Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1204 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында балық және басқа cу жануарларын аулау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 49, 479-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында балық және басқа cу жануарларын аулау ережесiнде:
      4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұрын бекiтiлмеген балық шаруашылығының cу айдындарын немесе олардың жекелеген учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекіту және оларға балық аулау кәсiпшілігi мен олардағы басқа cу жануарларын аулау құқығын беру, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерiнде) лимиттер мен квоталарды бөлу жыл сайын алдағы күнтiзбелiк жылдың аяғында конкурстық (тендерлiк) негiзде өткiзiледі.
      Конкурстарды (тендерлердi) конкурстық (тендерлiк) комиссия өткізедi.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Әрбiр су айдыны бойынша балықты және басқа cу жануарларын аулау ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздемелерiнiң негiзiнде айқындалған олардың түрлiк құрамын көрсете отырып, аулаудың оңтайлы рұқсат етiлетiн көлемiн (лимиттерін, квоталарын) мемлекеттік экологиялық сараптаудың оң қорытындысынан кейiн арнаулы уәкiлетті орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынады.
      Ғылыми ұйымдар биологиялық негiздеменi арнаулы уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 қазанына дейiн ұсынады.
      Арнаулы уәкiлеттi орган конкурстық (тендерлiк) комиссия шешiмiнiң негiзiнде балық ресурстары мен басқа су жануарларын пайдалануға және су айдынын (учаскесiн) бекiтуге арналған шарт жасасады, балық аулауға және басқа су жануарларын аулауға рұқсат бередi.
      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға және су айдынын (учаскесiн) бекiтуге арналған шарт шаруашылық және өзге де қызметке рұқсат етiлетiн экологиялық талаптарды көздейдi.";
      6-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "ғылыми-зерттеу" деген сөздер "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөнiндегi жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына :
      тақырыптағы, кiрiспедегi және 1-тармақтағы "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертiс бассейндерiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекiтiп беру мәселелерi мен балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурстар (тендерлер) өткiзу үшiн балық қорларын және басқа да су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың арнаулы өкiлеттi органы (бұдан әрi - арнаулы уәкiлеттi орган):
      арнаулы уәкiлеттi органның (комиссияның төрағасы);
      тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкiмi орынбасарынан төмен емес);
      ғылыми ұйымдардың;
      арнаулы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен конкурстық (тендерлiк) комиссия құрады.
      Облыс iшiндегi су айдындарын немесе олардың жекелеген учаскелерiн бекiтiп беру мәселелерi мен балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiндегi конкурстар (тендерлер) өткiзу үшiн арнаулы өкiлеттi органның аумақтық органдары тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп оларда конкурстық (тендерлiк) комиссия құрады.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекiтiп беру мәселелерi және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткiзу ережелерiнде:
      тақырыптағы, 1 және 2-тармақтардағы "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "комиссия құрады" деген сөз "конкурстық (тендерлiк) комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5, 6, және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Конкурсты өткiзу және оның шарттары туралы хабарландыру ол өтетiн күнге дейiн бiр ай бұрын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
      Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертiс бассейндерiнiң су айдындары жөнiнде ол "Казахстанская правда" мен "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланады.
      6. Табиғат пайдаланушылар меншiк нысандарына қарамастан, конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi.
      7. Егер қатысуға өтiнiштi екеуден кем табиғат пайдаланушы берген болса немесе конкурстық (тендерлiк) комиссия барлық табиғат пайдаланушылардың ұсыныстары конкурстың (тендердiң) шарттарын қанағаттандырмады деп таныса, конкурстық (тендерлiк) комиссия конкурс (тендер) өтпедi деп таниды.
      Балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекiтiп беру және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарындағы балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiндегi конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн өтiнiмге қосымшада көрсетілген құжаттардың толық емес тiзбесi ұсынылған немесе оларды дұрыс ресiмдемеген жағдайда мұндай конкурстық (тендерлiк) өтiнiм қабылданбайды және оны конкурстық (тендерлiк) комиссия қарамайды.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын конкурстық (тендерлiк) комиссия табиғат пайдаланушылардың көрсеткiштерiн рейтингтiк бағалау негiзiнде бөледi. Рейтингтiк бағалауды анықтау тәртiбiн арнаулы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Табиғат пайдаланушылардың рейтингтiк бағасы тең болған жағдайда басымдылық қызметiнiң негiзi балық аулау және оған байланысты қызмет болып табылатын жергiлiктi жағалау аудандарының мамандандырылған жеке және заңды тұлғаларына берiледi.
      Конкурстық (тендерлiк) комиссияның шешiмi осы қаулының 8-тармағын ескере отырып, мәжiлiске комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-i қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттама түрiнде ресiмделедi";
      10-тармақта:
      екiншi және үшiншi абзацтар "әкiмдiгі" және "уәкiлеттi орган" деген сөздердiң алдынан "Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертiс бассейндерiнiң су айдындары жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "облыс iшiндегi балық шаруашылығы су айдындары бойынша балық аулау кәсiпшiлiгiне және басқа да су жануарларын аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су айдындарын немесе олардың учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекiтiп беру туралы шешiмдi тиiстi облыстың әкiмдiгi қабылдайды.";
      Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекiтiп беру мәселелерi және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткiзу ережелерiне қосымшада:
      тақырыптағы "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      "заңды тұлға жарғысының" деген сөздерден кейiн "нотариалды түрде куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң" деген сөздерден кейiн "нотариалды түрде куәландырылған" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі