Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1214 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 470-104-жолдың 2-бағаны "Шығыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Сәрсен Аманжолов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-133-жолдың 2-бағаны "Солтүстiк Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Манаш Қозыбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-137-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Махамбет Өтемiсов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-155-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 470-170-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Жәңгiр хан атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі