Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1235 қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгінiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, қаржыландыру және орындау ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881  қаулысына :
      2-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N  1237  қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы