 жылғы 15 сәуір 2 085 000
2015 жылғы 15 қазан 2 105 000
2016 жылғы 15 сәуір 2 130 000
2016 жылғы 15 қазан 2 150 000
2017 жылғы 15 сәуiр 2 170 000
2017 жылғы 15 қазан 2 190 000
2018 жылғы 15 сәуір 2 225 000
___________________
* Осы бағандағы мағыналар {валютада енгізуге} көрсетілген және Жалпы шарттардың 4.04 (d) бөлімінде айтылған жағдайларды қоспағанда төленуге жатады
4-Қосымша
Сатып алулар
І Бөлiм. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу
А Бөлiгi: Жалпы ереже
Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Банк 1995 жылғы қаңтарда жарияланған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қаралған "ҚҚДБ қарыздары және ХДА кредиттерi бойынша сатып алулар. Нұсқауының" (Нұсқау) 1-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес, сондай-ақ осы Қосымшаның 1-бөлiмiнiң мына ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
В Бөлiгi: Халықаралық конкурстық caудаластықтар
1. Егер осы Қосымшаның С Бөлiгiнде өзгеше көзделмесе тауарлар мен жұмыстарды сатып алу "Нұсқаудың" II Бөлiмiнiң ережелерiне және осы Келiсiмге 1-қосымшаның 5-тармағының ережелерiне сәйкес жасалған келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Мына ережелер осы В бөлiгiнiң 1-тармағының ережелерiне сәйкес берiлетiн келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшiн қолданылады.
(а) Алдын ала іріктеу
Саудаластықтың қатысушылары әрбiр келiсiм-шарт бойынша 10 000 000 долларға бара-бар және одан жоғары сомаға "Нұсқаудың" 2.9 және 2.10-тармақтарының ережелерiне сәйкес алдын ала iрiктеу жүргiзуi қажет.
(b) Отандық өндiрiстiң тауарларына арналған жеңiлдіктер
Қарыз алушының аумағында дайындалған тауарларға Нұсқаудың 2.54 және 2.55-тармақтарының ережелерi және оған 2-қосымша қолданылады.
(с) Хабарлама және жарнама
Алдын ала iрiктеуге немесе әрбiр келiсiм-шарт бойынша 10 000 000 доллар бара бар сомаға саудаластыққа шақыру туралы "Нұсқаудың" 2.8-тармағына сәйкес iрi келiсiм-шарттарға қолданылатын рәсiмдерге сәйкес жарияланатын болады.
С Бөлiгi: Басқа да сатып алу рәсімдері
Халықаралық caудаластықтар
Әрбiр келiсiм-шарт бойынша 100 000 долларға кем сомаға тауарлар "Нұсқаудың" 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес халықаралық саудаластықтар рәсiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн келiсiм-шарттар бойынша сатып алынуы мүмкiн.
D Бөлiгi: Банктің сатып алулар бойынша шешімдерді қарауы
1. Сатып алуларды жоспарлау
Жоба бойынша ұсынылып отырған сатып алу жоспары саудаластықтарға қатысу үшін алдын ала iрiктеуге шақырулар жiбергенге дейiн немесе Нұсқауға Қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес конкурстық ұсыныстар берiлуiне қарай Банктiң қарауына және мақұлдауына ұсынылады. Барлық тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Банк мақұлдаған сатып алу жоспарына сай және көрсетiлген 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жүргізіледі.
2. Алдын ала қарау
(а) Әрбiр келiсiм-шартқа қатысты: (i) 500 000 AҚШ доллары сомасына және жоғары құрылыс жұмыстарына және бiрiншi келiсiм-шартқа; (іі) ол бойынша осы Қосымшаның В Бөлiгi шеңберінде сатып алулар жүргiзiлген 250 000 АҚШ доллары сомасына және жоғары тауарларға және бiрiншi келiсiм-шартқа Нұсқауға 1-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген рәсiмдер қолданылады.
(b) Осы Қосымшаның С Бөлiгi шеңберiнде алғашқы екi келiсiм-шартқа қатысты мынадай рәсiмдер қолданылады:
(i) сатып алу рәсiмдерiне сәйкес берушiнi iрiктегенге дейiн Қарыз алушы Банкке алынған ұсыныстарды салыстыру және бағалы есебiн ұсынады;
(іі) сатып алу рәсiмдерiне сәйкес жасалған кез келген келiсiм-шартты атқарғанға дейiн Қарыз алушы Банкке техникалық сипаттамалар мен келiсiм-шарт жобасының көшiрмесiн ұсынады; және
(іii) "Нұсқауға" 1-қосымшаның 2 (f), 2 (g) тармақтарында көрсетiлген рәсiмдер қолданылады.
3. Кейіннен қарау
Жасасу осы Бөлiктiң 2-тармағына сәйкес жүргiзiлмеген әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Нұсқауға 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған рәсiмдер қолданылады.
ІІ Бөлім. Консультанттарды жалдау
А Бөлігі: Жалпы ереже
Консультациялық қызметтердi сатып алу "Дүниежүзiлiк банк Қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалға алуы" Нұсқауының I және IY Бөлiмдерiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады, оны Банк 1997 жылы қаңтарда жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда, оған 1-қосымшаның, оған 2-қосымшаның 1-тармағымен және осы Қосымшаның ІІ Бөлімнің мына ережелерімен қайта қаралған.
В бөлігі. Сапасы және құны негізінде іріктеу
1. Eгер оcы Бөлімнің С бөлігінде өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу Консультанттар туралы Нұсқаудың ІІ Бөлімнің ережелеріне және сапасы мен құны ескеріле отырып, бағалау негізінде консультанттарды іріктеуді қоса алғанда қолданылатын 3.13-тен 3.18-тармақтардың ережелеріне сәйкес берілген келісім-шарттардың шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Алдағы тармақтың ережелеріне сәйкес берілген келісім-шарттар бойынша консультациялық қызметтерді сатып алуға келесі ережелері қолданылады. Бір келісім-шарт үшін сметалық құны 100 000 долларына (АҚШ) баламалы консультациялық қызметтерді қамтамасыз ету үшін консультанттардың қысқаша тізбесі Консультанттар туралы нұсқаудың 2.7-тармағына және 8-сілтемесіне сәйкес толығымен ұлттық консультанттардан тұруы мүмкін.
С бөлігі. Консультанттарды іріктеудің басқа тәртібі
1. Ең аз құны негізінде іріктеу
Бір келісім-шарт үшін сметалық құны 200 000 долларына (АҚШ) бара бар техникалық және қаржы аудитін жүргізуге арналған қызметтерді сатып алу Консультанттар туралы нұсқаудың 3.1 және 3.6-тармағының ережелеріне сәйкес берілген келісім-шарттар бойынша жүзеге асырыла алады.
2. Жеке консультанттар
Консультанттар туралы нұсқаудың 5.1-тармағында санамаланған талаптарға жауап беретін консультанттардың қызметтері Консультанттар туралы нұсқауға қосымша 5.1-ден бастап 5.3-ке дейінгі тармақтардың ережелеріне сәйкес және консультанттарға берілген келісім-шарттар бойынша беріледі.
D бөлігі: Банктің консультанттарды іріктеуді қарауы
1. Іріктеуді жоспарлау
Консультанттарға ұсыныстар дайындауға сұратулар жібергенге дейін Банктің қарауына және мақұлдауына жобаның шығынын бағалауды, келісім-шарт бойынша пакетті, қолданылатын өлшемдерді және іріктеу рәсімдерін қамтитын Жоба үшін консультанттарды іріктеу жоспары беріледі. Консультанттардың барлық қызметтерін іріктеу Банк мақұлдаған іріктеу жоспарына сәйкес (әлсін-әлсін жаңартылып отыратын) жүргізілуі тиіс.
2. Алдын ала қарау
(а) Консультациялық фирмалардың сметалық құны 100, 000 АҚШ долларына баламалы және жоғары соманы құрайтын әрбiр жалдау туралы келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар туралы нұсқаудың 2, 3 және 5-тармақтарында айтылған тәртiп қолданылады.
(b) Жеке консультанттардың сметалық құны 500 000 АҚШ долларына баламалы және жоғары соманы құрайтын әрбiр жалдау туралы келiсiм-шартқа қатысты Банкке алдын ала қарауына және мақұлдауына консультанттардың бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн, техникалық тапсырмасы мен жалдау шарттарын сипаттау берiледi. Келiсiм-шарт көрсетілген мақұлдау алынғаннан кейiн ғана берiледi. Осындай келiсiм-шарттарға Консультанттар туралы нұсқауға 1-қосымшаның 3-тармағының ережелерi қолданылады.
(с) Консультациялық фирмалардың немесе жеке консультанттардың әрбiр жалдау туралы келiсiм-шартына қатысты, келiсiм-шарттың құнына қарамастан, Банкке алдын ала қарауына және мақұлдауына техникалық тапсырма берiледi. Келiсiм-шарт тек көрсетiлген мақұлдау алынғаннан кейiн ғана берiледi.
3. Кейiннен қaрастыру
Жасалуы осы Бөлiктiң 2-тармағымен реттелмеген әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар туралы нұсқауға 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған тәртiп қолданылады.
5-Қосымша
Iске асыру бағдарламасы
I. Қарыз алушы:
(а) өзiне тұрақты негiзде Жобаның орындалуын тұрақты негiзде бақылап отыруға және бағалауға және Банк үшiн қолайлы көрсеткiштерге сәйкес оның мақсаттарына қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн тиiстi саясат пен тәртiптi қамтамасыз етеді;
(b) Техникалық тапсырмаға сәйкес Банк үшiн қанағаттандырарлық есептi дайындайды және Банкке шамамен 2006 жылдың 30 маусымында бередi, онда көрсетiлген есеп күнiнiң алдындағы кезең үшiн жобаның мониторингi және жобаны iске асыру барысын бағалау жөнiндегi осы Бөлiмнiң (а) тармақшасына сәйкес орындалған қызметтiң нәтижелерi қорытындыланады және Жобаның тиiмдi орындалуы мен осындай күннен кейiнгi кезеңде оның мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар санамаланады; және
(с) Банкпен бiрлесiп осы тармақтың (b) тармақшасында көрсетiлген есептi 2006 жылғы 30 қыркүйекке немесе Банктiң сұратуы бойынша неғұрлым кештеу күнге дейiн қарайды және содан кейiн Жобаның тиiмдi аяқталуын және көрсетiлген есептiң қорытындылары мен ұсынымдарының және ол бойынша Банктiң пiкiрi негiзiнде оның мақсаттарына қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету жөніндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Қарыз алушы ҚОБЖ уақытында орындау үшiн қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етедi.
6-Қосымша
Арнайы шот
I. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн
(а) "заңды санаттар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағының Кестесiнде көрсетілген (1) және (2) санаттарды бiлдiредi;
(b) "заңды шығыстар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшаның шарттарына сәйкес заңды Санаттарға мерзiмдi бөлiнiп отыратын Қарыз қаражатынан қаржыландыру үшiн көзделген Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердi ақылға сыйымды құны бойынша сатып алуға арналған шығыстарды бiлдiредi;
(с) "Бекітілген қаржы бөлу" терминi, егер Банк, Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң жиынтық сомасы долларлық баламы 5 000 000 тең болғанша немесе одан аспайынша Бекiтiлген қаржы бөлу 250 АҚШ доллары сомасымен шектелетiн болған жағдайдан өзгеге келiспесе, осы Қосымшаның 3 (а) тармағына сәйкес Қарыз шотынан алынатын және Арнайы шотқа есептелетiн 500 000 АҚШ доллары сомасын бiлдiредi.
2. Арнайы шоттан қаражатты төлеу осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес заңды шығыстар үшiн ғана жүргiзiледi.
3. Банкке ол үшiн қолайлы Арнайы шот белгiленген тәртiппен ашылғандығын айғақтайтын мәлiметтер берiлгеннен кейiн Бекiтiлген қаржы бөлудi алу және Арнайы шотты толықтыру мақсатында қаражатты кейiннен алу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
(а) Бекiтілген қаржы бөлудiң қаражатын алу үшiн Қарыз алушы Банкке Бекiтiлген қаржы бөлудiң жиынтық сомасынан аспайтын сомаға немесе сомаларға Арнайы шоттың депозитіне сұратуды немесе сұратуларды бередi. Осындай сұратудың немесе сұратулардың негiзiнде Банк Қарыз алушының атынан Қарыз шотынан қаражат алуды жүргізедi және оларды Қарыз алушы сұратқан сомада немесе сомаларда Арнайы шоттың депозитіне аударады.
(b)(i) Арнайы шотты толықтыру үшiн Қарыз алушы Банк анықтайтын кезеңдiлiкпен Арнайы шотқа қаражат аудару үшiн Банкке сұратуларды ұсынады.
(іі) Қарыз алушы әрбiр осындай сұратуды алғанға дейiн немесе алғаннан кейiн төлем немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осыған/осыларға сәйкес Арнайы шотта қаражатты толықтыру сұратылатын осы Қосымшаның 4-тармағымен көзделген құжаттаманы және өзге де куәлiктердi Банкке ұсынады. Әрбiр осындай сұратудың негiзiнде Банк Қарыз алушының атынан Қарыз шотынан қаражат алуды және Арнайы шотқа Қарыз алушы сұратқан мөлшерде оларды аударуды жүргiзедi, олардың негiздiлiгi заңды шығыстарын төлеу үшiн Арнайы шоттан осы соманы алу туралы айғақтайтын аталған қаржылық және басқа да құжаттармен расталады. Банктің Қарыз алу шотынан көрсетiлген депозиттердi алуы заңды санатының шеңберiнде және тиiстi балама сомалармен жүргiзiледi, ол ұсынылған қаржылық және басқа да құжаттармен расталады.
4. Банктiң көрсетiлген сұрату кезеңiнiң iшiнде Қарыз алушы Арнайы шоттан қарыз алушы жүргізген әрбiр төлем бойынша Банкке мұндай төлеу тек қана заңды шығыстары үшiн жүзеге асырылғаны жөнiнде құжаттаманы және басқа куәлiктердi ұсынады.
5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне қарамастан, Банк Арнайы шотқа одан арғы депозиттерге қатысты:
(а) егер Банк қандай да бiр сәтте қаражатты барлық одан әрi алуларды Жалпы ережелердiң V бабында және осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (а) тармағында көзделгенiндей тiкелей Қарыз алу шотынан Қарыз алушының жүзеге асырады деп белгiлесе;
(б) егер Банкке Қарыз алушы осы Қосымшаның 4.01 (б)(іі) бөлiмiнде аталған кезеңнiң iшiнде Арнайы шот бойынша шоттар мен есептiлiк аудитiне қатысты көрсетiлген Бөлiмге сәйкес Банкке ұсынылуы тиiс аудит туралы қандай да бiр есептердi ұсынбаса;
(с) егер қандай да бiр сәтте Жалпы ережелердiң 6.02-бөлiмiнiң қосымшаларына сәйкес Банк өзiнiң Қарыз алу шотынан Қарыз алушының қаражат алу құқығын iшiнара немесе толығымен тоқтату ниетi туралы Қарыз алушыны хабардар етсе;
(д) Жоба үшiн Жалпы ережелердiң 5.02-бөлiмiнiң қосымшаларына сәйкес Банк ұсынған барлық өтелмеген арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасын шегерiп заңды санаттарын қаржыландыруға арналған Қарыз қаражатының жалпы алынбаған сомасы Бекiтiлген қаражат бөлу сомасынан екi есе арттырып түссе сұрату қабылданбайды.
Заңды санаттарын қаржыландыруға арналған Қарыздың алынбаған сомаларының қалдығын Қарыз шотынан осы алғаннан кейiн Қарыз алушыға арнайы хабар беруде Банкпен келiсiлген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай қаражатты одан әрi алу аталған хабарлама күнiне Арнайы шоттың депозитiнде қалған барлық сомаларды заңды шығыстары бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынын Банк куәландырғаннан кейiн Банк үшiн қолайлы көлемде жүргiзiлетiн болады.
6. (а) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнайы шоттан (i) алынатын кез келген төлемдер шығыстарды жабу үшiн немесе осы Қосымшаның 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн сомада жасалатынын, немесе Банкке ұсынылған құжаттамамен негiзделмейтiнiн (іі) анықтаса, Қарыз алушы Банктiң (А) хабарламасын алысымен Банк сұрататын осындай қосымша растауды тез ұсынады; немесе (В) Арнайы шотқа осындай төлемнiң сомасына тең немесе жеткiлiктi расталған болып табылмайтын оның бөлiгiндегi немесе заңды төлемдерiнiң санатына енбейтiн соманы (немесе Банктiң сұрау салуы бойынша Банкке төлейдi) енгiзедi. Егер Банк өзгеге келіспесе, әрбiр нақты жағдайда осындай растауды Қарыз алушы ұсынбайынша немесе аталған жарнаны Арнайы шотқа өткiзбейiнше немесе қаражатты өтемейiнше, Банк Арнайы шотқа ешқандай қаражатты енгiзбейдi.
(б) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнайы шоттағы кез келген өтелмеген сома заңды шығыстары бойынша одан әрi төлемдердi өтеу үшiн талап етiлмейтiнiн анықтаса, Қарыз алушы Банктің хабарламасын алғаннан кейiн iлешала осындай өтелмеген соманы Банкке төлейдi.
(с) Қарыз алушы Банктiң хабарламасын алысымен Арнайы шоттағы депозитте бар қаражатты толығымен немесе iшiнара төлей алады.
Осы Қосымшаның 6(a), (б) және (с) тармағына сәйкес Банкке төленетiн қаражат Жалпы ережелердi қоса алғанда осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес кейiннен алу немесе күшiн жою үшiн Қарыз алу шотына есептеледi.