Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1236 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын  туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Республикалық ұланы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 477-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы