"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:
2 "Қорғаныс" деген функционалдық тобында:
208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi" деген әкiмшiсi бойынша:
076 "Елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету" деген бағдарламасында:
034 "Әскери бөлiмдердi дәрi-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы өнiмдермен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "500000" деген сандар "650000" деген сандармен ауыстырылсын;
035 "Әскери бөлiмдердi жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "2000000" деген сандар "1850000" деген сандармен ауыстырылсын.