1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым мен табиғат қорғау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң бекiтуiне Кәсiпорынның жарғысын ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1996 жылғы 25 мамырдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi деген бөлiм мынадай мазмұндағы peттік нөмiрi 91-4-жолмен толықтырылсын:
"91-4. "Қазақ экология және климат
ғылыми-зерттеу институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы";
2) "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 51-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қарашадағы N 1173
қаулысына
(Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 398-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.