Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Андрющенко Александр Иванович" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға" деген жол мынадай мазмұндағы: "Мисников Владимир Андреевич" - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, төраға" деген жолмен ауыстырылсын;
"Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы: "Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын;
"Әбсәтiров Кеңес Ғарапұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы" деген жол мынадай мазмұндағы: "Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын.