Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысы

Жаңартылған

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы   
N 1194 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық
диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған
үлгi шарт  

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

_ _________________________               200__жылғы "__"________
(шарттың жасалатын орны)

      Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi беретiн _________________атынан
(қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган)
________________________________________________________негiзiнде
әрекет ететiн____________________________________________________
                      (лауазымы, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi Тапсырысшы деп аталатын_________________________________________________________ ___________________________________________________________атынан
(пайдаланушының деректемелерi құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган.)
______________негiзiнде әрекет ететiн____________________________
                                         (лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта қолданылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      электр энергиясының/электр энергияның шартты көлемi - техникалық диспетчерлендiруге жататын электр энергиясының көлемi;
      өтiнiм - Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын беру уақытының кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегi көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
      электр энергиясының нормативтiк сапасы - Шартты орындау сәтiнде бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін электр энергиясының сапасы;
      коммерциялық есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      электр қуаты резервтерiнiң ПУЛ-ы (бұдан әрi - ЭҚР ПУЛ) - генераторлар мен электр беру желiлерi күтпеген жерде iстен шыққан жағдайда тұтынушыларды энергиямен үздiксiз қамтамасыз ету үшiн электр қуатының қажеттi көлемiн, құрылымын қалыптастыру және резервтерiн орналастыру мақсатында электр станцияларымен және жекелеген көтерме тұтынушылармен epiкті негізде құрылған коммерциялық емес ұйым;
      есептi кезең - Шартта техникалық диспетчерлеу бойынша Орындаушы қызметiмен есеп айырысу жүргiзiлетiн, бiр күнтiзбелiк айға тең бiрiншi күннiң 00-00 сағатынан бастап айдың соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiнгi уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгіленген кезең;
      реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      рыноктық оператор - электр энергиясын өндiру және тұтыну режимдерiн коммерциялық диспетчерлеуді жүзеге асыратын ұйым;
      тәулiктік кесте - Қазақстан Республикасының электр энергиясының рыногы субъектiлерiнiң әрбiр күнтiзбелiк тәулiктiң жергiлiктi уақытының 00-00 сағатынан 24-00 сағатына дейiн электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, жеткiзудiң және тұтынудың орташа сағаттық шамасын регламенттейтiн рыноктық оператор жасаған және белгiленген тәртіппен бекітілген құжат;
      техникалық диспетчерлендiру - Қазақстан Республикасының Бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде (бұдан әрi - ҚP БЭЭЖ) электр
энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқарудан тұратын Орындаушы көрсететiн қызмет;
      техникалық оператор - жасалған шарттарға, қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
      iс жүзiндегi теңгерiм - есеп айырысу кезеңiнде осы рынок субъектiлерi электр энергиясының көтерме рыногында өндiрген, жеткізген және тұтынған электр энергиясының көлемiн атаулы бөлудi белгiлейтiн құжат;
      нақты көлемi - желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiсiне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тапсырысшының желiсiне Тапсырысшы берген (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;
      уәкiлеттi орган - электр энергетикасына байланысты қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      орталық диспетчерлiк басқару (бұдан әрi - ОДБ) - электр энергиясын беру жүйелерiн теңгерудi, оның сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мен сапасын қамтамасыз етудi қоса алғанда, ҚР БЭЭЖ пайдалануға жауап беретiн техникалық оператордың өңiрлiк бөлiмшелерiмен бiрге құрылымдық бөлiмшесi;
      электр желiлерi - Орындаушыға да және/немесе Тапсырысшыға да, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе заңда белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi электр энергиясын беруге және/немесе бөлуге арналған кiшi станциялардың, бөлуші құрылғылардың және бiрiктiрушi электр желiлерiнiң жиынтығы.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  2. Шарттың мәнi

      2. Орындаушы желiге электр энергиясын бepуді техникалық диспетчерлеуді және Тапсырысшының энергоқұрылғыларының қосарлас жұмысын ҚР БЭЭЖ құрамында қамтамасыз етедi.
      3. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:
_________________________________________________________________
(осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес
_________________________________________________________________
келуге тиiс Шарттың мәнiнiң техникалық талаптары мен сипаттамалары
көзделедi)

      4. Тапсырысшы Орындаушының техникалық диспетчерлендіру жөнiндегi қызметтерiн Шартта белгiленген мөлшерде және тәртіппен төлеуге мiндеттенеді.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  3. Техникалық диспетчерлендiрудi қамтамасыз ету талаптары

      5. Техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес көрсетiледі.
      6. Техникалық диспетчерлендiру режимiне заңнамада белгiленген тәртiппен техникалық оператормен келiсiлген және рыноктық оператор бекiткен Тапсырысшының электр қондырғысынан электр энергиясын беретiн тәулiктiк кесте жатады. <*>
      7. Электр энергиясын өндiру мен тұтынудың тәулiктiк кестесiн Тапсырысшы тұтынушылардың келiсiлген тәулiктiк өтiнiмдерi негiзiнде түзетулерді ескере отырып, оның тұтынушылармен жасалған тiкелей шарттары негiзiнде жасайды.
      8. Электр қуаты маңызының жол берiлген ауытқуы Тапсырысшы мен Орындаушы арасындағы қуатты реттеуге арналған жекелеген шартқа сәйкес белгiленедi. Қуатты реттеу жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған шарт болмаған кезде жол берiлген ауытқулар нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес белгiленеді. Егер Тапсырысшы жол берiлген ауытқуды бекітілген тәулiктiк кестеден жоғарылатқан жағдайда, Орындаушының алдын ала ескертуден кейiн Тапсырысшының тұтыну және/немесе генерация режимiн тәулiктiк кестеде мәлiмделген мәнге дейiн өзгертуге құқығы бар.
       Ескерту. 6,8-тармақтарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  4. Берiлетiн электр энергиясының есебi

      9. Тапсырысшы берген электр энергиясының iс жүзiндегі көлемi бiрiншi күннiң 00-00 сағатынан бастап есептi кезеңнiң соңғы айының 24 сағатына дейiн Тапсырысшы мен электр желiлерi иелерiнiң пайдалану жауапкершiлiгi бөлiмiнiң шекарасында белгiленген коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша есептiден кейiнгі айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткіштерiн салыстыру актiсiн тараптардың қол қоюымен айқындалады.
      10. Электр энергиясын берудiң шартты шамасының айлық көлемi бойынша түзетудi тараптар айдың басталуына дейiн он күннен кешiктiрмей жедел келiседі. Айлық көлемге түзетуге техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердiң шартты тоқсандық көлемiнiң шегінде ғана рұқсат етіледi.
      Электр энергиясын берудiң, желiге берудiң және тұтынудың шартты шамасының тоқсандық көлемi бойынша ұсыныстарды тараптар тоқсанның басталуына дейiн алпыс күннен кешiктiрмей жедел келiседі.
      11. Коммерциялық есептеу құралдары тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Тараптар бiр-бiрiне тәулiктiң жұмыс сағаты iшiнде көрсеткiштердi алу, тексеру және сынап көру мақсатында рұқсат беруi тиiс. Егер көрсеткiштерi алған кезде тараптардың бiреуi болмаса, онда екiншi тарапқа көрсеткiштердi өз бетiмен алуға рұқсат етiледі.
      12. Тараптар олардың теңгерiмiндегi есептеуiштерге және басқа да өлшеуiш құралдарына метрологиялық тексерулердi өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде жүргiзеді.
      Тараптар талап етушi Тарап есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерiс жүргiзудi талап ете алады.
      Егер қосымша тексеру кезiнде есептеуiштердің көрсеткiшi олардың дәлдiк сыныбымен жiберiлген қателiктен жоғары болса, онда қосымша тексеру бойынша шығындарды құралдардың иесi төлейді.
      13. Электр энергиясы есебiнiң өзгеруiмен немесе бұзылуымен байланысты жұмыстардың кез келген түрiн жүргiзген кезде Тапсырысшы жұмысты бастаудан бұрын ол туралы Орындаушыға жазбаша түрде хабарлауға және тиiстi рұқсат алуға мiндеттi. Тапсырысшының жөндеудi жүргiзген кезеңiнде электр энергиясын есептеу Орындаушымен келiсiлген уақытша сызба бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      14. Орындаушының шарттық талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi тоқтатуға құқығы бар. <*>
      15. Орындаушы:
      1) электр энергиясын көтерме рыноктың барлық қатысушыларына тең жағдайда ұсынуға;
      2) тарифтердi белгiлеу бөлiгiнде электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсету шарттарын жасасу кезiнде реттеушi органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;
      3) электр энергиясын желiге беруде және тұтынуда техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсетудi, тоқтатуда немесе шектеуде шартта белгiленбеген үзiлiстердi жiбермеуге мiндеттi.<*>
      16. Тапсырысшы:
      1) тоқ қабылдаушының және коммерциялық есептеу құралдарының тиесiлi техникалық жағдайын ұстауға, нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленетiн техникалық жағдайға қойылатын талаптарды орындауға;
      2) электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың бекiтiлген тәулiктік кестесiн сақтауға; <*>
      3) электр энергиясының стандартты жиiлiгiн бiрыңғай электр энергиясының жүйесiнде ұстауға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
      4) <*>
      5) Орындаушының қызметкерлерiн, сондай-ақ Мемэнергияқадағалау қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес энергия құрылғылардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру және пайдалану қауiпсiздiгi үшiн коммерциялық есептеу құралдарына жiберуге мiндеттi.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  6. Тараптарға қойылатын талаптар

      17. Орындаушыға қойылатын талаптар:
      1) Тапсырысшымен келiсiм бойынша есептi кезең қорытындылары бойынша электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың шартты шамасын сақтаған кезде Тапсырысшы жұмысының бекiтiлген тәулiктiк режимiн өзгерту; <*>
      2) Тапсырысшының генерацияланатын қуаты төмендеген (жоғалған) немесе басқа жеткiзушiлермен Тапсырысшы атына электр энергиясын жiберу төмендеген кезде Тапсырысшы тiзiм бойынша желiге берудiң төмендеу шамасына оны тұтынатындарға шектеу енгiзу. Тiзiм болмаған жағдайда алдын ала ескертуден кейiн жиырма минут өткен соң өзiнiң қалауы бойынша оның тұтынушыларын шектеудi жүргiзедi. Егер Тапсырысшы ЭҚР ПУЛ-ге қатысушы болып табылса немесе Тапсырысшы қуатты басқа генерация көзiнен ауыстыруды қамтамасыз етсе және жеткiзушiлермен резервтiк қуат тек iс жүзiнде көтерiлген жағдайда тұтынушыларға шектеу енгiзiлмейдi; <*>
      3) Тапсырысшы жедел түзетулер мен басқа да iс жүзiндегi ауытқуларға арналған қолданыстағы шартты құқықтарын ескере отырып, бекiтiлген тәулiктiк кестенi орындамаған кезде желiге берудiң төмендету шамасына Тапсырысшы тiзiмi бойынша оның тұтынушыларына шектеу енгiзу. Тiзiм болмаған жағдайда алдын ала ескертуден кейiн жиырма минут өткен соң өзiнiң қалауы бойынша оның тұтынушыларын шектеудi жүргізеді; <*>
      4) Тапсырысшы Шарт бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындамаған кезде Тапсырысшыға кемiнде 72 сағат бұрын алдын ала хабарлап, техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызмет көрсетуi тоқтата тұру не тоқтату. Бұл ретте техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi тоқтату Тапсырысшының Шарт талаптарын орындағанға дейiн Тапсырысшының энергия көзiн оқшауланған жұмысқа бөлу арқылы iске асуы мүмкiн, бұл ретте Орындаушы қызмет көрсетудi тоқтатудың мүмкiн болатын салдарына жауапкершiлiк жүктемейдi.
      5) Тапсырысшы тұтынушылары мен үшiншi тарап тұтынушыларына шектеу енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру үшiн Тапсырысшының электр станциялары мен кiшi станцияларының электр бөлушi құрылғыларын қосуды жүргiзу.
      18. Тапсырысшыға қойылатын талаптар:
      1) Орындаушыдан осы Шарт бойынша мiндеттерiн орындауды талап ету;
      2) Орындаушының iс-қимылын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дауласу.
      19. Орындаушы:
      1) ҚР БЭЭЖ құрамында Тапсырысшының қосарлы жұмысының сенiмдiлiгін, соның iшiнде Тапсырысшы мен үшiншi тұлға объектілерiнде аварияға қарсы басқару құралдары есебiнен қамтамасыз етуге;
      2) өтiнiмдерге техникалық өңдеулердi жүзеге асыруға және алғашқы жабдықтарды, релелiк қорғау құрылғылары мен автоматиканы, сондай-ақ жедел басқару мен ОДБ қарамағындағы Тапсырысшының диспетчерлiк-технологиялық басқару құралдарының аварияға қарсы автоматикасын жөндеуге шығару үшiн жағдай жасауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге немесе Тапсырысшы объектiлерiнде сынақтар жүргiзу үшiн электр желiлерiнде қажеттi қосуды жүргiзуге;
      3) Тапсырысшыға электр энергиясын бергенi үшiн төлем болмаған немесе уақтылы ақы төлемеген кезде Тапсырысшының өтiнiмiн орындауға. Бұл ретте Тапсырысшының өтiнiм беру мерзiмi шектеудi енгiзгенге дейiн кемiнде төрт тәулiктен кем болмауға тиiс. Тұтынушыларды заңсыз шектеуге жауапкершiлiктi Тапсырысшы жүктейдi;
      4) Тапсырысшының энергия көзiнiң (электр станциясының) қуатын энергия көздерiнiң (электр станцияларының) өз мұқтаждарын жоғалтып, нөлге дейiн толық берген кезде өз мұқтаждарын қуаттандыруды қалпына келтiру үшiн Тапсырысшының энергия көздерi шинына кернеу берудi жүзеге асыруға;
      5) Тапсырысшының энергия көзi жабдықтарының қалыпты жұмыс режимiнiң бұзылуына әкелген ҚР БЭЭЖ қалыпты режимiнiң бұзылу себептерi туралы Тапсырысшыға уақтылы хабарлауға;
      6) Тапсырысшыға қажетті технологиялық ақпарат беретiн тораптардың және кiшi станциялардың сипаттамасы мен сызбасын, Шарт талаптарын орындауға тiкелей жауапты және жедел келiссөз жүргiзуге құқы бар тұлғалар тiзiмiн ұсынуға;
      7) Тапсырысшы өкiлдерiнiң Орындаушының Шарт талаптарын орындағаны туралы толық ақпаратты алу үшiн қол жетiмдiлiгiнiң техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      8) диспетчерлiк-техникалық тәртiптi сақтауға, Тапсырысшының энергия көзi жұмысының режимiн бұзуға әкелуi мүмкiн iс-қимылдарды болдырмауға, нормативтiк құжаттардың, нұсқаулардың талаптарын орындауға, өзiнiң iс-қимылымен Тапсырысшының коммерциялық қызметiне зиян келтiрмеуге;
      9) Тапсырысшыға оның өтiнiмi бойынша тәулiктiк кестеге қажеттi жедел түзетулердi келiсуге. Осындай түзетулерді келiсуден негiзсiз бас тартуды болдырмауға;
      10) Тапсырысшыға Орындаушының желiлерiне тiкелей қосылған оның тіке тұтынушыларымен тұтынылған көлемi жөнiндегі күн сайынғы ақпаратты ұсынуға;
      11) Орындаушының жедел басқаруындағы және қарамағындағы 110-220-500-1150 киловольт желiсiндегi есептердi жүргiзуге және тұрақтылық пен аварияға қарсы басқару мәселесiн пысықтауға; <*>
      12) автоматикалық жиiлiк жүктемесiнiң кестесiн беруге;
      13) Орындаушының электр энергиясы объектiлерiндегi жиiлiк және кернеудiң талап етiлген деңгейiн нормативтiк-техникалық кесiмдер мен стандарттарға сәйкес қалыпты режимде ұстауға;
      14) Орындаушының бақылау нүктелерiнде кернеу кестелерiн тоқсанына бiр реттен жиi емес беруге;
      15) Орындаушының жедел басқаруындағы және қарамағындағы электржелiлiк және электр энергиясы жабдықтарына, релелiк қорғау, автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғыларына күрделi және ағымдағы жөндеудiң жылдық және айлық кестесiн қарауға және келiсуге;
      16) Орындаушының жедел басқаруындағы және қарамағындағы релелiк қорғау, автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары үшін қажетті есептердi орындауға және оларды орнатуды, әзiрлеудi немесе олардың қағидатты (құрылымдық) сызбаларын келiсуге мiндеттi.
      20. Тапсырысшы:
      1) электр энергиясын беруге және/немесе тұтынуға жасалған шарттар негiзiнде ОДБ-ға тәулiктiк кестенi орындайтын күннiң алдындағы күннiң 10-00 сағатына дейiнгi жүктелiмдi жүргiзудiң сағаттық кестесiн ұсынуға;
      2) ОДБ электр жүктелiмiнiң диспетчерлiк реттеу жөнiндегi талаптарын орындауға және белгіленген тәртiппен ресiмделген электр жүктелiмiнiң тәулiктiк кестесiн сөзсiз орындауға қабылдауға;
      3) электр энергиясының көлемiне және тұтынылатын қуат кестесiне жедел түзетулер енгiзу қажет болған кезде Тапсырысшы ағымдағы тәулiк iшiнде барлық жедел түзетулердi алдын ала Орындаушымен келiсуге мiндеттенедi. Тапсырысшы Орындаушының келiсiмiн алғаннан кейiн ғана ағымдағы режимге жедел түзету жүргiзедi. Орындаушымен келiсiлмей режимге жедел түзету жүргiзу жөнiндегі жауапкершiлiктi Тапсырысшы жүктейдi;
      4) қажеттi көлемде электр энергиясы мен қуатын есептеудi қамтамасыз етуге;
      5) Тапсырысшының желiге беру жөнiндегi телеметриялық ақпаратты ОДБ-ға берудi ұйымдастыруға;
      6) БЭЭЖ ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және тәулiктiк режимдерiн жоспарлау үшiн салалық нұсқаулықтармен көзделген ақпаратты, оның көлемiн және түсу мерзiмiн ОДБ-ға беруге;
      7) күн сайын 10-00 сағатқа дейiн ОДБ-ға өткен тәулiкте берiлген электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi туралы ақпаратты беруге;
      8) Орындаушының талабы бойынша қысқы және жазғы жұмыс күндерiне тән белсендi және реактивтi қуат генерациясы бойынша өлшеу нәтижелерiн ұсынуға;
      9) әрбiр күнтiзбелiк жылдың қаңтарында ОДБ-ға қажеттi технологиялық ақпаратты, электр станцияларының сипаты мен сызбасын, байланыс арналары мен телемеханика ұйымдарының релелiк қорғау мен автоматика және аварияға қарсы автоматика құрылғыларының атқарушы сызбаларын, жедел қосу және келiссөздер жүргiзуге құқығы бар тұлғалар тiзiмiн, сондай-ақ байланыс, телемеханика, релелiк қорғау мен автоматика және аварияға қарсы автоматика құралдарын пайдалануға жауапты тұлғалар тiзiмiн ұсынуға. Олардың өзгерiстерi туралы уақтылы хабарлауға;
      10) диспетчерлiк-технологиялық тәртiптi сақтауға, энергия бiрлестiктерiнiң жұмыс режимiн бұзуға әкелуi мүмкiн iс-қимылдарды болдырмауға, директивтi құжаттар, өзара қарым-қатынастар туралы нұсқаулар мен ереже талаптарын орындауға, өзiнiң Орындаушымен келiсiлмеген iс-қимылдарымен энергия рыногының басқа субъектiлерiне зиян келтiрмеуге;
      11) салалық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыс режимiнiң барлық бұзушылықтары, стихиялық құбылыстар және қайғылы оқиғалар туралы ОДБ-ға жедел және толық хабарлауға;
      12) өзiнiң алғашқы жабдықтарын қалыпты пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге (жөндеу және реттеу жұмыстарын уақтылы жүргiзу) және ОДБ берген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика, автоматикалық жиiлiк жүктелiмi құрылғыларының сипаттамасын, көлемiн және орнатуды орындауға;
      13) диспетчерлiк басқару мақсаты үшiн қажеттi келiсiлген хаттамалар бойынша телеметриялық ақпарат көлемiн берудi қамтамасыз етуге. Телеметриялық ақпарат көлемiн ОДБ айқындайды;
      14) жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн жалға алынған байланыс арнасын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      15) жедел ақпараттық кешеннiң және бағдарламалық-техникалық кешеннiң бiрыңғай энергетикалық компьютерлiк телекоммуникация желiсi құрамындағы ақпаратты алмасу жөнiндегі жұмысты қамтамасыз eтуге мiндетті.
      21. Орындаушы өзiнiң өкiлеттiктерiн жоғарылатқан немесе оның тарапынан заңсыз iс-қимыл жасаған жағдайда Тапсырысшыға келтiрген зиянның, Тапсырысшының Шарт талаптарын толық орындаған жағдайда ғана орнын толтыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      22. Тараптар тоқсан сайын, тоқсанның соңғы күнгi жағдайы бойынша келiспеушiлiктердi көрсетiп немесе оларсыз өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiне алған күнiнен бастап он бес күн iшiнде қол қоюға мiндеттi.
       Ескерту. 17,19,20-тармақтарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  7. Есеп айырысу тәртібi

      23. Орындаушының техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеуi реттеушi орган бекiткен тарифке сәйкес жүргiзiледi.
      24. Тариф өзгерген жағдайда Орындаушы жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл туралы жаңа тариф қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын Тапсырысшыға хабарлама бередi.
      Түпкiлiктi есеп айырысуды Тапсырысшы Орындаушының көрсетілген қызметтердiң көлемiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде төлемге ұсынылған шот-фактурасын iс жүзiнде берген сәттен бастап бес банктік күн iшiнде жүргізеді. <*>
      25. Егер бiр тарап коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, iс жүзiндегi теңгерiм көрсетілген қызметтердiң iс жүзiндегi көлемiн растайтын құжат болып табылады.
      26. Өткен кезеңдер үшiн берешек болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзiндегiден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде есептеледi (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегін өтеу есебiне, егер осындай болса). Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiне қызметiнен бас тартса, Тапсырысшының өзге, оның iшiнде Орындаушының алдындағы (егep осындай болса) ақша мiндеттемелерi бойынша берешегін өтеуге жұмсалған соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
      27. Егер Тапсырысшы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Тапсырысшыға қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дауласпаған бөлiгiн төлеуге мiндеттi.
      28. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi Орындаушының қызметiне ақы төлеу жөнiнде Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындау шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына немесе Тапсырысшыға жiберiлген хабарламада Орындаушы көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу болып танылады.
      29. Егер бақылау-өлшеу құралдарының ақаулығының салдарынан шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
      30. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн. <*>
       Ескерту. 24,25,28,30-тармақтарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  8. Тараптардың жауапкершілігi

      31. Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейді.
      32. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы төлемнiң әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн нақты орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, есептелген тұрақсыздық төлеудi талап етуге құқылы.
      33. Төлемдердi осы Шартта көзделген мерзiмдерде төлемеген кезде Орындаушы 17-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес бұл туралы Тапсырысшыны шектеудi енгiзгенге дейiн кемiнде 72 сағат бұрын хабарлап, жұмыс режимiн айқындауға құқылы.
      34. Орындаушы Тапсырысшы алдында Тапсырысшы энергиясы көзiнiң жұмыс режимi:
      1) форс-мажорлық жағдайлардың туындауымен;
      2) осы Шартта қатыспайтын энергия рыногы субъектілерiнiң электр энергиясы объектiлерiндегi өндiрiстiк авариялар мен технологиялық бұзылулардың пайда болуымен;
      3) Тапсырысшының кiнәсiнен салалық нұсқаулықтарда көзделген байланыстың немесе ақпараттың жоқтығынан;
      4) Тапсырысшы персоналының дұрыс емес iс-әрекетiнен;
      5) осы Шарттың 17-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында
көзделген жағдайларда болған бұзылуға жауап бермейді.
      35. Орындаушы Шарт бойынша Тапсырысшы өзiнiң мiндеттемелерiн толық немесе тиiстi дәрежеде орындамаған кезде техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтер сапасына жауапкершiлiк жүктемейдi.
      

              9. Форс-мажорлық жағдайлар

      36. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi келтiрiлген залалдың орнын толтыруғa құқылары жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара жағдайлардың орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн пайда болған Шарт бойынша мiндеттерiнен босатылмайды.
      37. Егер тараптардың бipeуi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш пайда болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға шамасы келмесе, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  10. Басқа ережелер

      38. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi көрсету шарты Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
      39. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      40. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
       Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      41. Шарт 200_ жылғы "__ " 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__ " 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
      42. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi. <*>
       Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  12. Тараптардың деректемелерi

Орындаушы:___________                 Тапсырысшы:____________

      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы  
N 1194 қаулысымен    
бекітілген      

  Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған
Үлгі шарт

__________________________               200__жылғы "__"_________
(шарттың жасалатын орны)

      Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын электр энергиясын өңіраралық деңгейдің желілері арқылы беру жөніндегі қызметтердi беретiн
________________________________________________________атынан
(қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары,
мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган)
________________________________________________________негiзiнде
әрекет ететiн____________________________________________________
                      (лауазымы, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi Тапсырысшы деп аталатын_________________________________________________________ ___________________________________________________________атынан
(пайдаланушының деректемелерi құрылтай құжаттары, мемлекеттiк
тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган.)
______________негiзiнде әрекет ететiн____________________________
                                         (лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      авариялық бронь - электрмен үздiксiз жабдықтау объектiсiне берiлуi ол үшiн маңызды құрылғылардың жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн объектiлер жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық салдарды немесе адамдардың қырылуын болдырмайтын ең аз мөлшерде қажеттi электр қуаты;
      Мемэнергияқадағалау - ұйымдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң техникалық талаптары мен электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптарды орындауына мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды, сондай-ақ электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын белгiленген тәртiппен құрылған мемлекеттiк ұйым;
      теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасы - тараптардың меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе электр энергиясын берудiң соңғы пунктiнде теңгерiмдiк тиесiлiлiктi шектеу актiсiмен айқындалатын, заңмен белгiленген өзге негiздер бойынша электр желiлерi бөлiмiнiң шекарасы;
      электр энергиясын берудiң шарттық бағыты - электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтердiң құнын есептеу үшiн қызмет ететiн Орындаушының электр желiлерi арқылы қабылдау пунктiнен Тапсырысшының тұтыну пункттерiне дейiн тараптармен келiсiлген электр энергиясын беру жолы;
      өтiнiм - Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын берудiң уақыт кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегi көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
      электр энергиясының көлемi - Орындаушы мен Тапсырысшының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасында коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша қызметтiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тапсырысшының атына берiлген электр энергиясының саны; <*>
      электр энергиясын беру - Орындаушының электр желiлерi арқылы қабылдау пункттерiнен Тапсырысшы желiсiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасына дейiн электр энергиясын беруге байланысты энергия беретiн ұйым көрсететiн қызмет;
      қабылдау пунктi - Орындаушыға электр энергиясының көлемiн кейiннен оны Орындаушының желiлерi арқылы жеткiзу пункттерiне дейiн  беру үшiн Тапсырысшы беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасында (қосу жүйесi) қосу;
      жеткiзу пунктi - Орындаушы электр энергиясын Тапсырысшыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасында (қосу жүйесi) қосу;
      коммерциялық есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      есеп айырысу кезеңi - Орындаушының электр энергиясын беру жөнiндегi қызметiне есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiн бiр күнтiзбелiк айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең;
      реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополияның қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      рыноктық оператор - электр энергиясын өндiру мен тұтыну режимдерiн коммерциялық диспетчерлеудi жүзеге асыратын ұйым;
      өңiраралық деңгейдiң желiлерi - электр энергиясын берудiң ұлттық жүйесiн құрайтын және меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе қолданыстағы заңнамамен белгiленген өзге негiздер бойынша Орындаушыға тиесiлi 110-1150 киловольт жоғары кернеулi электр беру желiсi; <*>
      тәулiктiк кесте - Қазақстан Республикасының электр энергиясының рыногы субъектiлерiнiң әрбiр күнтiзбелiк тәулiктiң 00-00 сағатынан 24-00 сағатына дейiн электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, жеткiзудiң және тұтынудың орташа сағаттық шамасын регламенттейтiн рыноктық операторлар жасаған және белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжат; <*>
      техникалық диспетчерлендiру - Қазақстан Республикасының Бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде (бұдан әрi - ҚР БЭЭЖ) электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқарудан тұратын Орындаушы көрсететiн қызмет;<*>
      техникалық оператор - жасалған шарттарға, қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
      уәкiлеттi орган - электр энергетикасына байланысты қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      iс жүзiндегi теңгерiм - есеп айырысу кезеңiнде осы рынок субъектiлерi электр энергиясының көтерме рыногында өндiрген, жеткiзген және тұтынған электр энергиясының көлемiн атаулы бөлудi белгілейтiн құжат; <*>
      электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi - Орындаушы Тапсырысшының атына берген, коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде айқындалған және электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiмен не Қазақстан Республикасының электр энергиясы рыногының рыноктық операторы берген анықтамамен расталған электр энергиясының көлемi; <*>
      орталық диспетчерлiк басқару (бұдан әрi - ОДБ) - электр энергиясын беру жүйелерiн теңгерудi, оның сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мен сапасын қамтамасыз етудi қоса алғанда, ҚР БЭЭЖ пайдалануға жауап беретiн техникалық оператордың құрылымдық бөлiмшесi;
      электр желiлерi - Орындаушыға да және/немесе Тапсырысшыға да және үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе заңда белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi кiшi станциялардың, бөлушi құрылғылардың және бiрiктiрушi электр желiлерiнiң жиынтығы.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  2. Шарттың мәнi

      2. Орындаушы Тапсырысшыдан осы Шартта айтылған қабылдау пункттерiндегi өз желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiгi шекарасында электр энергиясын қабылдайды және оны осы Шартта айтылған жеткiзу пункттерiне дейiн өзiнiң электр желiлерi арқылы Тапсырысшыға берудi жүзеге асырады.
      3. Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:
_________________________________________________________________
(осы тармақта нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына
сәйкес келуге тиiс
_________________________________________________________________
Шарттың мәнiнiң техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi)

      4. Тапсырысшы Орындаушыға электр энергиясын қабылдау пункттерiнде беруге және жеткiзу пункттерiнде қабылдауға, электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге уақтылы және толық көлемiнде төлеуге, сондай-ақ Шартта көзделген оны тұтыну режимiн сақтауға, оның қарамағындағы электр желiлерiн пайдаланудың қауiпсiздiгiн және электр энергиясын тұтынуға байланысты олар пайдаланатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

  3. Электр энергиясын беру шарты

      5. Электр энергиясын беру Шарттың 5 және 7-тармақтарына сәйкес жүргiзiлген мүмкiн түзетудi ескере отырып, тоқсандық немесе айлық өтiнiм негiзiнде және оған сәйкес жүргiзiледi.
      6. Алдағы тоқсанға арналған өтiнiм тиiстi тоқсан басталғанға дейiн алпыс күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiледi.
      7. Алдағы есеп айырысу кезеңiне арналған айлық өтінiм тиiстi есеп айырысу кезеңi басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiледi. Айлық көлемдi түзетуге электр энергиясын берудiң шарттасылған тоқсандық көлемiнiң шегiнде ғана жол берiледi.
      8. Айлық және тоқсандық өтiнiмдi Тапсырысшы Орындаушыға факсимильдiк байланыс құралдарымен бередi.
      9. Электр энергиясының тәулiктiк көлемiнiң және оларды тиiстi тәулiк iшiнде қуаты бойынша бөлудiң айлық өтiнiмiне Тапсырысшының түзетуiне жол берiледi. Түзету:
      1) көлемi түзетiлетiн алдағы тәулiктерге тәулiктiң 10-00 сағатынан кешiктiрмей берiлетiн тәулiктiк өтiнiм;
      2) көрсеткiштерi түзетiлетiн мерзiм басталғанға дейiн отыз минуттан кешiктiрмей берiлетiн жедел өтiнiм арқылы жүзеге асырылады.
      10. Тәулiктiк өтiнiмдi Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi факсимильдiк байланыс құралдарымен бередi.
      11. Телефонограмма нысанындағы жедел өтiнiмдi кейiннен оны мiндеттi түрде жазбаша ресiмдей отырып, Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi бередi. Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша хабарлама арқылы жедел өтiнiмдер берушi уәкiлеттi өкiлдiң тегiн, аты мен әкесiнiң атын уақтылы хабарлайды.
      Орындаушыға Шартты орындау мақсатында Тапсырысшының айлық, тәулiктiк, жедел өтiнiмдерiн, сондай-ақ мереке және демалыс күндерi түсетiн жедел өтiнiмдер қабылдау тиесiлi телефондардың және/немесе  факсимильдiк аппараттардың нөмiрлерi өзгерген кезде Орындаушы Тапсырысшыға бұл туралы жазбаша хабарлама беруге мiндеттi.
      12. <*>
       Ескерту. 12-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  4. Электр энергиясын есептеу

      13. Орындаушы жеткiзу пункттерiнде Тапсырысшының атына есеп айырысу кезеңi iшiнде берген электр энергиясының iс жүзiндегі көлемi теңгерiмдік тиесiлiлiк шекараларында белгiленген коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi негiзiнде есеп айырысу кезеңiнiң бiрiншi күнтiзбелiк күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнтiзбелiк күннiң 24-00 сағатына дейiн анықталады.
      Есеп айырысу кезеңi iшiнде берiлген электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде жасалатын берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiмен расталады.
      14. Тараптар көрсеткiштердi алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен коммерциялық есептеу жүйелерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру мақсатында бiр бiрiне тәулiк iшiндегi кез келген уақытта коммерциялық есептеу құралдарына рұқсат беруге мiндеттенедi. Есеп айырысу кезеңi аяқталғаннан кейiн коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алуды тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi. Егер тараптардың бiреуiнiң уәкiлеттi өкiлi болмаса не көрсеткiштердi алудан бас тартса, онда басқа тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткiштердi алуды дербес жүргiзуге рұқсат берiледi.
      Коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алу кезiнде тараптардың уәкілеттi өкiлдерi коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қоюға тиiс.
      15. Тараптар тараптардың қолдары қойылатын және мөрлерiмен расталатын тиiстi есеп айырысу кезеңi үшiн берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн келесi есеп айырысу күнтiзбелiк айының бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде ресiмдейдi. Тараптардың бiреуi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, iс жүзiндегi теңгерiм берiлген электр энергиясының көлемiн растайтын құжат болып табылады.
      16. Егер есеп Орындаушы мен Тапсырысшының теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасынан тыс жүргiзiлген жағдайда, берiлген электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi Тапсырысшының желiлерiндегi электр энергиясының ысырабын ескере отырып, Тапсырысшыда орнатылған коммерциялық есептеу құралдары бойынша анықталады. Үшiншi тұлғалардың электр желiлерi арқылы берiлетiн электр энергиясының ысырабын осы электр желiлерiнiң иелерi анықтайды.
      17. Электр энергиясын беру және үшiншi тұлғалардың электр желiлерiндегi жедел-диспетчерлiк басқару жөнiндегi өзара қарым- қатынастарды Тапсырысшы үшiншi тұлғалармен жеке шарт жасасу жолымен реттейдi.
      18. Орындаушы үшiншi тұлғаның электр желiлерi арқылы берiлетiн электр энергиясының көлемi мен сапасы жөнiнде жауап бермейдi.
      19. Тараптардың коммерциялық есептеу құралдары тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Телеөлшеуiштер тiзбектерiне пломба салынуға тиiс. Тараптардың әрқайсысы оның теңгерiмiндегi коммерциялық есептеу құралдарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексеру жүргiзедi. Тараптардың әрқайсысы басқа тараптан оның (басқа тараптың) коммерциялық есептеу құралдарына қосымша тексерулер жүргiзудi талап ете алады. Алайда, егер тараптардың бipeуi қосымша тексеру жүргiзудi талап етсе, онда ол қосымша тексеруге бастама  көтерген тараптың есебiнен жүргiзiледі. Егер қосымша тексеру кезiнде коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi плюс-минус болып, олардың дәлдiк сыныбымен жiберiлген өсiру қатесi табылған жағдайда, онда қосымша тексеру жөнiндегi шығынды коммерциялық есептеу құралдарының иесi төлейдi.
      20. Электр энергиясын есептеу сызбасында қателiктер табылған кезде, барлық қателiктер тiркелетiн тиiстi акт жасалады. Мұндай жағдайда, Орындаушы Тапсырысшыға берген электр энергиясының көлемi есеп айырысу кезеңi аяқталғаннан кейiн электр энергиясын өңiрдегi ағыс теңгерiмi негiзiнде, тараптар қол қоятын тиiстi актi жасай отырып, анықталады.

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      21. Орындаушы шарттық талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын жеткiзiп берудi тоқтатуға құқығы бар.
      22. Тапсырысшының:
      1) электр қуатын, электр энергиясын жасалған шарттарға сәйкес алуға;
      2) Орындаушыдан электр энергиясын кем жеткiзуден немесе сапасыз жеткiзуден туындаған залалдың өтемiн жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
      3) шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына шағымдануға құқығы бар.
      23. Орындаушы:
      1) электр энергиясын көтерме рыноктың барлық қатысушыларына тең жағдайда ұсынуға;
      2) электр энергиясын өңіраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi тарифтердi белгiлеу бөлiгiнде қызметтер көрсетудiң шарттарын жасау кезiнде реттеушi органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;
      3) электр энергиясын беруде шартта белгiленбеген үзiлiстердi жiбермеуге мiндеттi.
      24. Тапсырысшы:
      1) тоққабылдаушының және коммерциялық есептеу құралдарының тиiстi техникалық жағдайын ұстауға, нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленетiн техникалық жағдайға қойылатын талаптарды орындауға;
      2) тараптар келiсiмiмен белгiленген энергияны тұтыну режимдерiн сақтауға;
      3) электр энергиясының стандарттық жиiлігін бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде ұстауға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
      4) жасалған шартқа сәйкес берiлген электр энергиясына уақтылы ақы төлеуге;
      5) Орындаушының қызметкерлерiн, сондай-ақ Мемэнергияқадағалау қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес электр құрылғылардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру және пайдалану қауiпсiздiгi үшiн коммерциялық eceптeу құралдарына жiберуге мiндеттi.

  6. Тараптарға қойылатын талаптар

      25. Тапсырысшыға қойылатын талаптар:
      1) қабылдау пункттерiнде тиiстi сападағы электр энергиясын оны электр желiлерi арқылы Тапсырысшының жеткiзу пункттерiне тәулiктiк кестеге сәйкес көлемде беру үшiн Орындаушыға беру;
      2) электр тұтынудың режимiн жүргізу жөнiнде орталық диспетчерлiк басқармасының пәрменiн орындау;
      3) күн сайын 10-00 сағатқа дейiн электр өндiрушi ұйымдармен келiсiлген жедел өтiнiмдi, онда Тапсырысшының келесi тәулiктерге арналған нақты тұтыну пункттерi үшiн жүктелiмнiң тәулiктiк кестесiн көрсете отырып, ұсыну. Өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайында (авариялық жағдай, жүктелiмдердiң технологиялық төмендеуi) түзету үшiн жедел өтiнiм Орындаушыға дереу жiберiледi;
      4) күн сайын Орындаушыға 10-00 сағатқа дейiн өткен тәулiкте алынған электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi туралы ақпарат беру;
      5) Орындаушыға бiр энергия көзiнен басқасына өту туралы осындай өту басталғанға дейiн кемiнде 72 сағат бұрын ескерту;
      6) Шарт жасасу кезiнде (егер Тапсырысшы энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiсi болып табылса) Орындаушыға авариялық бронь актiсi мен банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерiнiң энергияны авариялық броньмен тұтынғаны үшiн есеп айырысу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттемелерiн ұcыну;
      7) электр энергиясын импорттау жағдайында Тапсырысшы өзiне декларациялау және кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн электр энергиясының барлық объектiсi бойынша кейiннен Орындаушының желiлерi арқылы беру үшiн тиiстi салықтар мен алымдарды төлеу жөнiнде мiндеттеме қабылдайды. Бұл ретте Тапсырысшы Орындаушы үшiн электр энергиясын беруге арналған рұқсат болып табылатын кедендiк декларацияның төртіншi данасын Орындаушыға беруге мiндеттi;
      8) оның басқаруындағы және қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясы мен қуатын тұтынуға байланысты олар пайдаланатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету;
      9) тоқсан сайын, алған күннен бастап он бес күннiң iшiнде тоқсанның соңғы күнiндегi жағдай бойынша өзара есеп айырысуды салыстыру актісiне, келiспеушiлiктердi көрсете отырып және оларсыз, қол қою.
      26. Орындаушыға қойылатын талаптар:
      1) электр энергиясын электр желiлерi арқылы Тапсырысшының
тәулiктiк кестесiне сәйкес тиiстi сапада беру; <*>
      2) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерi үшiн қажеттi көлемде электр энергиясын Шартқа жеке келiсiм негiзiнде банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) кепiлдiктi мiндеттемелерiн ескере отырып, авариялық бронь актiсiне сәйкес берудi қамтамасыз ету.
      27. Орындаушы Шартта және электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамада белгiленген өзге де әрекеттер жасауға, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
      1) Шарт және (немесе) қолданыстағы заңнамамен ұсынылған талаптар бойынша ақшалай және өзге мiндеттемелердi соңғысы бұзған жағдайда;
      2) авариялық жағдай туындаған кезде, егер сатушы босатқан, шығарылған қуаттарға алмастыру жүргiзуге және/немесе электр энергиясын Тапсырысшының атына Орындаушының электр желiлерi арқылы беру бағытын өзгерту мүмкiн болмаған жағдайда; <*>
      3) Орындаушының электр желiлерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу мерзiмiне арналған жылдық немесе айлық жөндеу кестесiнде көзделген жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде, егер электр энергиясын басқа бағыт бойынша беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
      4) электр энергиясын 5%-дан астам тұтынудың келiсiлген көлемiнен артық алған жағдайда, Тапсырысшыға электр энергиясын бepуді шектеуге не толық тоқтатуға құқылы.
      28. Тапсырысшының Шарт бойынша өзiнiң ақша мiндеттемелерiн бұзуына байланысты электр энергиясын беруге шектеулер енгiзiлген не беру тоқтатылған жағдайда не электр энергиясын келiсiлген шамадан  артық тұтынған жағдайда, Орындаушы электр энергиясын беруге  шектеулер енгiзiлгенге немесе беру тоқтатылғанға дейiн 72 сағат бұрын Тапсырысшыны хабардар етедi. Сонымен бiрге Орындаушы электр энергиясын берудi тоқтатудың мүмкiн салдарлары үшiн жауап бермейдi.
      29. Егер электр энергиясын беру бағытын өзгерту/берудi шектеу қажеттiгi авариялық жағдайларға не Орындаушының электр желiлерiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты болған жағдайда, соңғысы тапсырысшының атына дереу хабарлама жiбереді.
      30. Орындаушының электр желiлерiнде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезiнде жоспарлы жөндеудi қоса алғанда, соңғысы Тапсырысшының атына электр энергиясын бepу бағытын өзгертуге құқылы. Бұл ретте Тапсырысшы электр энергиясын берудiң келiсiлген бағыты бойынша Орындаушы қызметiнiң құнын төлейдi.
      31. Шарттың 27-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, электр энергиясын бepуді шектeу немесе тоқтату Орындаушының кiнәсiнен электр энергиясын кем жеткiзiлуiне қосылмайды.
      32. Энергия өндiрушi ұйымның iстен шыққан қуатын алмастырумен туындаған электр энергиясын Тапсырысшының атына беру бағытын өзгерту кезiнде Тапсырысшы iс жүзiндегi беру бағыты бойынша Орындаушы көрсеткен қызметтiң құнын төлейдi. <*>
       Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  7. Төлем тәртiбi

      33. Орындаушының өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған қызметiне ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифке сәйкес жүргiзiледi.
      34. Тариф өзгерген жағдайда Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралы арқылы жаңа тариф қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын хабардар етедi.
      35. Түпкiлiктi есеп айырысуды Орындаушының берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде төлемге
шот-фактурасын iс жүзiнде ұсынған сәттен бастап Тапсырысшы бес банктік күн ішінде жүргізеді.
      36. Тапсырысшы Шарттың 15-тармағында көзделген мерзiмде оған берiлген электр энергиясы көлемiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi үшiн Орындаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерi берiлген электр энергиясының көлемi туралы Орындаушыда бар жедел деректерге сәйкес, кейiннен берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн ұсыну кезiнде келесi есеп айырысу кезеңiндегi Орындаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерiн түзете отырып анықталады.
      37. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледі. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзiндегiден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде есептеледi (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса). Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiне арналған қызметiнен бас тартса, Тапсырысшының өзге, оның iшiнде Орындаушының алдындағы (егер осындай болса) ақшалай мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалған соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
      38. Егер Тапсырысшы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде дауласпаған шоттың бөлiгiн төлеуге мiндеттi.
      39. Егер бақылау-өлшеу құралдарының ақаулығының салдарынан шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
      40. Орындаушының қызметiне электр энергиясын беру бойынша ақы төлеу жөнiндегi Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындау шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына немесе Тапсырысшыға жiберiлген хабарламада Орындаушы көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу болып танылады.
      41. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.

  8. Тараптардың жауапкершілiгі

      42. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгі келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы Тапсырысшыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзiнде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.
      Шотты ол бойынша төлем мерзiмi келген сәттен бастап бiр ай iшiнде төлемеген жағдайда, Орындаушы осы Шарттың 28-тармағында белгiленген тәртiппен электр энергиясын шектеуге не тоқтатуға құқылы.
      43. Есеп айырысу кезеңi iшiнде электр энергиясын берудiң iс жүзiндегi айлық көлемi Тараптармен келiсiлгеннен Орындаушының кiнәсi бойынша төмендеген кезде, соңғысы кез келген көздерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тапсырысшы электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсету құнының мөлшерiнде кем жеткiзiлген электр энергиясының көлемiне сүйене отырып, айыппұл салуға құқылы.
      44. Егер энергия өндiрушi ұйым Тапсырысшының атына келiсiлгеннен төмен қуат берген жағдайда, онда Орындаушы сатушы берген қуатқа теңгерiлетiн шамаға дейiн Тапсырысшының атына берiлген қуатқа шектеу жүргiзедi.
      45. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын/қуатын кем бергенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындаған салдарға жауапкершiлiк толығымен Тапсырысшыға жүктеледi.
      46. Шартта көзделмеген электр энергиясын берудiң үзiлiсi, тоқтатылуы немесе шектелуi үшiн Тапсырысшының алдындағы Орындаушының жауапкершiлігі осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. <*>
       Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .

  9. Форс-мажорлық жағдайлар

      47. Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалдың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттерден босатылмайды.
      48. Егер Тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға шамасы келмейтiн болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  10. Басқа ережелер және дауларды шешу

      49. Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызмет көрсету шарты Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады. <*>
       Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .
      50. Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық күш-жігерін жұмсайды. <*>
       Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .
      51. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауапкердiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Тараптардың Шартты бұзуға құқығы бар. <*>
       Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 278  қаулысымен .
      52. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      53. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және шарт ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.

      

  11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      54. Шарт 200_ жылғы "__" 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__ " 24-00 сағатты қоса қолданылады.
      55. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе электр энергиясын беру көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  12. Тараптардың деректемелерi

Орындаушы:_________                 Тапсырысшы:___________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен  
бекiтiлген      

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.23. N 458  қаулысымен .

  Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтер
көрсетудi ұсынуға арналған
үлгі  шарт

__________________                     200_ж. "___" _____________
(шарт жасасу орны)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, табиғи газды тасымалдау
жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынатын (бұдан әрi - Қызметтер)
___________________________________________________________________
 (қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтайшылық құжаттары,
___________________________________________________________________
 мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берілген күнi мен берген орган)
____________________________________________________________ атынан
                      (лауазымы, т.а.ж.)

бұдан әрi, Қызмет берушi деп аталатын _____________________________
                                            (құжаттың aтауы)
негiзiнде iс-қимыл жасаушы, бiр тараптан және _____________________
                                               (тұтынушының атауы)

__________________________________________ бұдан әрi Тұтынушы деп
аталатын, __________________________________________________ атынан
                        (лауазымы, т.а.ж)

екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      газ тасымалдау жүйесi - газ тасымалдайтын, газ бөлетiн ұйымның меншiгiндегi немесе өзге де заңды негiзде олардағы құрылысты магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-ағытқылары, газ бөлетiн желiлердi қамтитын газ құбырларының жүйесi;
      табиғи газ - Тұтынушының меншiгi болып табылатын немесе кез келген заңды негiзде оның билiгiндегi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және сатып алынатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынатын газ;
      газды есепке алу аспаптары - нормаланған техникалық сипаттамасы бар және көлемiнiң және (немесе) энергия құрамы бiрлiгiнде газ мөлшерiн өлшеуге арналған өлшеу құралы;
      беру пунктi - табиғи газды Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне беру жүргiзiлетiн табиғи газды тасымалдаудың түпкiлiктi пунктi;
      газды қабылдау (бepу) пунктi - шарттарда Қызмет берушi, газ тасымалдаушы, газ бөлуші ұйымдар мен тұтынушы арасында айқындалған, әдеттегiдей газ есептеу аспабымен жарақталған газ жеткiзушi пунктi;
      есеп айырысу кезеңi - жеткiзiлген газдың көлемi айқындалатын, Қызмет берушi, гaз тасымалдаушы, газ бөлушi ұйымдар мен тұтынушылар арасында жеткiзiлген газ үшiн өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн кезең. Тараптармен келiсiлген есеп айырысу кезеңi шартта көрсетiледi;
      реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган.

  2. Шарттың мәнi

      2. Шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша табиғи газды қабылдау пунктiнен беру пунктiне тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша Қызмет беруші өзiне мiндеттеме қабылдайды, ал Тұтынушы мiндеттеме тапсырады.
      3. Табиғи газды тасымалдау көлемi, айлар бойынша бөлiнген тасымалдау кестесi, қабылдау пунктi мен беру пунктi Тараптармен қосымша келiсiледi және Шартқа қоса берiледi.
      4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының өз өкiлеттiгiн Шарт жасасу бойынша үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.
      Қызметтер ұсынудың режимi - тәулiк бойы.
      5. Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтердi беру бойынша қызметтер ұсынудың техникалық шарттары мен сипаттамалары:
___________________________________________________________________
       (осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың
___________________________________________________________________
       талаптарына сай болуы тиiс Шapт мәнiнiң техникалық
___________________________________________________________________
              талаптары мен сипаттамалары көзделедi)

      6. Газды тиiсiнше жеткiзу үшiн құқықтық, техникалық (технологиялық) және ұйымдастыру жағдайларының болуы, оның iшiнде:
      1) Тұтынушы тарапынан - газ жабдығын пайдалану жөнiнде рұқсат беретiн құжаттардың, газ тұтынылатын қондырғылардың, жабдықтардың жарамдылығын растайтын құжаттардың болуы;
      2) Қызмет берушi тарапынан - газдың тиiстi көлемi туралы растайтын құжаттың (ресурстық анықтаманың, газды сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң) болуы шарт жасасудың талаптары болып табылады.

  3. Қызметтердiң құны мен ақы төлеу тәртiбi

      7. Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      Қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, қызметтер ұсыну жағдайларынан басқа, барлық тұтынушыларға бiрдей белгiленедi.
      8. Ақы төлеудi Тұтынушы екi жақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап 5 банк күнi iшiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргізеді.

  4. Табиғи газды тасымалдау және есепке алу шарттары

      9. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерде өзгеше белгiленбесе, Қызмет берушi Тұтынушының газ тасымалдaу жүйесiне беретiн табиғи газдың сапасы физикалық-химиялық көрсеткiштерi бойынша Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттар мен нормативтерге сай болуы тиiс.
      10. Табиғи газды тасымалдау Қызмет берушi мен Тұтынушының арасында келiсiлген тасымалдау кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тұтынушыға берiлетiн табиғи газдың көлемiн Қызмет берушi Шартта белгiленген тәртiппен әрi талаптармен тiркейдi және өлшейдi.
      12. Қызмет берушi технологиялық жабдықтың авариялық зақымдануы туындаған жағдайда, газ шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және нормативтiк-техникалық құжаттарда белгiленген тәртiппен Қызметтi резервте сақтауды қамтамасыз етедi.

  5. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi

      13. Тұтынушының:
      1) жасалған шарттарға сәйкес қызметтер көрсетiлуiне;
      2) Қызмет берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз жеткiзгендiктен шеккен залалды өтеудi жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгінуге;
      4) Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға, бұл туралы Қызмет берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда бұзуға, құқығы бар.
      14. Тұтынушы:
      1) табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтер үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргізуге;
      2) Қызмет берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарын орындауға;
      3) қабылдау пунктiне жеткiзiлетiн табиғи газдың сапасы мен мөлшерi үшiн жауап беруге мiндеттi.

  6. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      15. Қызмет берушiнiң:
      1) Тұтынушыдан Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда ұсынылған қызметтер үшiн ақыны уақтылы әрi толық көлемде алуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;
      3) барлық тұтынушылар үшiн реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданылуы кезеңiнде көрсетiлген қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бар.
      16. Қызмет берушi:
      1) табиғи газды Тұтынушымен келiсiлген көлемде газ қабылдау пунктiне қабылдауға және табиғи газдың Шартта белгiленген тәртiппен әрi жағдайларда газ беру пунктiне бiрқалыпты және үздiксiз тасымалдануын қамтамасыз етуге;
      2) Тұтынушыны кез келген төтенше жағдайлар немесе табиғи газды тасымалдауға әсер етуi ықтимал авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ табиғи газды тасымалдауды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-әрекет қолдануға;
      3) Тұтынушыны табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтерге арналған тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табиғи газды тасымалдау мәселелерi жөнiнде ақпарат ұсынуға мiндеттi.

  7. Тараптарды шектеу

      17. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше үлгіге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-әрекет жасауға тыйым салынады.

  8. Тараптардың жауапкершiлiгi

      18. Осы Шарт бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      19. Осы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi өткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақшалай мiндеттемелердiң нақты орындалуы күнiне қолданылатын әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi қарыздың сомасынан аспайтын сомада тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы болып табылады.
      20. Егер Тұтынушыға табиғи газды тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету Қызмет берушi үшiн мүмкiн болмауы Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауапты болады.
      21. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

  9. Форс-мажорлық мән-жайлар

      22. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң салдарынан болған мән-жайлар болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтетуге құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бір де бiреуi шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
      Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайларда Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайларының басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен бере отырып не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
      23. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлары Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiрген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Егер еңсерілмес күш мән-жайлары 3 және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.

  10. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      24. Тараптар көрсеткiштердi алу, телеөлшемдер мен коммерциялық есепке алу жүйелерi тiзбектерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру мақсатында тәулiк iшiндегi кез келген уақытта коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткiзуге бiр бiрiне рұқсат беруге мiндеттенедi. Есеп айырысу кезеңi аяқталысымен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi. Егер Тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi өкiлi болмаса не көрсеткiштердi алудан бас тартса, онда басқа тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткiштердi дербес алуды жүргiзуге рұқсат етiледi.
      Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алған кезде, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қойылуға тиiс.
      25. Тараптар келесi есеп айырысу айынан кейiнгi күнтiзбелiк айдың бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде көрсетiлген қызметтердiң, Тараптардың қолдары қойылып, мөрлерiмен расталатын тиiстi есеп айырысу кезеңi iшiнде көрсетiлген көлемдерiн салыстыру актiсiн ресiмдейдi. Тараптардың бiрi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, көрсетiлген қызметтердiң көлемiн растайтын құжат нақты теңгерiм болып табылады.
      26. Өздерiнiң құқықтық қатынастарында Тараптар Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      27. Шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздеме бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
      28. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай не қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-әрекетке байланысты қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптардың кез келгенi басқа тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.
      Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды.
      29. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
      30. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      31. Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар Шарт 2 данада жасалады.
      Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастaп қолданысқа енгізiледi.

  11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      32. Шарт 200_ жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "___" ______ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
      33. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бiрi бұл туралы мәлiмдесе, қызмет көрсету көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  12. Тараптардың деректемелерi

      Қызмет беруші:____________        Тұтынушы: ____________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен  
бекiтiлген      

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.23. N 458  қаулысымен .

  Табиғи газды сақтау жөнiндегi қызметтер көрсетудi
ұсынуға арналған
ҮЛГI ШАРТ

______________________                    200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан
                     (қызметтi ұсынатын субъектiнiң деректемелерi)
_________________________________________________ бiр тараптан және
       (лауазымы, аты-жөнi)
бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы
____________________________________________________________ атынан
   (қызметтi пайдаланатын субъектiнiң деректемелерi)
___________________________________________________ екiншi тараптан
              (лауазымы, аты-жөнi)

төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      табиғи газ - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде сатып алынатын табиғи, мұнайлы (iлеспе) және құрғақ газ;
      жер асты газ сақтау орны - табиғи газды маусымдық әркелкi тұтыну кезеңiнде жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн газдың технологиялық қорына қолда көрсетiлетiн магистральдық газ құбырының бөлiгi болып табылатын жep үстi жабдықтары кешенiндегi жер асты құрылыстары;
      табиғи газды қабылдау пунктi - әдетте Тұтынушы табиғи газды жеткiзетiн, жер астында газды сақтау орнындағы табиғи газды есепке алу приборымен жарақтандырылған, одан кейiн табиғи газды сақтау үшін тікелей жер асты газ сақтау орнына (бұдан әрi - ЖГС) айдап құятын газ жеткiзу пунктi;
      уәкiлеттi орган - табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

  2. Шарттың мәнi

      2. Қызмет берушi Шарттың талаптары бойынша мемлекеттiк стандарттармен, нормативтiк кесiмдермен және өзге де техникалық талаптармен белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып, оған берiлген табиғи газды сақтауға мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
      3. _____ текше метр көлемдегi табиғи газды ЖГC-де сақтау 200 __ жылғы ____ бастап 200_ жылғы ______ (қоса алғанда) кезеңде оны айдап құю және 200_ - 200_  жылдар кезеңiнде iрiктеп алу арқылы жүзеге асырылады.
      4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының Шарт жасасу жөнiндегі өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға табыстауға құқығы бар.
      5. Қызметтер көрсетудi ұсынудың режимi - тәулiк бойы.

  3. Қызметтер көрсетудiң құны және ақы төлеу тәртiбi

      6. Табиғи газды жер асты газ сақтау орнында сақтау жөнiндегi қызметтер көрсетуге ақы төлеу уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      7. Тұтынушы ақы төлеудi екi жақты актiнiң негiзiнде нақты ұсынылған қызметтер көрсету үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап үш күн iшiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргiзедi.
      8. Тоқсан iшiндегi қорытындылар бойынша қаржылық есептердi салыстырудың бухгалтерлiк актiлерiн, актiлерге қол қоятын, мөрмен растайтын және есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Тұтынушыға жiберетiн Қызмет берушi ресiмдейдi. Актiлерге Тұтынушы қол қояды, мөрмен растайды және қайтадан Қызмет берушiге жiбередi.

  4. Табиғи газды сақтау және есепке алу шарттары

      9. Шарт бойынша сақтауға берiлетiн табиғи газ Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнде белгiленген талаптарға сай болуы тиiс.
      10. Табиғи газ ай бойы бiрдей бөлiктермен жеткiзiледi.
      11. Табиғи газдың ағыны табиғи газды сақтауға жеткiзу және қабылдау актiлерiн, табиғи газды iрiктеп алу актiсiн және табиғи газды сақтаудың орташа айлық көлемi туралы актiсiн жасау жолымен ЖГС-ның өлшеу тораптарында ай сайын есепке алынатын болады, ол мынадай формула бойынша есептеледi:
      V орт.ай. сақ.=V айдың басында + 1/2V айдап құю - 1/2V iрiктеп алу.
      12. Актiлер екi данада жасалады және есеп жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi оған қол қояды.
      13. Тараптардың сақтауға қабылданған табиғи газдың мөлшерiн айқындауға байланысты наразылықтары екi жақты актiлерге қол қойылғаннан кейiн он күн iшiнде жасалады.

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      14. Тұтынушының:
      1) ИM-74 кеден декларациясында көрсетiлген көлемде ЖГС-да сақтаулы табиғи газға билiк етуге;
      2) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға және Қызмет берушiден мемлекеттiк стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сай келмейтiн қызметтер көрсетудi ұсынған жағдайда, қызметтер көрсетудің құнын қайта есептеудi талап eтугe;
      3) Қызмет берушi бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды ЖГС-да сақтау жөнiндегi қызметтер көрсету үшiн толық ақы төленген жағдайда, Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
      15. Тұтынушы:
      1) "___" табиғи газды ЖГС-ға сақтау жөнiндегi қызметтер көрсету үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргiзуге;
      2) Қызмет берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға;
      3) Қызмет берушiге газды ЖГC-ғa айдап құю басталғанға дейiн жеткiзiлетiн газдың бүкiл көлемi үшiн газдың шыққан жерi сертификатының көшiрмесi мен оның сапасы паспортының түпнұсқасын беруге;
      4) ИМ-74 (сақтау орнына айдап құю) және ИМ-40 (сақтау орнынан iрiктеп алу) режимiндегi газды кедендiк ресімдеу үшiн толық жауапты болуға және Қызмет берушiге тиiстi режимнiң жүк кеден декларациясының төртiншi данасының түпнұсқасын беруге мiндеттi.
      16. Қызмет берушiнiң:
      1) Тұтынушыдан Шартта белгіленген тәртiппен және жағдайда ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы әрi толық көлемде ақы aлуғa;
      2) Тұтынушының сақтауы мiндеттi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық талаптар белгiлеуге;
      3) барлық тұтынушылар үшiн уәкiлеттi орган бекіткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңінде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бар.
      17. Қызмет берушi:
      1) осы Шартта белгiленген кезеңде ЖГС-дағы табиғи газдың Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) Тұтынушыны табиғи газды айдап құюға және (немесе) сақтауға және (немесе) iрiктеп алуға әсер етуi мүмкін кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ табиғи газды айдап құюды және (немесе) сақтауды және (немесе) iрiктеп алуды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-қимылды жасауға;
      3) Тұтынушыны табиғи газды сақтау жөнiндегi қызметтер көрсету тарифтерiнiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн 10 (он) күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табиғи газды сақтау мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.

  6. Тараптарды шектеу

      18. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады.

  7. Тараптардың жауапкершiлiгi

      19. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiрiлген залалды өтейдi.
      20. Қызметтер көрсетуді ұсынғаны үшiн ақы төлеудiң мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес (24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) және өзiне сақтауға берiлген табиғи газды Қызмет берушi уақтылы қайтармаған жағдайда кiнәлi тараптар осы сомаларды төлейтiн күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      21. Егер Тұтынушыға ЖГС-да табиғи газды сақтау жөнiнде қызметтер көрсетудiң Қызмет берушi үшiн мүмкiн болмауы Қызмет берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауапты болады.
      22. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
      23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ЖГС-да сақтаулы табиғи газды Тұтынушы қайта алмаса, онда ол Қызмет берушiге табиғи газды одан әрi сақтау үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi.

  8. Форс-мажор мән-жайлары

      24. Тараптардың бiр де бiреуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.
      Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бiр-бiрiне бұл туралы Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайлары басталған күнiн нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
      Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Егер еңсерiлмес күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргізуге мiндеттенедi.

  9. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      25. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      26. Шарт _________ мерзiмге жасалды және _________ сәттен бастап күшiне енедi.
      27. Шартты бұзу немесе оның талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздеме бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
      28. Тараптардың арасында келiсiмге қол жетпеген жағдайда, даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
      29. Шарт бiрдей заң күшi бар 2 данада, Тараптардың әрқайсысына бiр данадан жасалады.
      30. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
      31. Осы Шартта ескерiлмеген Тараптардың арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

  10. Тараптардың деректемелерi

      Қызмет берушi: _______________      Тұтынушы: _______________

      Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен  
бекiтiлген      

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.23. N 458  қаулысымен .  

  Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерін көрсетуге арналған
үлгі шарт

______________________                    200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi, Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
топтық резервуарлық қондырғылар арқылы қызметтер көрсететін,
___________________________________________________________________
(қызметтер көрсетуді ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
___________________________________________________________________
 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
___________________________________________________________ атынан
                  (лауазымы, аты-жөнi)

      негізінде іс-қимыл жасаушы, бір тараптан және бұдан әрі Тұтынушы
___________________________________________________________________
  (Тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
     тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
деп аталатын, ______________________________________________атынан,
                       (лауазымы, аты-жөнi)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      топтық резервуарлық қондырғы (бұдан әрi - ТРҚ) - газ шаруашылығының объектiсi болып табылатын, сұйытылған көмiрсутекті газдарын (бұдан әрi - СКСГ) сақтауды қамтамасыз етуге арналған сыйымдылықтар тобынан тұратын, тұрғын үй массивтерiне берiлген режимде, газ құбырларының жүйесiне газ берудi қамтамасыз ететiн, СКСГ-ні сыйымдылықтардан үй ішiлiк газ құбырына дейiн тасымалдауды қамтамасыз ететiн сақтандырғыш-бекiткiш және реттеушi арматурасы бар құрылыс;
      кiрiс краны - газ құбырындағы бекiткiш арматура, Қызмет берушiнiң жауапкершiлiгiнiң шегi;
      тұтынушы - тұрғын үй массивiне (тұрмыстық тұтынушыларға) газ беру үшiн ТРҚ арқылы газ жеткiзу қызметiн пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
      реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган;
      сұйытылған көмiрсутектi газдар - газ-мұнай өңдеу зауыттарында шығарылатын, мемлекеттiк стандарттарға сай келетiн, қалыпты жағдайларда газ күйiнде болатын, ал шамалы артық қысым кезiнде - сұйық күйде болатын көмiрсутектерiнiң қоспасы.

  2. Шарттың мәнi

      2. Қызмет берушi ТРҚ арқылы Тұтынушы жеткiзген СКСГ-ны кiрiс кранына дейiн беруге, ал Тұтынушы қабылданған қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.
      3. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөнiндегi өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға бepугe құқығы бap.

  3. Қызметтердiң құны және ақы төлеу тәртібі

      4. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткiзу қызметтерiне ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
      5. Егер Тараптардың келiсiмiнде өзгедей көзделмесе, ақы төлеудi Тұтынушы екi жақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап бес банктiк күн iшiнде, ай сайын жүргізеді.

  4. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi

      6. Тұтынушының:
      1) белгіленген сапада қызметтер алуға және Қызмет берушiден мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сай келмейтiн қызметтер көрсету ұсынылған жағдайда қызметтердiң құнын қайта есептеудi талап етугe;
      2) Қызмет берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз қызмет көрсету жеткiзгендiктен шеккен залалды өтеудi жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгiнуге;
      4) бұл туралы Қызмет берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
      7. Тұтынушы:
      1) Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда қызметтер үшiн ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргiзуге;
      2) СКСГ-ны TPҚ-ғa құйған кезде қауiпсiздiк ережесiн Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiне және басқа да нормативтiк құқықтық және жабдықты қауiпсiз пайдалану жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес сақтауға;
      3) Қызмет берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;
      4) Қызмет берушiнiң ТРҚ-сына СКСГ-ны жеткiзуге және құюға;
      5) қажетiне қарай СКСГ-ның буланбаған қалдықтарын ТРҚ-дан СКСГ-ның шығарылған массасының орнын толтыра отырып, айдап шығаруды жүргізуге;
      6) жеткiзiлетiн СКСГ сапасы мен саны үшiн жауап беруге мiндеттi.

  5. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      8. Қызмет берушiнiң:
      1) ұсынылған қызметтер үшiн Тұтынушыдан ақыны Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы әрi толық көлемде алуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
      3) барлық тұтынушылар үшiн реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңiнде ұсынылған қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бap.
      9. Қызмет берушi:
      1) барлық қызметтер Тұтынушылары үшiн бiрдей жағдайда қызметтер көрсетудi ұсынуға;
      2) қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасу кезiнде тарифтер белгiлеу бөлiгiнде реттеушi органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;
      3) қызмет беруде шартта белгіленбеген үзiлiстерге жол бермеуге;
      4) Тұтынушыға ТРҚ-дағы СКСГ-ны Тұтынушымен келiсiлген көлемдерде беруге;
      5) Тұтынушыны қызметтiң сапасы мен Тұтынушының қауiпсiздiгiне әсер ететiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ қызмет сапасын қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi ic-қимылды жасауға;
      6) Тұтынушыны қызметтер тарифтерiнiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде 10 (он) күн бұрын хабардар етуге;
      7) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiнiң және жабдықтарды қауiпсiз пайдалану жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттардың мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.

  6. Тараптарды шектеу

      10. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады.

  7. Тараптардың жауапкершiлiгi

      11. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейдi.
      12. Осы шартта көзделген мiндеттемелердi орындау мерзiмi өткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақшалай мiндеттемелердiң нақты орындалуы күнiне қолданылатын әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi борыштың сомасынан аспайтын сомада тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      13. Егер Тараптар келiсiмiмен өзгеше ескертiлмесе, тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi болып табылады.
      14. Төлем бойынша оның мерзiмi келген сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде шотты төлемеген жағдайда, Қызмет берушi осы Шарттың шарттарымен белгiленген тәртiппен қызмет берудi шектеуге не тоқтатуға құқылы.
      15. Егер Тұтынушыға қызмет көрсетудің Қызмет берушi үшiн мүмкiнсiздiгi Қызмет берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi.
      Тұрақсыздық айыбын (өсiм ақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
      16. Тұтынушы осы Шартта көзделген мерзiмде өзiне берiлген қызметтер көрсету көлемдерiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi үшiн Қызмет берушiнi қызмет көрсету ақысының мөлшерi берілген қызметтер көрсету көлемiнiң caлыстыру актiсiн ұсыну кезiнде кейiнгi есеп айырысу кезеңiндегi Қызмет берушiнiң қызмет көрсету ақысының мөлшерiне кейiннен түзету енгiзе отырып, Қызмет көрсетушiнiң берiлген қызмет көрсету көлемi туралы қолда бар жедел деректерiне сәйкес анықталады.
      17. Алдыңғы кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлем бiрiншi кезекте осы берешектi өтеугe жiберiледi. Тұтынушы төлейтiн ақы сомасы нақты есеп айырысу кезеңiне арналған сомадан асқан жағдайда, осы асқан соманың айырмасы келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне (не Тараптардың келiсiмi бойынша Қызмет берушiнiң алдындағы өзге де мiндеттемелер бойынша, eгep мұндай бар болса, Тұтынушының берешегiн өтеу шотына) өздiгiнен есептеледi. Егер Тұтынушы келесi есеп айырысу кезеңiне Қызмет берушiнiң қызметiнен бас тартса, асыра төленген сома, Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге кеткен, оның iшiнде Қызмет берушi алдындағы ақшалай соманы (eгep мұндай бар болса) қоспағанда, қайтарылады.
      18. Егер Тұтынушы қойылған шоттың дұрыстығына дауласатын болса, ол Қызмет берушiнi осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Қызмет берушiге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте, Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмде шоттың дау туғызбаған бөлiгiне ақы төлеуге мiндеттi.
      19. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы нәтижесiнде шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, Тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiндегi шоттарға түзету енгiзедi.
      20. Қызмет берушiнiң топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткiзу қызметiне ақы төлеу жөнiнде Қызмет берушi шот-фактурада көрсеткен деректемелер бойынша Қызмет берушiнiң ағымдағы шотына немесе Қызмет берушi Тұтынушыға жолдаған хабарламада көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу Тұтынушының мiндеттемелерi болып танылады.
      21. Есеп айырысу кезеңi iшiнде Қызмет берушiнiң кiнәсi бойынша қызмет берудiң нақты айлық көлемi Тараптармен келiсiлгеннен азайған кезде, соңғысы кез келген кездерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тұтынушы кем жеткiзiлген қызмет көлемiн ескере отырып, көрсетiлген қызмет құнының мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      22. Шартта көзделмеген үзiлiстер, қызмет берудi тоқтату немесе шектеу үшiн Қызмет берушiнiң Тұтынушы алдындағы жауапкершiлiгi осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған бойда газды жер астында сақтау орнынан табиғи газды Тұтынушы қайтадан алмаса, онда ол Қызмет берушiге табиғи газды одан әрi сақтағаны үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi.

  8. Форс-мажорлық мән-жайлар

      24. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бiреуiнiң залалды өтеуге құқығы болмайды. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
      Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бiр бiрiн Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажорлық мән-жайларының басталған күнiн нақтылайтын сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен бере отырып немесе почтамен жiберу арқылы хабардар етедi.
      25. Егер Тараптардың бipeуi Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде орындауға шамасы келмейтiн болса, тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  9. Басқа ережелер және дауларды шешу

      26. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткiзу қызметтерiн көрсетудi ұсынуға арналған Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады.
      27. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-қимылға байланысты қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптардың кез келгенi басқа Тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.
      Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды.
      28. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
      Тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге жағдайларда Шартты бұзуға құқығы бар.
      29. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      30. Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар Шарт 2 данада жасалады.
      Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және шарт тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.

  10. Шарттың қолданылу мерзiмi

      31. Шарт 200_жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "___" _____ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
      32. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бiрi бұл туралы мәлiмдесе, қызмет беру көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  11. Тараптардың деректемелерi

      Орындаушы: _______________      Тапсырысшы: _______________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен  
бекiтiлген      

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.23. N 458  қаулысымен .
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған
YЛГI ШАРТ

_______________________                   200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан
                                 (лауазымы, аты-жөнi)

_________________________________________________ бiр тараптан және
   (қызметтердi көрсетудi ұсынатын субъект)

бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы
__________________________________________________ екiнші тараптан,
          (тұтынушының деректемелерi)

      мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы - меншiктiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару белгiсi бойынша иеленушiлер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру және олардағы құрылыстар жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы;
      пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы - Тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру жүйелерiнiң элементтерiн пайдаланғаны үшiн мiндеттер (жауапкершiлiк) белгiсi бойынша сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру (cу құбырлары және сарқынды суларды бұру желiлерi және олардағы құрылыстар) жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы. Осындай келiсiм болмаған кезде пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiнiң шекарасы бойынша белгiленедi;
      төлем құжаты - оның негiзiнде төлем жүргiзiлетiн Қызмет берушiнiң (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, квитанция, ескерту шоты) құжаты;
      Тұтынушы - шарттың негізiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетудi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйiн зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетiндiгiн айқындау және растау және олардың көрсеткiштерiн жазып алу мақсатында Қызмет берушiнiң өкiлi орындайтын операциялар жиынтығы;
      есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат берiлген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      есептi кезең - Тұтынушымен қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысатын айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiнгi бiр күнтiзбелiк айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең;
      реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  2. Шарттың мәнi

      2. Қызмет берушi Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнiндегi қызметтер көрсетуге (бұдан әрi - қызметтер көрсету) мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.
      3. Ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сипаттамалары мен берiлген судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, мемлекеттiк стандарттарға сай болуға тиiс.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      4. Шарт техникалық шарттарды орындау кезiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру желiлерiне қосылған қажеттi жабдық Тұтынушыда болған кезде онымен жеке тәртiппен жасалады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөнiндегi өзiнiң өкiлдiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.
      5. Қызметтер көрсету ұсыну режимi - тәулiк бойы.
      6. Кондоминиум объектiлерiнiң су құбыры желiсiн пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлу шекарасы жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiнiң және заңды тұлғалардың ғимаратына кiрердегi соңғы ысырманың бөлушi фланецi - Қызмет берушiнiң су құбыры желiлерiне қосу орнындағы айдау-ажыратқыш арматураның соңғы фланецi болып табылады.
      Кондоминиум объектілерiнің сарқынды суларды бұру жүйесiндегi пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы елдi мекеннiң сарқынды суларды бұру жүйелерiне қосылған жердегi құдық болып табылады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  3. Қызметтер көрсетудiң шарттары

      7. Қызметтер көрсетудi берудi тоқтата тұру:
      1) авария жағдайы не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қауiп төнген;
      2) Қызмет берушiнiң желiсiне өз бетiмен қосылған;
      3) есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi екі айдың iшiнде қызметтер көрсету үшiн төлем жасалмаған;
      4) Қызмет берушiнiң өкiлдерiн есептеу құралдарына бiрнеше рет жiбермей қойған;
      5) труба құбырларына дезинфекция жүргiзу қажет болған жағдайларда;
      6) нормативтiк құқықтық кесiмдермен және Тараптардың келiсiмiмен көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi.
      Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Тұтынушы қызметтер көрсетудi берудi тоқтатқанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi.
      8. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда Тұтынушыны қосу туындаған бұзушылықтарды болдырмау және жою кезiнде жүргiзiледi.
      Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшiн Тұтынушыға қызметтер ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейiн жүргiзiледi. Бiрнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейiн жүргiзiледi. Қосу құны монополияға қарсы аумақтық органмен келiсiледi.
      Қосқаны үшiн төлем өндiрiп алынбайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  4. Қызметтер көрсетудiң құны мен оған ақы төлеу тәртiбi

      9. Осы шарт бойынша ұсынылған қызметтер көрсетуге қабылданған ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      Қызметтер көрсетудiң құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларынан басқа жағдайларда, барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      10. Ақы төлеудi Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтер көрсетудiң мөлшерi үшiн ай сайын төлем құжатының негізiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, келесi есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.

  5. Қызметтер көрсетудi берудi және тұтынуды есепке алу

      11. Берiлген су мөлшерi жеке есептеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша, жеке есептеу құралдары болмаған кезде нақты тұратын адамдар санына сәйкес деректердi бөле отырып, жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi бойынша, ал олар болмаған кезде осы елдi-мекен үшiн бекiтiлген су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгiленедi.
      Қызмет берушiмен есеп айырысу үшiн өрт сөндiру автоцистерналарына құюға пайдаланатын судың мөлшерi жолға шығатын техникамен өрт сөндiру депосы ғимараттарында ескерiлмейдi.
      Жеке есептеу құралдары мен жалпы үйдiң есептеу құралы 100% болған кезде жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткiштерiнiң арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес, өзге жағдайларда - тараптардың келiсiмi бойынша кондоминиум объектiсi меншiк иелерiнiң ақы төлеуiне жатады.
       Ескерту. 11-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      12. Тұтынушыдан бөлiнген су мөлшерi сарқынды суларды бұру жүйесiне:
      1) ыстық сумен жабдықтау жүйесi жабық кезде, жергiлiктi су жылытқыш пайдаланылған жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне;
      2) ыстық сумен жабдықтау жүйесi ашық кезде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiнен келiп түскен жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне ыстық сумен жабдықтауға берiлген судың мөлшерiн қосып тең қабылданады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      13. Сарқынды суларды бұру жүйесiне құйылмайтын су сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетуi үшiн ақы есептеу кезiнде есепке алынбайды.
      Есепке алынбайтын судың көлемi технологиялық есеп айырысуларға сәйкес айқындалады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      14. Есептеу құралдарынсыз Тұтынушыны тiкелей қосуға Қызмет берушiнiң рұқсатымен уақытша жол берiледi. Мұндай жағдайда берiлген қызметтер көрсетудiң мөлшерiн Қызмет берушi есеп айырысу жолымен су тұтыну нормалары бойынша белгiлейдi.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      15. Есепке алу Тұтынушының кiнәсiнен тыс уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысу алдыңғы есептi кезеңнiң орташа тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.
      16. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есептеу құралдарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледi. Қызмет берушi есептеу құралдарын арнайы бөлiнген үй-жайға орнатқан кезде олардың сақталуы үшін Қызмет берушi жауап бередi.
      17. Есептеу құралдарын белгiсiз бiр тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, оның сақталуына жауапты тұлға, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiр ай мерзiмде есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Қызмет беруші Тұтынушыны сумен жабдықтау желілерiне қосады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      17-1. Тұтынушыда суды есептеу сызбаларының бұзылу, басқару тораптарында және есептеу құралдарында пломбаларды жұлып алу және есептеу құралдарының көрсеткiштерiн бұрмалауға икемдi құралдар орнату фактiлерi анықталған жағдайда, Тұтынушыға осы фактiлер табылған күнге дейiнгi соңғы тексеру жүргiзiлген сәттен бастап суды пайдаланғаны үшiн қайта есептеу жүргізіледi, бiрақ құбырдың басқару торабына дейiн ол тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстеп тұрған кезде толық өткiзу қабiлеттілiгiнiң есебiнен екi айдан аспауға тиiс.
       Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  6. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi

      18. Тұтынушы:
      1) қызметтер көрсетудi белгiленген сапада, оның денсаулығына қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн Шарттың талаптарына сәйкес мөлшерде алуға;
      2) қажеттi көлемдегi сарқынды суды рұқсат етiлген жүктемелер шегiнде айдауға;
      3) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын орнатуды талап етуге;
      4) Қызмет берушiнiң заңнамаға қайшы келетiн әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасауға;
      5) қызметтер көрсетуге арналған тариф жобасын талқылау жөнiнде өткiзiлетiн жария тыңдауларға қатысуға;
      6) уақтылы төлем жасаған кезде оған қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға;
      7) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi тиiсiнше ұсына алмау салдарынан өмiрге, денсаулыққа және (немесе) мүлiкке келтiрiлген залалды толық көлемде өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды өтеудi белгіленген тәртiппен талап етуге;
      8) мемлекеттiк стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн қызметтер көрсетудi ұсынған жағдайда қызметтер көрсетудiң құнын қайта есептеудi талап етуге;
      9) <*>  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.
      10) егер Қызмет берушi белгiленген тәртiппен шот қоймаса, алынған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi жүргiзбеуге;
      11) Қызмет берушiнi бұл туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама берген кезде ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеп, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      19. Тұтынушы:
      1) берiлген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтер көрсетуге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      2) Қызмет берушiге қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде туындаған сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылысының және есептеу құралдарынан жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру жүйеciнің құрылысы бұзылған немесе ластайтын, улы заттарды авариялық тастау жағдайында - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға, өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметiне де дереу хабарлауға;
      3) Қызмет берушi өкiлдерiнiң желiлердiң, құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн eceптeу құралдарына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      4) қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтауға мiндеттi;
      5) оның басқаруындағы немесе қызмет көрсетуiндегi сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұрудың пайдаланылатын жүйелерiнiң сақталуын, тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздігін қамтамасыз етуге мiндетті.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  7. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      20. Қызмет берушi:
      1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
      2) <*>  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.
      3) реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданыстағы кезеңiне барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға;
      4) сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылысына техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу құралдарын тексеру мен тексерiстi ұйымдастыруға;
      5) қызметтер көрсетудi тұтынуға және оған ақы төлеудi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
      21. Қызмет берушi:
      1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсетудi уақтылы және үздiксiз ұсынуды қамтамасыз етуге;
      2)<*>  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.
      3) Тұтынушыларға қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға;
      4) ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сапасы мен мөлшерiне есеп жүргiзуге және оны бақылауға, қызметтер көрсетудi ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      5) <*>  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.
      6) Тұтынушымен қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған шарт жасасуға;
      7) Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер көрсетуге ақы төлеуге келесi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10 күнiне дейiнгi мерзiмде төлем құжатын ұсынуға;
      8) Тұтынушыларды тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      9) Тұтынушының негiзделген талаптары бойынша 24 сағаттың ішiнде ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен көлемiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;
      10) Тұтынушының сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру желiлерiн, есептеу құралдарын тексеру кезiнде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерiн алған кезде қызметтiк куәлiктi көрсетуге;
      11) алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде Тұтынушыға ауыз суды көлiк құралдарымен жеткiзiп беруге мiндеттi.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  8. Тараптарды шектеу

      22. Тұтынушыға:
      1) Қызмет берушiмен келiсiмсiз үй iшiндегi желiлердi, сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылыстары мен есептеу құралдарын қайта жабдықтауға;
      2) қызметтер көрсетудiң қолда бар есептеу схемаларын бұзуға тыйым салынады.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      23. Қызмет берушіге:
      1) басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерi бойынша Тұтынушыны қызметтер көрсетудi ұсынудан бас тартуға немесе қызметтер көрсетудi алудан шектеуге;
      2) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн peттeушi орган белгiлегеннен артық ақы алуға;
      3) Тұтынушыдан қызметтер көрсетуге оларға төлемдер құжаттарын ұсынбай ай сайын ақы төлеудi, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтер үшiн алдын ала ақы төлеудi талап етуге тыйым салынады.
      24. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

  9. Тараптардың жауапкершiлiгi

      25. Жабдықтар мен инженерлiк желiлердi тиiсiнше ұстау үшiн жауапкершiлiк оның меншiк иесiне жүктеледi және теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
      26. Шартта көзделген мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi орындамаған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тарапқа заңнамаға сәйкес келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
      27. Ұсынылған қызметтер көрсеткенi үшiн төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес (30-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлейтiн күнде қолданылатын, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасын негiзге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Тұрақсыздық айып мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбын есептеудiң басталу мерзiмi, егер Тараптардың келiсiмiмен өзгеше айтылмаған болса, келесi айдың 26 күнi болып табылады.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      28. Егер Қызмет берушi үшiн Тұтынушыға Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен қызметтер көрсету ұсыну мүмкiн болмаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi.
      29. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
      30. Құжатпен расталған ауыр материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезiнде Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өсiмпұл есептеу жөнiндегi мерзiм ұзартылуы мүмкiн.

  10. Форс-мажор мән-жайлары

      31. Тараптардың бiр де бipeуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiстi орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери iс-қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.
      Еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған кезде Қызмет берушi олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы Тұтынушыларға ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
      Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш жағдайларының әрекет ету мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
      Егер еңсерiлмес күш жағдайы 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжалды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .

  11. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      32. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
      33. Қызметтер көрсетудi ұсыну Шарты Тұтынушының белгiленген тәртiппен iс жүзiнде желiлерге бiрiншi қосу сәтiнен бастап күшiне енедi.
      Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз, ал мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес болып табылады.
       Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      34. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
      35. <*>  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894  қаулысымен .
      36. Тараптардың бiрi Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе бұзған кезде, екiншi тарап келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қоя отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
      37. Тараптардың арасындағы келiсiмге қол жетпеген кезде, даулар мен қайшылықтар сот тәртiбiмен шешiледi.
      38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      39. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзедi.
      40. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына қайшы келмейтiн басқа талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
      41. Шартта айтылмаған Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледi.

  12. Тараптардың деректемелерi

      Қызмет берушi: ____________             Тұтынушы: ___________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен  
бекiтiлген      

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.23. N 458  қаулысымен .

  Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді
ұсынуға арналған
үлгі шарт

_______________________                   200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
                                               (құжаттың атауы)
___________________________________________________________________

негiзiнде әрекет ететiн, мұнай тасымалдау бойынша табиғи монополия.
ның қызметтер көрсетуін (бұдан әрі - Қызметтер көрсету) ұсынатын
____________________________________________________________________
(қызметтер көрсетуді ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
____________________________________________________________ атынан
 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берген күні мен орган)
__________________________________________________ бір тараптан және
                  (лауазымы, аты-жөнi)
бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын, ___________________________ атынан
                                   (тұтынушының атауы)
________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі
             (лауазымы, аты-жөнi)

Тараптар деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
      Қызмет берушінің магистралды мұнай құбырларының жүйесі (бұдан әрі - ММ жүйесі) - мұнайды қабылдау пункттерінен оны жүкті алушыға беру пункттеріне дейiн тасымалдауды, көлiктiң басқа түрiне ауыстырып құюды немесе басқа сабақтас құбыр жүйелерiне берудi қамтамасыз ететiн жер асты, су асты, жер бетi және жер үстi құбырларынан, мұнайды қайта айдау станцияларынан, сорғы станцияларынан, резервуарлардан, мұнайды қабылдау, тапсыру, құйып алу, құю, жылыту, араластыру пункттерiнен және басқа да технологиялық объектiлерден тұратын бiрыңғай технологиялық жүйе;
      тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсету - мұнайды қабылдау, қайта айдау, ауыстырып тиеу, құйып алу, құю, сақтау және араластыру жөнiндегi қызметтер көрсету;
      мұнайды тапсыру және қабылдау пунктi (бұдан әрi - ТҚП) - мұнайды қабылдау және тапсыру жүргiзiлетiн, қабылдау-тапсыру құжаттары ресiмделетiн пункт;
      жүктi алушы - Тұтынушы немесе Тұтынушы тасымалдау бағытының соңында ТҚП-ға мұнайды қабылдауға уәкiлеттiк берген тұлға;
      мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейiн және жанар тақтатастарын немесе шайырлы құмдарды өңдеуден кейiн алынған көмiрсутегi;
      кесте - мұнайды Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткiзу кестесi (жылдық, тоқсандық, айлық) және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органы бекiткен экспорт;
      позициялық кесте - белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген теңiз порттарындағы тоннажды беру және орналастыру кестесi;
      төлемге тапсырма - мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге алдын ала ақы төлеу құжаты;
      бағыттық тапсырма (бұдан әрi - БТ) - Қызмет берушінiң өзiнiң филиалдарына қажеттi жүк iлеспе құжаттары, мұнайды тасымалдау бағыты, бағыт басында ТҚП-де ММ жүйесiне қабылданатын және бағыт соңында ТҚП-де Жүк алушыға тапсырылатын мұнай мөлшерi, иеленушi, мұнайды бepу тәртiбi және соңғы Жүк алушы көрсетiлген мұнай партиясын тасымалдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруға арналған тапсырмасы;
      тасымалдаудың айлық кезеңi (бұдан әрi - ТАК) - мұнайды тасымалдау және оны есепке алу жүргiзiлетiн мәскеу уақытымен қысқы кезеңде күнтiзбелiк айдың 1-күнiнiң 06:00 сағатынан бастап және мәскеу уақытымен жазғы кезеңде күнтiзбелiк айдың 1-күнiнiң 07:00 сағатынан бастап мәскеу уақытымен қысқы кезеңде келесi айдың 1-күнiнiң 06:00 сағатына дейiнгi және мәскеу уақытымен жазғы кезеңде келесi айдың 1-күнiнiң 07:00 сағатына дейiнгi уақыт аралығы;
      тасымалдаудың жылдық кезеңi (бұдан әрi - ТЖК) - 12 ТАК-ты қамтитын ұзақтығы бiр күнтiзбелiк жыл мұнайды тасымалдау кезеңi;
      мұнайдың мiндеттi ең аз жылдық көлемi - ТЖК iшiнде БТ жүйесiне Тұтынушы жеткiзуге мiндеттi, Шарттың 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органымен белгiленген тәртiппен келiсiлген мұнай тасымалдаудың жекелеген бағыттары бойынша Тараптар көздейтiн мұнай көлемi;
      мұнайдың міндетті eң аз айлық көлемi - мұнайдың міндетті ең аз жылдық көлемiнiң 1/12;
      мұнайдың кем жеткiзiлген көлемi - мұнайдың мiндетті ең аз айлық көлемiнiң немесе айлық кестеде (eгep ол мiндеттi ең аз айлық көлемнен кем болған жағдайда) бекiтiлген мұнай көлемiнiң және ММ жүйесiне тасымалдау үшiн ТАК iшiнде нақты тапсырылған мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;
      мұнайдың толық мәлiмделмеген көлемi - мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемi мен есептi ТАК-қа Тұтынушы тасымалдау үшiн мәлiмдеген мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;
      техникалық келiсiм - Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын ММ жүйесiне мұнайды қабылдау тәртiбi туралы Техникалық келiсiм.

  2. Шарттың мәнi

      2. Қызмет берушi Тұтынушыға мұнайды MM жүйесi бойынша Қазақстан Республикасының iшкi рыногына жеткiзу үшiн және/немесе мұнайды кейiннен Жүк алушыға беру арқылы экспортқа тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
      3. Тұтынушы бағыттың басында ТҚП-ға ММ жүйесiне тасымалдауға арналған мұнай көлемiн тапсыруға және мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ақы төлеуге мiндеттенедi.
      4. Мұнайдың мiндетті ең аз жылдық көлемi мынаны құрайды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

  3. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      5. Қызмет берушiнiң:
      1) Тұтынушыдан ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы ақы алуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндетті техникалық талаптарды белгiлеуге;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiппен барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға;
      4) Тұтынушыдан бағыт басында ТҚП-ға мұнайдың мiндеттi ең аз көлемiн ММ жүйесiне Шартта белгiленген талаптарда уақтылы тапсыруды талап етуге;
      5) Тұтынушыға мұнайды қабылдаудан және тасымалдаудан, соның iшiнде мынадай себептер бойынша:
      бағыттың соңында ТҚП-ға мұнайды қабылдаудан бас тартқан немесе Тұтынушының MM жүйесiнде бар ресурстарын таратпаған жағдайда;
      Тұтынушы мұнай тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсету үшiн ақы төлемеген жағдайда;
      Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда жауапкершiлiкке алып сақтаудан бас тартуға құқығы бар.
      6. Қызмет берушi:
      1) Тұтынушы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаған кезде Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде айлық кестеде көрсетiлген Тұтынушының мұнай көлемдерiн тасымалдау жөнiндегi қызметтердi Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда көрсетуге;
      2) Тұтынушыны мұнайды қабылдауды шектеуге әкелетiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы жедел хабардар етуге;
      3) Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде MM жүйесiнiң техникалық мүмкiндiктерi шегiнде жекелеген сегменттерге де, сол сияқты тұтастай алғанда MM жүйесiне де қолдануға болатын Тұтынушының мұнайға кемсiтпеушiлiкпен қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      4) есепке алудың негiзгi және резервтiк схемасы бойынша мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшейтiн құралдардың жай-күйi мен қолданылуына метрологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
      5) айлық кестенi, позициялық кестенi алған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде Тұтынушының мұнай көлемдерiн және тасымалдау бағыттарын көрсете отырып, Тұтынушыға хабарлама жолдауға;
      6) айлық кесте негiзiнде төлемге арналған тапсырмаларды ресiмдеудi жүргiзуге, оларды Тұтынушыға Шарттың 6-бөлiмiне сәйкес тасымалдау жөнiндегi Қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшiн жолдауға;
      7) Қызмет берушiнiң банктiк шотына төлемге арналған тапсырмаға сәйкес толық ақының түскен күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бағыттық тапсырманы шығаруды қамтамасыз етуге;
      8) Тұтынушыға мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге тарифтердiң өзгерiстерi туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабарлауға;
      9) Тұтынушыға ТАК-тен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн MM жүйесi бойынша ТАК үшiн мұнайды қабылдаудың және жеткiзудiң нақты көлемдерi туралы мәлiметтер беруге;
      10) Тұтынушының мұнайды тасымалдауға арналған өтiнiмiн оның түскен күнiн мiндеттi түрде көрсете отырып уақтылы тiркеуге;
      11) Тұтынушымен жасалатын көлiктiк экспедицияның жеке шарты негiзiнде таяу және/немесе алыс шет елдерге экспортталатын мұнайды жөнелтумен байланысты қызметтер кешенiн көрсетудi қамтамасыз етуге;
      12) Шартқа қол қойылған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Тұтынушыға Шарттың 8-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлген өтiнiмдер нысанын ұсынуға мiндеттi.

  4. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi

      7. Тұтынушының:
      1) тиiстi сападағы қызметтер көрсетудi алуға және Қызмет берушiден мемлекеттiк стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн қызметтердi ұсынған жағдайда қызметтер көрсету құнын қайта есептеудi талап етуге;
      2) Қызмет берушiден ТАК-тен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн есептi ТАК iшiнде ММ жүйесi бойынша мұнайды қабылдаудың және жеткiзудiң нақты көлемдерi туралы мәлiметтер алуға;
      3) Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы Шарттың 8-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн, оларды берген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде олардың түпнұсқаларын ұсынған жағдайда беруге;
      4) Қызмет берушiде мұндай қосымша көлемдердi тасымалдаудың техникалық мүмкiндiктерi болуы жағдайында мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiнен асатын мұнайдың қосымша көлемiн тапсыруды және тасымалдауды мәлiмдеуге құқығы бар.
      8. Тұтынушы:
      1) Қызмет берушiге мыналарды жолдауға:
      а) ТЖК алдындағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн - алдын ала; ТЖК алдындағы жылдың 1 қарашасына дейiн - нақтыланған нысан бойынша: Шарттың 4-тармағына сәйкес мұнайдың мiндеттi ең aз жылдық көлемiн қoca алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды жоспарланатын тоқсандық көлемге бөле отырып, MM жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерi туралы жылдық өтiнiмдi. Жоспарланатын ТЖК-ге арналған нақтыланған жылдық өтiнiм мәлiмделген көлемдердi жылдық Кестегe қосу үшiн негiз болып табылады;
      б) келесi тоқсан басталғанға дейiн қырық бес күнтiзбелiк мерзiм бұрын Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн қоса алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды жоспарланатын айлық көлемге бөле отырып, ММ жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерi туралы тоқсандық өтiнiмдi;
      в) ТАК алдындағы айдың 10-күнiнен кешiктiрмей мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн қоса алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды ММ жүйесi не тапсыруға және оны тасымалдауға арналған айлық өтiнiмдi. Осы мерзiмде ұсынылған айлық өтiнiмдер "бастапқы айлық өтiнiмдер" (бұдан әрi - БАӨ) деп аталады. ТАК-ке тасымалдауға осы тармақта көрсетiлген мерзiмнен кеш ұсынылған барлық айлық өтiнiмдер "қайталама айлық өтiнiмдер" (бұдан әрi - ҚАӨ) ретiнде қаралатын болады. ҚАӨ ММ жүйесiнiң техникалық мүмкiндiгiнiң болуы жағдайында бекiтiлген айлық кестені толықтыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органы айлық кестенi бекiткеннен кейiн Тұтынушының айлық кестеде көрсетiлген мұнай жеткiзуi көлемiн азайту мақсатындағы Тұтынушының өтiнiмдердi енгiзуiне жол берiлмейдi;
      2) Шартты қолданудың бүкiл мерзiмi iшiнде тиiстi негiзде бекiтiлген Кecтeдe көрсетілген мұнайдың көлемiн MM жүйесiне бepугe;
      3) Қазақстан Республикасының iшкi рыногына мұнайды тасымалдау кезiнде Шарттың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген хабарламаны жiберген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы мынадай құжаттар пакетiн тапсыруға:
      а) Тұтынушының мұнайдың барлық аралық иелерiн және түпкi Тұтынушыны көрсете отырып, мұнайды өзiнiң ресурстарынан жеткiзу туралы растамасын (хаттың бланктегi түпнұсқасы);
      б) Қазақстан Республикасы МӨЗ-дiң түпкi Жүк алушыны көрсете отырып, мұнайды қабылдауға келiсiмi туралы растамасын;
      4) мұнайды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз бетiнше және өз есебiнен құжаттаманы ресiмдеуге және Қызмет берушiнiң мұнай көлемдерiн және оны тасымалдау бағыттарын көрсете отырып, хабарлама жiберген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы мынадай құжаттар пакетiн:
      а) мұнайды экспортқа темiр жол көлiгiмен және Ақтау порты арқылы жеткiзген кезде:
      мұнайды экспорттауға арналған уақытша жүк кеден декларациясының түпнұсқасын;
      тауардың шығарылған жерi сертификатының көшiрмесiн;
      б) мұнайды MM жүйесi бойынша экспорттау (импорттау) кезiнде:
      мұнайды экспорттауға (импорттауға) арналған уақытша жүк кеден декларациясының түпнұсқасын (4-дана);
      тауардың шығарылған жерi сертификатының көшiрмесiн;
      Тұтынушының түпкi Жүк алушының бағытын көрсете отырып, мұнайды өзiнiң ресурстарынан жеткiзу туралы растамасын (хаттың бланктегi түпнұсқасы) бepугe құқылы;
      5) ұсынылған қызметтер көрсетуге осы Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      6) Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органына және Қызмет берушiге кестеде бекiту үшiн берiлетiн тасымалдауға арналған жылдық (айлық) өтiнiмде Шарттың 4-тармағында көрсетiлген көлемнен төмен емес мұнайдың мiндеттi ең аз жылдық (айлық) көлемiн көрсетуге;
      7) ММ жүйесiне алдыңғы ТАК үшiн мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемiн қосымша келесi ТАК-те тасымалдау үшiн мәлiмдеуге және беруге. Ауыспалы толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлем мiндеттi ең аз айлық көлемнен __% аспауға тиiс. Өтiнiмдердi түзетуге және Тұтынушының ММ жүйесiне мұнайдың қосымша көлемiн мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемi есебiнен беруге есептi тоқсанның шегiнде рұқсат етiледi;
      8) БТ ресiмделгеннен кейiн мұнайды тасымалдауға жүк iлеспе құжаттарын қайтарып алмауға;
      9) Қызмет берушi және Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;
      10) Тұтынушының құрылтай құжаттарындағы және деректемелерiндегi барлық өзгерiстер туралы тиiстi өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде Қызмет берушiге хабарлауға мiндеттi.

  5. Мұнайды көлемi мен сапасы бойынша
қабылдау және тапсыру тәртiбi

      9. Қызмет берушi мұнайды бағыттың соңында ТҚП-ға тасымалдау және тапсыру жөнiндегi барлық қызметтер көрсетудi белгiленген техникалық талаптарға, Қызмет берушiнiң белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген нормативтiк-техникалық құжаттарына және Техникалық келiсiмге сәйкес жүpгізеді.
      10. Тұтынушы мұнайды ММ жүйесiне бағыттың басында ТҚП-ға Шартта көзделген тәртiппен тапсырады.
      11. Тұтынушының MM жүйесiне тапсырған барлық мұнай Қызмет берушiнiң жауапкершiлiкпен сақтауында болады. Мұнайды жауапкершiлiкпен сақтау үшiн тариф есептеу толық ТАК-те ММ жүйесiнде болған мынадай үлгiмен анықталатын мұнайдың бөлiнбеген қалдығынан (көлемiн құзыретті мемлекеттiк орган бекiтетiн ұтқырлық, технологиялық қалдықтарды шегергенде) жүргiзiледi:
      а) егер ТАК соңында мұнайдың бөлiнбеген қалдығы ТАК басындағы қалдықтан артық болған жағдайда, онда ТАК басындағы бөлiнбеген қалдық толық ТАК-те сақталған көлем болып саналады;
      б) егер ТАК соңында мұнайдың бөлінбеген қалдығы ТАК басындағы қалдықтан аз болған жағдайда, онда көлем TAК соңындағы бөлінбеген қалдық толық ТАК-те сақталған көлем болып саналады.
      12. Мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету БТ негізінде ММ жүйесіндегі мұнайдың технологиялық жүк ағыны схемасына сәйкес бағыттар бойынша жүргізіледі.
      13. Қызмет беруші мұнайды Жүк алушыға беруді бағыттың соңында ТКП-ға сапа паспорттарын және қабылдау-тапсыру актілерін ресімдей отырып мынадай тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының МӨЗ-іне жеткізу кезінде - мұнайды жеткізу жүзеге асырылатын MӨЗ өкіліне;
      2) Кеңқияқ-Орск мұнай құбыры арқылы жеткізу кезінде - "Орскмұнайоргсинтез" ААҚ өкіліне немесе оның "Орск" ТҚП-дағы құқықтық мұрагеріне;
      3) Ақтау порты арқылы мұнайды тиеу кезінде - Жүк алушыға;
      4) мұнайды темір жол мұнай құю (құйып алу) эстакадаларында және мұнайды құюдың (құйып алудың) автомобиль пункттерінде тиеу кезінде - жүк алушыға;
      5) Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы жақын және алыс шет елдер бағытына және Ресей Федерациясының МӨЗ-iне жеткізу кезiнде "Привольжские магистральные нефтепроводы" ААҚ өкіліне немесе оның "Самара" TҚП-дағы құқықтық мұрагеріне ресiмдеп жүзеге асырады (Tapaптap мұнайды тасымалдау бағыттарына байланысты осы тармақты басқа ережелермен толықтыруға құқылы).
      14. Жүк алушыға бағыттың соңында ТҚП-де тапсырылған мұнайдың таза салмағы бойынша іс жүзіндегі мөлшерi Тұтынушыдан бағыттың басында ТҚП-де қабылданған мөлшерден қолданыстағы табиғи кему нормаларына сәйкес есептелген мұнайдың ысырап көлемiнен аз болуы тиіс.
      15. Тұтынушы негізгі схема бойынша мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшеу құралдарының жұмысын реттейiн нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын сақтамаған кезде мұнайдың мөлшерi мен сапасын анықтау жөніндегі pәcімдep бекiтiлген резервтік схемалар бойынша жүргізіледі.
      16. Тасымалданатын мұнай көлемiне меншiк құқығы бағыттың барлық өн бойында бағыттың басында ТҚП-де MM жүйесiне тапсырғаннан бастап оны бағыттың соңында ТҚП-де Жүк алушы қабылданғанға дейін Тұтынушыда болады.

  6. Тұтынушы тапсыратын мұнайдың сапасы

      17. ММ жүйесi бойынша жеткізу үшiн мұнайдың сапасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс _____________________________________.
      18. Қазақстан Республикасының iшкi рыногына жеткiзу үшiн мұнайдың сапасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс _____________.
      19. Мұнайда бос газдың және хлорорганикалық қоспалардың болуына жол берiлмейдi. Шарттың 17, 18-тармақтарында көрсетiлген талаптарға сапасы бойынша сәйкес келмейтiн мұнай ММ жүйесiне қабылданбайды.
      20. Тұтынушы және Қызмет берушi Техникалық келiсiмге сәйкес мұнайды дайындау дәрежесiн және сапасын бiрге бақылайды.

  7. Мұнайды тасымалдау кезiнде құжаттарды ресiмдеу тәртiбi

      21. Мұнайды БТ негiзiнде қабылдау және тапсыру (бағыттың басында және соңында ТҚП-де) Қызмет берушiнiң мұнайды ММ жүйесi бойынша тасымалдау кезiнде есепке алу жөнiндегi талаптарына сәйкес мынадай актiлермен ресiмделедi:
      1) ММ негiзiнде бағыттың басында ТҚП-де ресiмделген мұнайды қабылдау-тапсыру актісi мұнайды ММ жүйесiне тасымалдау үшiн қабылдаудың растамасы болып табылады;
      2) бағыттың соңында ТҚП-де ресiмделген мұнайды қабылдау-тапсыру актiсi Қызмет берушiнiң Шартқа сәйкес мұнайды тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелерiн орындағанын растайды.
      22. Тұтынушы MM жүйесінде жауапкершілікпен сақтаудағы мұнайды үшiншi тарапқа берген жағдайда Тұтынушы мiндеттi түрде Қызмет берушіге мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiн келiсу үшiн ұсынады, бiр түпнұсқасы Қызмет берушiде қалады. Қызмет берушiмен мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiн келiспеген жағдайда мұнайдың берiлген көлемiн ресiмдеу жүргізілмейді.

  8. Ақы төлеу және есеп айырысу тәртiбi

      23. Мұнайды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Тұтынушы төлем тапсырмасы және шот-фактура бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен тарифтерге сәйкес Тұтынушыға оларды қойған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде жүргiзедi. Тұтынушы төлем тапсырмасы бойынша ақы төлеудi 100% алдын-ала төлеу тәртiбiмен жүргiзедi.
      Тұтынушы тасымалдауға жататын, брутто-тонна салмағы бойынша мұнай көлемi үшiн қызметтер көрсетуге ақы төлеудi жүргiзедi.
      24. Төлем тапсырмасында және шот-фактурада көрсетiлген Қызмет берушiнiң банктiк шотына ақша iс жүзiнде есептелген күн Тұтынушының Қызметтер көрсетуге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін іс жүзінде орындаған күн деп танылады.
      25. Tөлемді аударуға байланысты шығыстарды Тұтынушы көтереді.
      26. Қызмет берушi Тұтынушыға Шарттың 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мұнайды қабылдаудың және жеткізудің іс жүзіндегі көлем туралы мәлiметтер негізінде, бағыт соңында ТҚП-ға іс жүзінде тапсырылған мұнайдың брутто салмағын көрсете отырып, шот-фактураны көрсетеді.
      27. Ақы төлеу ақша әрбiр төлем тапсырмасы және шот бойынша банк аударымдары арқылы аудару жолымен жеке жүргізіледі. Төлем тапсырмасында міндетті түрде ҚҚС сомасы, шарттың нөмірі, тасымалданатын мұнай мөлшерi, төлем тапсырмасының, шоттың нөмірі және олардың шығарылған күнi жеке жолмен көрсетiлуi тиіс.
      28. Тұтынушы үшiн қызметтер көрсетуге үшінші тұлғалардың ақы төлеуі Қызмет берушінің алдын aлa келісімімен жүргізіледі. Бұл ретте төлем құжатында 27-тармақта көрсетiлген мәліметтерден басқа, міндетті түрде Тұтынушының атауы көрсетіледі.
      29. Әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін Тараптар:
      1) Шарт бойынша өткен тоқсанның өзара есеп айырысуларына;
      2) Тұтынушының өткен тоқсандағы мұнайды жеткізу көлемiне салыстыру жүргізеді.
      Мұндай салыстырулар Қызмет берушiде есепті тоқсан аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелік күннен кешіктiрмейтін мерзiмде жүргізіледі. Егеp Тұтынушының уәкілетті өкілі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 күнiне дейiн салыстыруға келмесе, Қызмет берушi Тұтынушыға (факс арқылы) бiржақты қол қойылған актіні жiбередi, ал Тұтынушы оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларға қол қоюға не дәлелді қарсылық бiлдiруге және өзінің уәкілетті өкiлi арқылы бiр уақыттағы бағытпен факс арқылы көшірмелер жiбepугe міндетті. Тұтынушы қол қойылған актілерді не жазбаша қарсылықтарын eceптi тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 10 күнiне дейін ұсынбаған жағдайда салыстыру аяқталды деп, ал оның нәтижелерi орындауға міндетті деп саналады.

  9. Тараптардың жауапкершілігі

      30. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісті орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      31. Төлем тапсырмалары мен шоттары бойынша төлемінің мерзiмi өткені үшiн Тұтынушы Қызмет берушiге төлемнiң мерзiмi өткен күнiнiң іс жүзіндегі санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем жүргiзiлген күнге белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      32. Мұнайды ММ жүйесiне қабылдау сәтiнен бастап және оны Жүк алушыға ТҚП-ға берген сәтке дейiн тасымалдаудың соңғы бағытында Қызмет берушi оның сақталуына жауап бередi.
      33. Осы Шарттың талаптарына сәйкес айып санкцияларын төлеу шот жiберiлген күннен бастап бес банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
      34. Егер Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органы айлық (жылдық) кестеде Тұтынушының мәлiмделген мұнай көлемiн мiндеттi ең аз айлық (жылдық) көлемдерiнен кем бекiтсе, Тұтынушы мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемi үшiн жауапты болмайды, сондай-ақ Қызмет берушi де мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемiн ТАК iшiнде тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетпегенi үшiн жауапты болмайды.
      35. Тұтынушы айлық кестенi орындамаған немесе орындаудан бас тартқан жағдайда және егер бұл жағдайлар Қызмет берушiнiң қайта айдау режимiнiң азаюына не мұнай құбырының кез келген учаскесiнiң тоқтауына әкеп соқтырса, Тұтынушы Қызмет берушiнiң талабы бойынша барлық жеткiзiлмеген көлем үшiн немесе Тұтынушы бас тартқан көлемге белгiленген тарифтiң 20% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      36. Егер Тұтынушы мұнайды бағытталған пунктiнде қабылдауды қамтамасыз етпеген және бұл жағдай Тұтынушының мұнай тасымалдау үшiн iске қосылған мұнай құбыры учаскесiнiң тоқтауына себеп болған жағдайда, ол Қызмет берушiнiң талабы бойынша мұнай партияларын тасымалдау бағытының басында ресiмделген әрбiр тонна үшiн (таза салмақ) ақы төлеу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - АЕК) 0,05% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      37. Қызмет берушiнiң мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадасына олардың ақаулығынан, мұнайды құйып алу (мұнай құю) мүмкiндiгiн болдырмайтын ақаулы вагон-цистерналарын берген қажеттi iлеспе құжаттары жоқ болған, сондай-ақ мұнай құйып алу эстакадаларына бос вагон-цистерналарды берген жағдайда Тұтынушы Қызмет берушiге оның талабы бойынша әрбiр осындай вагон-цистерна үшiн 5 (бec) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      38. Қызмет берушiнiң мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадалары құйып алынған (құйылған) вагон-цистерналарды мезгiлсiз жинаумен байланысты Тұтынушының кiнәсiнен бос тұрып қалған жағдайда Тұтынушы Қызмет берушiге оның талабы бойынша мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадасының Тұтынушы мен Қызмет берушiнiң тиiстi филиалы арасында жасалатын Мұнайды қабылдау тәртiбi туралы техникалық келiсiмде белгiленген нормативтiк уақыттан артық бос тұрып қалған әрбiр сағаты үшiн 30 (отыз) АЕК мөлшерiнде өсiм пұлын төлейдi.
      39. 37, 38-тармақтарда көрсетiлген әрбiр жағдай бойынша Тараптардың өкiлдерi мен "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ өкiлi немесе басқа темiр жол тасымалдаушының өкiлiмен тиiстi акт жасалады. Тұтынушының өкiлдерi оған осындай актiнi берген күннен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде aктiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда Қызмет берушiнiң уәкiлеттi өкiлi қол қойған актiнi Тұтынушы қабылдаған болып саналады.
      40. Вагон-цистерналарды пайдалану жөнiндегi құқығын белгiлейтiн iлеспе құжаттарынсыз вагон-цистерналарды берген кезде Қызмет берушiнiң өкiлдерi вагон-цистерналардың нөмiрiн тiркейдi.
      Осы вагон-цистерналарды сол бiр пайдаланушылар iлеспе құжаттарды бұза отырып, бiр айдың iшiнде қайта берген кезде Тараптардың өкiлдерi тиiстi акт жасайды және осы Шарттың 37-бабына сәйкес айыппұл өндiрiп алады.
      41. Егер Тұтынушы мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн есептiк тоқсан iшiнде мәлiмдемеген және мәлiмделмеген көлемдi Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өтемеген жағдайда, ол Қызмет берушiге тиiстi қызметтiң тариф ставкасына есептi тоқсан үшiн мәлiмделмеген мұнай көлемiн (таза салмағын) өндiру ретiнде айқындалатын мөлшерде айыппұл төлейдi.
      42. Егер Тұтынушы (Қызмет берушi) есепті тоқсан iшiнде ММ жүйесiне мұнайдың мiндеттi ең аз үш айлық көлемiн (олар айлық кестелерде бекiтiлген жағдайда) тапсырмаған (қабылдамаған) және толық жеткiзiлмеген мұнай көлемiн Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өтемеген жағдайда, ол Қызмет берушiге (Тұтынушыға) тиiстi қызметтің тариф ставкасына есептi тоқсан үшiн толық жеткізілмеген (қабылданбаған) мұнай көлемiн (таза салмағын) өндiру ретiнде айқындалатын мөлшерде айыппұл төлейдi.
      43. Тұтынушы Шарттың 8-тармағының 1) тармақшасында белгiленген өтiнiм беру мерзiмдерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ өтiнiм Қызмет берушi белгілеген нысандарды бұзумен берілген жағдайда, Тұтынушы Қызмет берушiге 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      44. Қызмет берушi Шарттың 6-тармағының 5), 7) тармақшаларын орындамаған жағдайда, Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      45. Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мерзiмдерiн бұзғаны, сондай-ақ құжаттардың толық емес пакетiн ұсынғаны үшiн, Тұтынушы Қызмет берушiнiң талабы бойынша әрбiр бұзушылық жағдайлары үшiн 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      46. Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау шарттарын уақтылы ресiмдемегенi және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органының кестелерiмен бекiтiлген мұнайды ММ жүйесiне қабылдаудан негiзсiз бас тартқаны үшiн Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) AEК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

  10. Форс-мажорлық мән-жайлар

      47. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтеуге құқығы жоқ. Mұндай жағдайда Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
      48. Еңсерiлмес күш жағдайлары пайда болған жағдайда Тараптар олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажордың басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
      49. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайлары қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi болған дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
      50. Егер еңсерiлмес күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.

  11. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      51. Тараптар Шарттың талаптарын орындаған кезде Шарттың ережелерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      52. Тараптар Шарттың талаптарын орындау кезiнде бiр бiрiнен алған кез-келген мәлiметтер мен ақпараттың құпияда сақтауға мiндеттi (Құпия ақпарат). Тараптар Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде, сондай-ақ оның қолданысы аяқталғаннан кейiнгi бес жыл iшiнде Құпия ақпаратты қандай да бiр себеппен үшiншi тұлғаларға басқа Тараптың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бepмeугe мiндеттенедi.
      53. Тараптардың бiрi құпия ақпаратты үшiншi Тұлғаға берген жағдайда (Шарттың талаптарын орындауға қатысатын Тараптардың қызметкерлерiн және заңды уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда) беретiн Тарап үшiншi тұлғалардың алынған ақпараттың құпиялылығының сақталуын Шарттың талаптарына ұқсас шарттарда олармен жазбаша мiндеттемеге қол қою жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
      Құпия ақпаратты ашқан Тарап бұл мiндеттеменi бұзған жағдайда екiншi Тарапқа құпиялылықты сақтамау нәтижесiнде келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
      54. Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер жолымен шешедi.
      Тараптар арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сот тәртiбiмен шешiледi.
      55. Шарт 200_ "___" _________ бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__" ________ дейiн, ал орындалмаған мiндеттемелер бөлiгiнде олар толық орындалғанға дейiн қолданылады. Бұл ретте, Тұтынушы және Қызмет берушi мiндеттi түрде жыл сайын Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Техникалық келiсiм жасасады.
      56. Екi Тараптың бiрi қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт өзiнiң заңды күшiн жоймайды және ол бойынша барлық құқықтар мен мiндеттемелер олардың құқықтық мұрагерлерiне көшедi. Бұл ретте, Шарттың жаңа Тараптарының арасында тиiстi келiсiмге қол қоюы мiндеттi болады.
      57. Тараптар Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқылы.
      58. Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған, екi Тараптың уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекiтiлген жағдайда ғана заңды болып табылады. Бұл ретте, Тараптар механикалық көшiру құралының көмегiмен уәкiлеттi тұлға қолының факсимильдiк көшiрмесiн пайдалануға жол бередi.

  12. Қорытынды ережелер

      59. Шарт Тараптардың әрқайсысына бiр данадан берiлетiн бiрдей заң күшi бар 2 түпнұсқалық данада жасалды.
      60. Тараптардың Шарттан туындайтын қатынастары және олар реттемеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      61. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.

  13. Тараптардың деректемелері

      Қызмет берушi: _______________      Тұтынушы: _______________

                                            Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 28 қарашадағы 
N 1194 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Аэронавигация қызметтерiн көрсетуге арналған  үлгі шарт

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.03. N 616  қаулысымен .

_________________________                200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын _____________________________
                                       (қызметтер көрсетудi ұсынатын
____________________________________________________________________
            субъектiнiң атауы, құрылтайшы құжаттары)
_____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)

___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
       (лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын ______________________ негiзiнде әрекет
ететiн пайдаланушы ________________________________________________
               (пайдаланушының деректемелерi, құрылтайшы құжаттары,
____________________________________________________________ екiншi
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)

тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Орындаушы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде (ұшу бағытында және әуеайлақ маңайында) Тапсырысшының әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер көрсетуді ұсынады.
      2. Тапсырысшы аэронавигациялық қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.

  2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      3. Орындаушы:
      1) ұшулардың қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында техникалық, метеорологиялық және басқа себептер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуе кемелерiнiң жол жүру бағыттарын өзгертуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi өзгертуге;
      3) ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн уақтылы ақы алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      4. Орындаушы:
      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн Тапсырысшының мүдделерiне пайдалануды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың қолданыстағы талаптарына сәйкес үйлестiрудi қамтамасыз етуге;
      2) әуе кемелерiнiң (бұдан әрi - ӘК) ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету, электр-, радио байланыс құралдарын аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес ұсынуға;
      3) ұшу барысында ерекше жағдайлар туындаған кезде тиiстi қызметтердi авариялық хабарлауды қоса алғанда, әуе қозғалысын тiкелей басқаруды және ұшу барысында экипаждарға қажеттi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге;
      4) ұшу уақытында Тапсырысшыны метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
      5) Тапсырысшының ӘК экипаждарын әуе қозғалысын басқару арналары арқылы түсетiн жедел аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
      6) авиациялық телеграф байланысы арналары арқылы ұшуларды тiкелей орындауға байланысты хабарларды беруге;
      7) Тапсырысшымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының авиация саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
      5. Тапсырысшы:
      1) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
      2) Орындаушыдан тарифтердiң (алымдар ставкаларының) өзгергенi туралы олар iске қосылғанға дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      6. Тапсырысшы:
      1) Орындаушыға қажеттi жоспарларды және оған Қазақстан Республикасында ӘК қозғалысы туралы хабарлар табелiнiң талаптарына сәйкес ұшуларды орындауға арналған өзгерiстер мен ұшуларды жоспарлау мәселелерiн реттейтiн басқа құжаттарды ұсынуға;
      2) Орындаушыға ұшулар мен әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынуға;
      3) әуе көлiгiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

  3. Төлем тәртiбi

      7. ӘК-гe аэронавигациялық қызмет көрсеткенi үшiн қызметтер көрсетуге ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен peттeyдi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
      8. Орындаушы айына екi рет Тапсырысшыға ұдайы рейстердiң тiзiлiмiн қоса бере отырып шот ұсынады.
      Ұдайы рейстерге қызмет көрсету жөнiнде ұсынылып отырған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi ұсынылған шоттың негiзiнде, Тапсырысшы Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын есептеу жолымен шотты алған күннен бастап он банктiк күн iшiнде жүргiзедi.
      9. Тапсырысшының ӘК-лерiмен тапсырыс рейстерi орындалған кезде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн ақы төлеу алдын ала төлем шартымен жүргізіледі.
      10. Ұсынылған шоттарға келiспеген жағдайда, Орындаушы мен Тапсырысшы орындалған рейстердiң шоттарына және тiзiлiмдерiне нақтылау жүргiзедi.
      Шоттарды қарау мен нақтылау мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс. Шоттар мен тiзiлiмдер бойынша ақы төлеудi нақтылау осы шоттар бойынша ақы төлеу мерзiмiн тоқтата алмайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомаларды Орындаушы Тапсырысшыға келесi шотты ұсынған кезде ескередi.
      11. Орындаушының шоттарына ақы төлеу кезiнде ақша қаражатын аударуға байланысты шығыстарды Тапсырысшы жүктейдi.

  4. Тараптардың жауапкершілiгi

      12. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиесiлi орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
      13. Шартта көзделген ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырысшы Орындаушыға осы сомаларды төлеу күнгi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен аспайтын мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шартты жасаған кезде жүргiзiледi.
      14. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

  5. Форс-мажорлық жағдайлар

      15. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және басқа жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
      16. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      17. Егер тараптардың бiреуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  6. Өзге ережелер және дауларды шешу

      18. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүргізiледi.
      Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тарап басқа тарапқа бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей ескертуге тиiс.
      19. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      20. Шартқа барлық өзгерiстер, толықтырулар мен келiсiмдер жазбаша нысанда жасалады және Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      21. Тараптар бiрiн-бiрi орналасқан жерiнiң немесе нақты мекен-жайының өзгергенi туралы хабардар етуге мiндеттi.

  7. Шарттың қолданылу мерзiмi

      22. Шарт 200_жылғы "___"________ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_жылғы "___"________ 24-00 сағатты қоса қолданылады.
      23. Шарттың қолданылу мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын тараптардың бiреуiнiң мәлiмдеуi бойынша, аэронавигация қызметтер көрсетуiнiң көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

  8. Тараптардың деректемелерi

      Орындаушы:                             Тапсырысшы:
      ________________                       ________________
      ________________                       ________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 28 қарашадағы 
N 1194 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Телекоммуникациялар қызметтер көрсетуiн жергiлiктi желiлер торабын пайдаланып ұсынуға арналған
үлгi шарт

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.03. N 616  қаулысымен .

_________________________                200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Байланыс операторы деп аталатын ____________________
                                               (қызметтер көрсетудi
____________________________________________________________________
         ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтайшы құжаттары)
_____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)

___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
       (лауазымы, аты-жөнi)
әрi Абонент деп аталатын _________________________ негiзiнде әрекет
қызметтер көрсетуді пайдаланушы ___________________________________
                                  (пайдаланушының деректемелерi)
_____________________________________________________________ екiншi

тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Шарттың талаптарына сәйкес Байланыс операторы Абонентке
___________________________________________________________________
         (қызметтер көрсетудiң/қызметтер көрсетудiң түрi)
қызметтер көрсетудi ұсынуға мiндеттенедi, ал Абонент ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
      2. Абонентке __________________ терминалға қосу мекен-жайы
бойынша _________ нөмiр (-лер) бөлiнедi.
      3. Қызметтер көрсетудi ұсыну шарты Абонентпен жеке тәртiппен жасалады.
      Заңнамада көзделген жағдайларда, Абоненттiң Шарт жасасу жөнiндегi өзiнiң өкiлеттiктерiн үшiншi тұлғаларға табыстауға құқығы бар.

  2. Төлем тәртiбi

      4. Ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн ақы төлеу табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      Қызметтер көрсетудiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты тұтынушылардың бiр санаттағы Абоненттерi үшiн бiрдей белгiленедi.
      5. Абонент ақы төлеудi ай сайын iс жүзiнде ұсынылған қызметтер көрсету үшiн есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.
      6. Байланыс операторлары қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған шоттарды Абонент көрсеткен мекен-жай бойынша жеткiзуге мiндеттi.
      7. Байланыс операторының жергiлiктi телефон қосылыстарын уақытпен есептеудi жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған кезде Абонент-жеке тұлға қызметтер көрсетуге ақы төлеудiң абоненттiк немесе уақытпен есептеу жүйесiн таңдауға құқылы.
      Қызметтер көрсетуге ақы төлеудiң уақытпен есептеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша Байланыс операторы ақы төлеуге жататын жүргiзiлген жергiлiктi телефон қосылыстары туралы тегiн жазбаша ақпарат ұсынуға мiндеттi.
      Мұндай ақпарат ұсынбаған жағдайда Абонент қызметтер көрсетуге ақы төлеудi абоненттiк жүйе бойынша жүргізуге құқығы.

  3. Қосылыстардың ұзақтығын есептеу

      8. Телефон қосылыстарының ұзақтығы Байланыс операторында белгiленген телефон қосылыстарының ұзақтығын уақытпен есептеу аппаратурасының көрсеткiштерi бойынша айқындалады.
      9. Байланыс операторы ұсынатын қызметтер көрсетудiң сапасы Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдары мен мемлекеттiк стандарттар белгiлеген талаптарға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келуге тиiс.

  4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      10. Абоненттiң:
      1) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
      2) Байланыс операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекеттерiне заңнамада белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
      3) жария тыңдауларға қатысуға;
      4) қол жетiмдi жүктелiмдер шегiнде өзiне қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға;
      5) Байланыс операторынан тарифтердiң өзгергенi туралы олар iске қосылғанға дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      6) Шарттың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлемдi қайта есептеудi немесе осы қызметтер көрсетудi Абоненттiң (пайдаланушының) кiнәсiнсiз байланыс болмаған кезеңде (Абоненттiң Байланыс операторына жазбаша өтiнiшi болған кезде), телефон желiлерiнде авариялар кезiнде пайдаланғаны үшiн, Абоненттiң келiсiмiнсiз қосымша ақылы қызметтер көрсеткенi үшiн төленген қаражатты қайтаруды талап етуге;
      7) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес шұғыл жедел қызметтердi шақыру үшiн телефон байланысын тегiн пайдалануға;
      8) Байланыс операторынан деректемелер, жұмыс режимi, көрсететiн қызметтерi, техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету тәртiбi туралы қажеттi ақпарат ұсынуды талап етуге;
      9) Шартты, бұл туралы Байланыс операторына Шартты бұзу сәтiне дейiн кемiнде отыз күн бұрын жазбаша түрде хабарлай отырып, бiржақты тәртiппен бұзуға;
      10) Байланыс операторымен келiсiм бойынша, егер қызметтер көрсетудi ұсыну мерзiмдерiн сақтамау еңсерiлмес күшке негiзделген болса, ол туралы қызметтер көрсетудi орындаудың тағайындалған мерзiмi аяқталғанға дейiн Абонентке хабарланған болса, қызметтер көрсетудi орындаудың жаңа мерзiмiн тағайындауға;
      11) Жазбаша өтiнiш бойынша оның нөмiрiн анықтама-ақпарат қызметi абоненттерiнiң тiзiмiне енгiзуден бас тартуға;
      12) Абонент (пайдаланушы) алмаған қызметтер көрсетуге ақы төлеуден бас тартуға;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқығы бар.
      11. Абонент:
      1) ұсынылған байланыс қызметтер көрсетуiне ақы төлеудi уақтылы және толық көлемде жүргiзуге;
      2) қызметтер көрсетудi пайдаланған кезде белгiленген техникалық талаптарды орындауға;
      3) ақаулы, сәйкестiк сертификаты жоқ абоненттiк терминалдарды (телефон аппараттарын, факстердi, модемдердi және т.с.с.) жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерi торабына қоспауға;
      4) байланыс қызметтер көрсетуiн пайдалану кезiнде туындаған ақаулар туралы Байланыс операторына дереу хабарлауға;
      5) Байланыс операторы өкiлдерiнiң терминалдар мен байланыс құралдары орналасқан үй-жай мен аумаққа оларды қарау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету үшiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
      6) Байланыс операторына өзiнiң шығуы туралы, телефон қондырылған үй-жайларды сату туралы, өзiнiң мәртебесiнiң өзгеруi туралы, тегiнiң, тұратын мекен-жайының өзгергенi туралы бiр ай мерзiмде хабарлауға;
      7) өзiнiң Шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерiн Байланыс операторының жазбаша келiсiмiнсiз басқа тұлғаларға бepмeугe;
      8) абоненттiк желi мен терминалды өз үй-жайында жарамды қалпында ұстауға;
      9) терминалды басқа абоненттерге қасақана алаңдаушылық келтiру мақсатында пайдалануға жол бермеуге;
      10) Байланыс операторының талабы бойынша байланыс қызметтер көрсетуiн алу үшiн пайдаланылатын терминалдың түрiн хабарлауға мiндеттi.
      12. Байланыс операторының:
      1) Абоненттiң сақтауы үшiн мiндеттi заңнамаға сәйкес техникалық талаптарды белгiлеуге;
      2) ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеудi уақтылы және толық көлемде алуға;
      3) байланыс қызметтер көрсетуiн пайдаланушы шарттық талаптарды, жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзған кезде, сондай-ақ авариялық жағдай кезiнде не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде қызметтер көрсетудi ұсынуды тоқтатуға немесе шектеуге;
      4) уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен тарифтердi қолдану кезеңiнде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi төмендетуге;
      5) абоненттiк терминалдар мен байланыс құралдарына техникалық инспекцияны жүзеге асыруға;
      6) ақаулы, сәйкестiк сертификаты жоқ абоненттiк терминалдарды ажыратып тастауға;
      7) Абонент Шарттың 5-тармағында белгiленген мерзiмдерде қызметтер көрсетуге ақы төлемеген кезде, сондай-ақ Абонент Шарттың 11-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген мiндеттердi орындамаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Абоненттiң телекоммуникациялар торабына қол жетiмдiлiгiн тоқтата тұруға, бұл ретте телекоммуникациялар желiлерiне қол жетiмдiлiктi жаңарту берешектi толық көлемiнде өтегеннен немесе Шарттың 11-тармағының 6) тармақшасында көзделген ақпаратты ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi;
      8) қызметтер көрсетуге ақы төлеудiң уақытпен есептеу жүйесiн енгiзуге;
      9) Шарттың 11-тармағының 6) тармақшасында көзделген талаптар өз мәртебесiнiң өзгеруi, қызметтер көрсетуге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi сатып алу немесе жоғалту бөлiгiнде бұзылған жағдайда, ұсынылған қызметтер көрсету құнын қайта есептеудi бiржақты тәртiппен жүргiзуге;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқығы бар.
      13. Байланыс операторы:
      1) Абонент абонементтi ашу құнын төлегеннен кейiн отыз күннiң iшiнде Абонентке қызметтер көрсетудi ұсынуға;
      2) ұсынылған қызметтер көрсетудiң саны мен сапасына есептеу және бақылау жүргiзуге қызметтер көрсетудi ұсынуды бұзушылықтың алдын алу және оны жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      3) абонентке шұғыл, авариялық қызметтермен тегiн қосуларды ұсынуды қамтамасыз етуге;
      4) есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсетудi және оларды тексерудi жүргiзуге;
      5) Абонент қызметтер көрсету сапасының төмендiгi туралы өтiнiм берген күннен бастап үш күннiң iшiнде сапаны қалпына келтiру жөнiнде барлық шараларды қабылдауға және абоненттiк төлемдi қайта есептеудi жүргiзуге;
      6) ұсынылатын қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған шотты көрсетуге;
      7) сапасы бойынша байланыс саласындағы мемлекеттiк стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келетiн байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуға;
      8) Абоненттiң өтiнiмi бойынша Байланыс операторының жергiлiктi телекоммуникациялар жүйелерiнiң станциялық және желiлiк ақауларын жоюға;
      9) шоттар ұсынуды айына бiр реттен сиретпей жүргiзуге;
      10) Абоненттi қызметтер көрсетудi ұсыну ережелерiнiң өзгерiстерi туралы уақтылы хабардар етуге;
      11) Абоненттiң кiнәсiнсiз абоненттiк терминалдың iс жүзiндегi әрекетсiздiк кезеңi үшiн абоненттiк төлем сомаларына қайта есептеудi жүргізуге;
      12) Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қызметтер көрсетуге;
      13) Абоненттiң шағымдарын, оның iшiнде өткен жылдардағы да шағымдарын қарауға;
      14) Абоненттi телефон желiлерiндегi авариялар туралы және осы аварияларды жоюдың болжамды мерзiмдерi туралы хабардар етуге;
      15) Абонентке себептерiн көрсетiп, абоненттiк нөмiрдiң ауыстырылғаны туралы немесе абоненттiк құрылғыны байланыс желiсiнен ажыратып тастау ниетi туралы кемiнде он күн бұрын жазбаша хабарлауға;
      16) Абонентке қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде он күн бұрын хабарлауға;
      17) қалааралық және халықаралық телефон байланысын қосулардың уақытпен есептеу төлем жүйесін енгiзген кезде телефоншы және жергiлiктi телефон байланысы арқылы пайдалану кезiнде Байланыс операторы белгiлеген қосудың ең аз төленетiн ұзақтығы, сондай-ақ аптаның сағаттары мен күндерi бойынша тарифтердi саралау тәртiбі туралы ақпаратты Абоненттiң назарына жеткiзуге;
      18) қызметтер көрсетуге уақтылы ақы төлемегенi үшiн ажыратылған терминалды Абонент берешектi өтеу фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде қосуды жүргiзуге;
      19) Абоненттiң талабы бойынша оған қызметтер көрсетуге байланысты қосымша ақпарат беруге мiндеттi.

  5. Тараптарды шектеу

      14. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
      15. Жабдықтардың жай-күйi үшiн жауапкершiлiк жабдықтардың тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекаралары бойынша айқындалады.
      16. Абонентке:
      1) Байланыс операторының жұмысын бұзуға және байланыс құралдары мен желiлерiнiң бүлiнуiне алып келетiн iс-әрекеттер жасауға;
      2) заңнамаға қайшы келетін өзге де іс-әрекеттер жасауына тыйым салынады.
      17. Байланыс операторына:
      1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уәкiлеттi орган белгiлегеннен асатын төлемдi өндiрiп алуға;
      2) Абонентке қызметтер көрсетудi ұсыну Шартына жеке төлем үшiн ұсынылатын қосымша қызметтер көрсетудi енгiзудi таңуға;
      3) бір байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуды басқа қызметтер көрсетудi мiндеттi түрде ұсынумен негiздеуге;
      4) өзге қызметтер көрсетудi тұтыну кезiнде олар Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда қызметтер көрсетудi алған кезде Абоненттiң құқықтарын шектеуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн өзге де iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

  6. Тараптардың жауапкершiлiгi

      18. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда кiнәлi тарап басқа тарапқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтiрiлген залалдың орнын толтырады.
      19. Ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Абонент Шартқа сәйкес осы сомаларды төлеу күнгi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен аспайтын мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шартты жасаған кезде жүргiзiледi.
      20. Егер Байланыс операторы үшiн Абонентке қызметтер көрсетудi ұсынудың мүмкiн болмауы Байланыс операторымен шарттық қатынастарда тұрған басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Абонент алдында Байланыс операторы жауапкершiлiк жүктейдi.
      21. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

  7. Форс-мажорлық жағдайлар

      22. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға нeмece тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
      23. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      24. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  8. Өзге ережелер және дауларды шешу

      25. Шарттың қолданылу мерзiмiн тараптар айқындайды. Шарт iс жүзiнде қызметтер көрсету ұсынған сәттен бастап күшiне енедi.
      26. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негіздер мен тәртiп бойынша жүргізіледi.
      Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күннен кешiктiрмей ескертуге тиiс.
      27. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      28. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi.
      29. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күші бар екi данада жасалады.
      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.

  9. Тараптардың деректемелерi

      Байланыс операторы:                    Абонент:
      ________________                       ________________
      ________________                       ________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 28 қарашадағы 
N 1194 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Кейiннен порттан шығын жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кіргенi үшiн (кеменің кiруi) теңiз портының қызметтер көрсетуiне арналған
үлгi шарт

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.03. N 616  қаулысымен .

_________________________                200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ____________________________
____________________________________________________________________
     (қызметтер көрсетудi ұсынатын субъектiнiң деректемелері)

атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
       (лауазымы, аты-жөнi)

әрi Тапсырысшы деп аталатын _______________________________________
___________________________________________________________________
   (субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)

атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________________________________
                       (лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәні

      1. Орындаушы кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кiргенi үшiн (бұдан әрi - кеменiң кiруi) қызметтер көрсетедi, Тапсырысшы кеменiң кiргенi үшiн осы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде порттық алымдар төлейдi.
      2. Осы Теңiз портының қызметтер көрсетуiн ұсынуға арналған шарт Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.

  2. Есеп айырысулар тәртiбi

      3. Кеменiң кiргенi үшiн теңiз портының қызметтер көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
      4. Қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Тапсырысшы кеме теңiз портынан шыққанға дейiн соманы алдын-ала төлеу шартымен жүргiзедi.
      5. Кеме теңiз портынан шығардың алдында Тапсырысшы мен Орындаушы алдын-ала жүргізiлген төлем сомасы мен кеменiң кiргенi үшiн iс жүзiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленген соманың арасындағы айырманы айқындайды және шот жазылған күннен бастап үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.
      6. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып берген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      7. Егер Тапсырысшы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш ұсынады. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде дауласпаған шоттың бөлігін төлеуге мiндетті.
      8. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырысшы Орындаушыға Ұлттық Банк белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша төлем күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешек сомасынан тұрақсыздық айыбын төлейдi.

  3. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi

      9. Орындаушы:
      1) Тапсырысшының орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгілеуге;
      2) ұсынылатын қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
      3) Тапсырысшының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
      4) Тапсырысшы Шарттың талаптарын орындамаған кезде портқа (порттан) кеменiң кiруiне (шығуына) және Тапсырысшының кейiнгi кемелерiн айлаққа қоюға рұқсат етпеуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      10. Орындаушы:
      1) Тапсырысшының теңiз портының қызметтер көрсетуiн тең пайдалануы құқығын қамтамасыз етуге;
      2) портқа Тапсырысшымен келiсiлген кемелердi беру кестесiне сәйкес кемелердi порттың аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге;
      3) кемелердi жүктердi өңдеуге қою үшiн мамандандырылған айлақтарды ұсынуға;
      4) Тапсырысшыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн оң күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      5) Тапсырысшыны кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгізiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктірмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;
      6) Тапсырысшы мен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндетті.
      11. Тапсырысшы:
      1) Шартқа сай белгіленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
      2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктірмей ақпарат алуға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      12. Тапсырысшы:
      1) Орындаушымен келiсiлген кемелердi беру кестесiн Орындаушыға алдын-ала ұсынуға;
      2) Орындаушымен келiсiлген кемелердi портқа беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      3) Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды ұсынуға;
      4) Орындаушыны келiсiлген кемелердi портқа беру кестесiн бұзушылықтар және кестенiң бұзылу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндеттi.

  4. Тараптардың жауапкершілiгi және дауларды шешу

      13. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
      14. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

  5. Форс-мажорлық жағдайлар

      15. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
      16. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын Тарап басқа Тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы және осындай жағдайлардың аяқталуы туралы 48 (қырық сегiз) сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
      17. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтізбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы 6ap.

  6. Өзге ережелер

      18. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
      19. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерiстер қолданысқа енгізiлген сәттен бастап бес күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
      20. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күшi бар екi данада жасалады.
      21. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

  7. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын
тоқтату тәртiбi

      22. Шарт 20_ жылғы "___" ______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 20_ жылғы "___" ______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлiгінде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
      23. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      24. Шарттың қолданылуы тараптардың келiсiмi бойынша Шартқа ажырамас қосымша ретiнде қосымша келiсiм жасасу жолымен не жаңа шарт жасасылып ұзартылуы мүмкiн.

  8. Тараптардың заңды деректемелерi

      Орындаушы:                              Тапсырысшы:
      ________________                       ________________
      ________________                       ________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 28 қарашадағы 
N 1194 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Теңiз портының тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтер көрсетуiне арналған
үлгі шарт

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.03. N 616  қаулысымен .

_________________________                200_ жылғы "___"__________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ___________________________
____________________________________________________________ атынан
    (қызметтер көрсетудi ұсынатын субъектiнiң деректемелері)

___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
       (лауазымы, аты-жөнi)

әрi Тапсырысшы деп аталатын _______________________________________
___________________________________________________________________
   (субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)

атынан ____________________________________________________________

негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ екiншi
                                 (лауазымы, аты-жөнi)

тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Орындаушы Шартқа сәйкес теңiз портының кемелерге тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынады, Тапсырысшы оларға Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
      2. Теңiз портының кемелерге тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтер көрсетуiн ұсынуға арналған Шарт Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.

  2. Есеп айырысулар тәртiбi

      3. Теңiз портының кемелерге тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтер көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      4. Теңiз портының кемелерге тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтер көрсетуiне төлемдердi Тапсырысшы соманы алдын-ала төлеу шартымен жүргiзедi.
      5. Тиеу (түсiру) аяқталғаннан кейiн Тапсырысшы мен Орындаушы алдын-ала жүргізiлген төлем сомасы мен коносаментте көрсетiлген iс жүзiнде өңделген жүк үшiн төленген соманың арасындағы айырманы айқындайды және шот жазылған күннен бастап үш күнтізбелiк күннен кешiктiрмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.
      6. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып беретiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      7. Шотты алған сәттен бастап бес күнтізбелік күн iшiнде Тапсырысшы Орындаушыны көрсетілген мерзiмде шоттың төленбеуiне байланысты, сол даулы мәселелер туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.

  3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      8. Орындаушы:
      1) Тапсырысшының сақтауына мiндетті техникалық талаптарды  белгiлеуге;
      2) ұсынылатын қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
      3) Тапсырысшының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      9. Орындаушы:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, көрсетiлген қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларын қоспағанда, теңiз портының кемелерге тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтер көрсетудi тұтынушыларға тең жағдайлар беруге;
      2) Тапсырысшымен келiсiлген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiне сәйкес порттың аумағына кемелердi қабылдауды қамтамасыз етуге;
      3) Тапсырысшыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      4) Тапсырысшыны кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;
      5) Тапсырысшымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
      10. Тапсырысшы:
      1) Шартқа сай белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
      2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      11. Тапсырысшы:
      1) Орындаушыға кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiн және жүктердi әкелу (әкету) жөнiндегi ақпаратты: жалпы және салмақтық сипаттамасын көрсетiп, көлемiн, номенклатурасын, жүктердiң ерекшелiктерiн алдын-ала ұсынуға;
      2) Орындаушымен келiсілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      3) Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды ұсынуға;
      4) Орындаушыны келiсілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiн бұзушылықтар және кестенiң бұзылу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндетті.

  4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу

      12. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілiк жүктейдi.
      13. Орындаушы жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшін мүлiктiк жауапкершілiк жүктейдi. Орындаушының техникалық операциялары салдарынан келтiрiлген зиянның орнын ол:
      1) жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалған немесе жетiспеген жүк құнының мөлшерiнде;
      2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда, оның құны төмендетілген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құнының мөлшерiнде толтырады.
      14. Шарттың талаптарын тиiсiнше орындауға қатысты туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      15. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда Тапсырысшы Орындаушыға төлем күнiн қоса алғанда, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн берешек сомасының 0,5 % мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

  5. Форс-мажорлық жағдайлар

      16. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери іс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
      17. Еңсерілмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы және осындай жағдайлардың аяқталуы туралы қырық ceгіз сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
      18. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  6. Өзге ережелер

      19. Тараптар үшiн мiндеттi Шарттың талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес айқындалады.
      20. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
      21. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      22. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
      23. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерiстер қолданысқа енгізiлген сәттен бастап бес күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
      24. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

  7. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын
тоқтату тәртiбi

      25. Шарт 20__жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 20__жылғы "___" _______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлiгiнде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
      26. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi Тапсырысшының соңғы жүктi тиеуге (түсiруге) ресiмдегенiнен және Орындаушының шотына соңғы төлемдер түскеннен кейiн тоқтатылады.
      27. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      28. Шарттың қолданылуы ұзартылуы, ал осы Шартқа ажырамас қосымша ретiнде қосымша келiсiм жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен тараптардың келiсiмi бойынша артық тиелген жүктiң бiрдей саны көбейтілуi мүмкiн.

  8. Тараптардың заңды деректемелерi

      Орындаушы:                             Тапсырысшы:
      ________________                       ________________
      ________________                       ________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 28 қарашадағы 
N 1194 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Әуежайлар қызметтерiн көрсетуге арналған
үлгі шарт

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.03. N 616  қаулысымен .

_________________________                200_ жылғы "___"__________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Әуежай деп аталатын, ______________________________
                                          (қызметтер көрсетудi
___________________________________________________________________
     ұсынатын табиғи монополия субъектiнiң деректемелері)

атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
_________________________________________________ бip тараптан және
        (лауазымы, аты-жөнi)

бұдан әрi Тасымалдаушы деп аталатын _______________________________
____________________________________________________________ атынан
   (субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)

негiзiнде әрекет ететiн ___________________________________________
                                   (лауазымы, аты-жөнi)

екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәні

      1. Әуежай осы Шартқа сәйкес әуежайлардың _____________________
__________________________________________________________ қызметтер
                (қызметтер көрсетудiң атауы)

көрсетуiн жүзеге асыруға, ал Тасымалдаушы осы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Әуежайдың қызметтер көрсетуiне ақы төлеуге мiндеттенедi.
      2. Осы Әуежай қызметтер көрсетуiн ұсынуға арналған шарт Тасымалдаушымен жеке тәртiппен жасалады.

  2. Есеп айырысулар тәртібі

      3. Әуежайдың қызметтер көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
       4. Алынып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.01.26.   N 63   қаулысымен.
      5. Тараптар арасындағы есеп айырысулар Әуежай жазып беретiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Әуежай ай сайын Тасымалдаушыға Әуежай орындаған қызметтер көрсетудiң және Тасымалдаушы төлеген төлемдердiң салыстыру актiсiн (бұдан әрi - өзара есеп айырысуларды салыстыру актісi) ұсынады. Тасымалдаушы өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiн алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оған өз тарапынан қол қояды немесе оған қол қоюдан дәлелдi бас тартуды Әуежайдың мекен-жайына жiбередi.
      Тасымалдаушы дәлелдi бас тартуды ұсынбаған жағдайда, өзара есеп айырысуларды салыстыру актісiне Тасымалдаушы қол қойды және таныды деп саналады.
      Тасымалдаушы тарапынан өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiне қол қоюда дәлелдi бас тарту болған жағдайда, тараптар Әуежай Тасымалдаушыдан дәлелдi бас тартуды алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде келiспеушiлiктi реттеуге тиiс.
      7. Басқа тараптың алдында дебиторлық берешегi бар тарап өзара есеп айырысуларды салыстыру актісiнiң негізiнде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісiне қол қойылған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде кредитор алдындағы берешек сомасын төлеудi жүзеге асырады.

  3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      8. Әуежай:
      1) Тасымалдаушы орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;
      2) ұсынылған қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
      3) Тасымалдаушының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      9. Әуежай:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларын қоспағанда, Тасымалдаушыға әуежай қызметтер көрсетуiн пайдаланудың тең шарттарын ұсынуға;
      2) Әуежаймен келiсiлген Тасымалдаушы рейстерiнiң қозғалыс кестесiне сәйкес кейiннен әуе кемелерiн шығарып әуежай аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге;
      3) Тасымалдаушыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн оң күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;
      4) Тасымалдаушыны ұсынылатын қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмдерiнiң себептерi мен мерзiмi туралы хабардар етуге;
      5) Тасымалдаушымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының әуе көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
      10. Тасымалдаушы:
      1) осы Шартқа сай белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
      2) Әуежайдан тарифтердiң өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      3) Әуежайдың кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      11. Тасымалдаушы:
      1) Әуежаймен рейстердiң қозғалыс кестесiн алдын-ала келiсуге, әуе кемесiне (жүктi, почтаны, жолаушыларды, қол жүгiн) тиеу туралы ақпарат ұсынуға;
      2) Әуежайдың аймағында жұмыстардың барлық түрлерiн ұшулардың қауiпсiздiгiн, авиациялық қауiпсiздiктi, санитарлық режимнiң нормаларын қамтамасыз етудi регламенттейтiн талаптарға қатаң сәйкестiкте жүргiзуге, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету, қол жүктердi, почтаны, жүктерді өңдеу жөнiндегi қолданыстағы ережелердi сақтауға;
      3) Әуежаймен келiсiлген рейстердiң қозғалыс кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      4) Әуежайға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттарды ұсынуға;
      5) Әуежайдың қызметтер көрсетуiне ақы төлеудi Шартта белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
      6) Әуежайды рейстер қозғалысының келiсiлген кестесiн бұзушылықтар және оны бұзудың себептерi туралы уақтылы хабардар етуге мiндеттi.

  4. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу

      12. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
      13. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қаралады.

  5. Форс-мажорлық жағдайлар

      14. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кідірткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерілмес күштің (көздеуге немесе жоюға мүмкін болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
      15. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа еңсерiлмес күш жағдайларының туындағаны туралы және аяқталуы туралы 48 (қырық сегiз) сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
      16. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннің iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тарап бiрiншi тарапқа шартты бұзған күнiне дейiн он жұмыс күннен кешiктiрмей бұл туралы хабарлап, Шартты бұзуға құқығы бар.

  6. Өзге ережелер

      17. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерiстер пайда болған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
      18. Шарттың талаптары тараптар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      19. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
      20. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
      21. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

  7. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын
тоқтату тәртібі

      22. Шарт 20_ жылғы "___"______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 20_ жылғы "___"______ 24-00 сағатты қоса, ал тараптардың мiндеттемелерi бөлiгiнде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
      23. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда не Шарттың талаптары бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкін.
      24. Шарттың қолданылуы тараптардың келiсiмi бойынша осы Шартқа ажырамас бөлiк ретiнде қосымша келiсiм жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкiн.

  8. Тараптардың заңды деректемелерi

      Әуежай                                 Тасымалдаушы
      ________________                       ________________
      ________________                       ________________

Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң           
2003 жылғы 28 қарашадағы     
N 1194 қаулысымен        
бекітілген            

          Электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiнде
            қызметтер көрсетуге арналған  үлгі шарт

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.01. N  546  (қолданысқа енгізілу тіртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

___________________              200__жылғы "__"___________________
(шарттың жасалған орны)
 
      Бұдан әрi, Орындаушы деп аталатын____________________________
___________________________________________________________________
(электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі қызметтер
көрсетудi -
___________________________________________________________________
өңірлік және/немесе жергілікті деңгейлер желілері бойынша ұсынатын
субъектінің атауы, құрылтай
___________________________________________________________________
құжаттары, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен
берген орган)
____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
__________________________________тұрғысында бiр тараптан және бұдан
    (лауазымы, аты-жөнi)
әрі Тапсырысшы деп аталатын________________________негiзiнде әрекет
ететін_____________________________________________________________
  (пайдаланушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
    тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен берген орган)
_________________________________________________________тұрғысында
                   (лауазымы, тегi, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерiмдiк тиесілілiк бөлiмiнің шекарасы - тараптарға меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе заңмен белгiленген өзге негiздер бойынша тиесiлі болатын электр энергиясын бepудің соңғы пунктiнде теңгерiмдiк тиесiлiлiктi ажырату актiсiмен айқындалатын олардың электр желiлерi бөлiмiнiң шекарасы;
      электр энергиясының сапасы - нормативтік техникалық кесімдерде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн электр энергиясы жарамдылығының дәрежесi;
      электр энергиясының көлемi - Орындаушы мен Тапсырысшының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесілiк бөлiмiнiң шекарасында коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша қызметтердiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тапсырысшының атына берiлген электр энергиясының мөлшерi;
      өтiнiм - Тапсырысшы қол қойған және Шартта белгіленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын берудің уақыт кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегі көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
      электр энергиясын беру және/немесе бөлу - Орындаушының электр желiлерi, кiшi станциялары және бөлу құрылғылары бойынша қабылдау пункттерiнен Тапсырысшы желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлілiк бөлiмiнiң шекарасына дейiн электр энергиясын беруге және/немесе бөлуге байланысты энергия берушi ұйым көрсететiн қызмет;
      коммерциялық есептеу құралы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртiппен қолдануға рұқсат етілген электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      қабылдау пунктi - электр энергиясының көлемiн Орындаушының желілерi бойынша жеткiзу пункттерiне дейiн кейiннен беру үшін оны Тапсырысшы Орындаушыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесілілiк бөлiмiнiң шекарасында қосу (қосулар жүйесi);
      жеткізу пунктi - Орындаушы электр энергиясын Тапсырысшыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесілілік бөлiмiнiң шекарасында қосу (қосулар жүйесi);
      есеп айырысу кезеңi - Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметiне есеп айырысу жүргізiлетiн айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiн бiр күнтізбелiк айға тең уақыт кезеңi;
      реттеушi орган - табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган немесе белгiленген құзырет шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган;
      тәулiктiк кесте - Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясының рыногы субъектілерiнiң 00-00 сағаттан 24-00 сағатқа дейiн электр энергиясын өндiрудiң, берудің, жеткiзудiң және тұтынудың әрбiр күнтiзбелiк тәулiкке орташа сағаттық шамаларын регламенттейтiн құжат;
      электр энергиясын есептеу схемасы - оларға есеп айырысу үшiн берілетін электр қуатының және энергиясының есебiн қамтамасыз ететін электр энергиясын есептеу құралдарының белгілi бiр электр қосылысы;
      уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      нақты теңгерiм - есеп айырысу кезеңiнде осы рынок субъектілерi электр энергиясының бөлшек сауда рыногында өндiрген, жеткiзген және тұтынған электр энергиясының көлемдерiн атаулы бөлудi белгілейтiн құжат;
      электр энергиясының нақты көлемi - Орындаушы Тапсырысшының атына берген, коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерінің негiзiнде айқындалған және тараптардың салыстыру актiсiмен расталған электр энергиясының көлемi;
      электр желiлерi - Орындаушыға да және/немесе Тапсырысшыға да және үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де негiздер бойынша тиесілі кiшi станциялардың, бөлушi құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр беру желілерiнiң жиынтығы;
      энергия өндiрушi ұйым - электр энергиясын өндiрудi жүзеге асыратын ұйым.

  2. Шарттың мәнi

      2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар (электр энергиясын өңiраралық және/немесе жергілікті деңгейлердiң желiлерi бойынша беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары):
___________________________________________________________________
 (осы тармақта нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына
___________________________________________________________________
сәйкес келуге тиіс мiндетті талаптар (Шарттың мәнінің техникалық
талаптары мен сипаттамалары) көзделедi)

      3. Орындаушы Тапсырысшының тұтынушыларына теңгерiмдiк тиесілігi және/немесе Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiгi және/немесе пайдалану жауапкершілігі шегiнде Орындаушының электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      4. Тапсырысшы Орындаушының Шартта белгіленген талаптардың негiзiнде электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеуге, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық талаптарды орындауға мiндеттенедi.

  3. Қызметтер ұсыну шарттары

      5. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу осы Шартқа сәйкес жүргiзiлген ықтимал түзетудi ескере отырып, тоқсандар, айлар бойынша бөлумен Тапсырысшының электр энергиясын беру көлемдерінiң жылдық өтiнiмнiң негізiнде және оған сәйкес жүргiзіледi.
      6. Алдағы тоқсанға арналған өтінім тиiстi тоқсан басталғанға дейiн алпыс күнтiзбелiк күннен кешіктiрмей беріледі. Өтiнiмдi тоқсан басталғанға дейiн 20 күн бұрын Тапсырысшының түзетуiне жол беріледі.
      7. Алдағы айға арналған өтiнiм тиiстi есеп айырысу кезеңi басталғанға дейiн он күнтізбелiк күннен кешiктірмей беріледі.
      8. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу көлемдерiнiң өтiнiмiн Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша нысанда бередi.
      9. Электр энергиясын шарттасқан берудiң және/немесе бөлудiң айлық көлемiн түзету жөнiндегi ұсыныстарды Тараптар өзгерiстер басталғанға дейiн кемінде 1 (бiр) тәулiк бұрын жедел келiседi және шарттық шама көлемiн түзету жөнiндегi өтiнiм түрiнде ресiмдейдi.
      Электр энергиясының тәулiктік көлемiнiң және оларды қуаты бойынша бөлудiң айлық өтінiмiне Тапсырысшының түзетуiне жол беріледі. Түзету:
      1) көлемi түзетілетiн алдағы тәулiктерге тәулiктің 10-00 сағатынан кешiктiрмей берілетін тәуліктік өтiнiм;
      2) көрсеткiштерi түзетiлетiн мерзiм басталғанға дейiн отыз минуттан кешiктiрмей берілетін жедел өтiнiм арқылы жүзеге асырылады.
      10. Тәуліктік өтiнiмдi Тапсырысшының уәкілетті өкiлi факсимильдiк байланыс арқылы бередi.
      11. Телефонограмма нысанындағы жедел өтiнiмдi кейiннен оны мiндеттi түрде жазбаша ресiмдей отырып, Тапсырысшының уәкілетті өкілі бередi. Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша хабарлама арқылы жедел өтінiмдер берушi уәкілетті өкілдiң тегiн, аты мен әкесiнiң атын уақтылы хабарлайды.
      Орындаушыға Шартты орындау мақсатында Тапсырысшының айлық, тәулiктiк, жедел өтiнiмдерін, сондай-ақ мереке және демалыс күндерi түсетiн жедел өтінімдерiн қабылдауға тиiстi телефондардың және/немесе факсимильдiк аппараттардың нөмiрлерi өзгерген кезде Орындаушы Тапсырысшыны бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндеттi.
      12. Есеп айырысу кезеңінде жол берілетін шама электр энергиясын берудiң және/немесе бөлудiң нақты көлемiнiң мәлімделгеннен азаю жағына 10 % ауытқуы болып саналады.

  4. Электр энергиясын есепке алу

      13. Орындаушы жеткізу пункттерінде есеп айырысу кезеңi ішінде берген және/немесе бөлген электр энергиясының нақты көлемi теңгерiмдiк тиесілiлiк шекараларында орнатылған коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi негiзiнде есеп айырысу кезеңiнiң бiрiншi күнтізбелiк күнінің 00-00 сағатынан бастап соңғы күнтiзбелiк күнiнің 24-00 сағатына дейiн айқындалады.
      Есеп айырысу кезеңi iшiнде берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының нақты көлемi коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негізінде жасалатын берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемдерін салыстыру актiсiмен расталады.
      14. Тараптардың коммерциялық есептеу құралдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Тараптар көрсеткіштерді алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен коммерциялық есептеу жүйелерiнiң техникалық жай-күйін тексеру үшін бiр-бiрiне жұмыс күндерi сағат 8-00-ден бастап 20-00-ге дейiн коммерциялық есептеу құралдарына қол жеткiзуге рұқсат беруге тиiс. Егер айлық көрсеткiштердi алу кезiнде тараптардың бiрi болмаса, онда екiншi тарапқа көрсеткiштердi алуды дербес жүргізуге рұқсат беріледі.
      15. Тараптар тараптардың қолдары қойылатын және мөрлерiмен расталатын тиiсті есеп айырысу кезеңi iшiнде берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн келесi есеп айырысу айынан кейiнгі күнтiзбелiк айдың 5 күнiне дейiнгi мерзiмде ресiмдейдi. Салыстыру актiсi есептiден кейiнгі күнтізбелiк айдың 3 күнiнен кешiктiрмей Орындаушы Тапсырысшыға ұсынған коммерциялық есептеу құралдары деректерінің негізінде жасалады. Тараптардың бiрi салыстыру актісiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн растайтын құжат нақты теңгерiм болып табылады.
      16. Егер электр энергиясының есебi Орындаушы мен Тапсырысшының теңгерiмдiк тиесілілік бөлiмiнiң шекарасынан жүргiзiлмеген жағдайда, онда берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының нақты көлемi шекарадан есептеу құралдары орнатылған орынға дейінгі учаскедегi электр энергиясының ысыраптарын қоса отырып, коммерциялық есептеу құралдары бойынша айқындалады.
      Шекарадан есептеу құралдары орнатылған орынға дейiнгi учаскедегi электр энергиясының есептiк ысыраптарын Орындаушы айқындайды және желiнiң осы учаскесi теңгерiмiнде тұрған тараптың шотына жатқызады.
      Егер Тапсырысшы ысыраптардың есептiк шамасымен келiспеген жағдайда, ол өз есебiнен энергетикалық сараптама жүргiзуге уәкілетті органның рұқсаты бар ұйымды тарта отырып, сараптама жүргізуге құқылы.
      Егер көрсетiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша ысыраптардың есептiк шамасы асыра көтерiлгенi анықталған жағдайда, онда осы шығындарды Орындаушы өтеуге тиiс.
      17. Тараптар өз есебiнен өздерiнiң теңгерiмiнде тұрған коммерциялық есептеу құралдарына тиiстi метрологиялық стандарттармен көзделген мерзiмде метрологиялық тексерулер жүргізеді.
      Тараптар талап етушi тарап есебiнен жүргiзілетiн қосымша тексерулер жүргiзудi талап ете алады.
      Егер қосымша тексеру кезiнде коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң олардың дәлдiк класы жол беретiн ауытқудан асқаны анықталған жағдайда, онда қосымша тексеру жөнiндегi шығындарды коммерциялық есептеу құралдарының иесi төлейдi.
      18. Орындаушы электр энергиясын есептеу схемасындағы бұзушылықтарды, есептiк есептеу құралдарындағы ақауларды тапқан кезде, Орындаушы Тапсырысшыны немесе оның тұтынушысын электр желiсiнен ажыратады, тиiстi акт ресiмдейдi және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар және/немесе ақаулар анықталған сәттен бастап 24 сағат ішінде заңнамада белгіленген тәртiппен Тапсырысшыға берiлген электр энергиясының көлемiне қайта есеп айырысу жүргiзедi.
      Акт Орындаушы өкiлiнiң және тексерiлетiн Тапсырысшының немесе оның тұтынушысының не олардың өкiлiнiң қолы болған кезде жарамды. Акт Тапсырысшы немесе оның тұтынушысы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да бiрақ оны Орындаушының және/немесе құрамына кем дегенде үш адам кiретiн кондоминиумды басқару органының комиссиясы ресiмдеген кезде жарамды деп есептеледі.
      Тапсырысшыны немесе оның тұтынушысын электр желiсiне қосу Орындаушы анықталған бұзушылықтарды жойған және жүргiзiлген қайта есеп айырысуға сәйкес ақы төлеген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      19. Орындаушы Тапсырысшының тарапынан шарттық талаптар бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi шектеуге немесе тоқтатуға құқығы бар.
      20. Орындаушы мынадай жағдайларда:
      1) Тапсырысшы Шарттың талаптарын және/немесе қолданыстағы заңнамада қойылатын талаптарды бұзған кезде;
      2) егер сатушы босататын iстен шыққан қуатты ауыстыру және/немесе Орындаушының электр желілері бойынша электр энергиясының бағытын және қуатын Тапсырысшының мекен-жайына өзгерту мүмкiн болмаса, авариялық жағдай туындаған кезде;
      3) егер электр энергиясын басқа бағыт бойынша беру және/немесе бөлу мүмкiндiгi болмаса, Тапсырысшының келiсімi бойынша оларды өткiзу мерзiмiне жөндеудің жылдық немесе айлық кестесiнде көзделген өздерiнiң электр желiлерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзген кезде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге іс-әрекеттердi жасауға, сондай-ақ Тапсырысшыға электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi шектеуге немесе толығымен тоқтатуға құқығы бар.
      21. Орындаушы:
      1) электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтердiң барлық тұтынушылары үшін тең жағдайлар ұсынуға;
      2) реттеушi орган бекіткен тарифтер бойынша электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi көрсетiлген қызметтер үшін ақы алуға;
      3) осы Шартта белгіленген жағдайлардан басқа электр энергиясын беруде және/немесе бөлуде үзiлiстерге жол бермеуге міндетті.
      22. Тапсырысшының:
      1) жасалған Шартқа сәйкес Орындаушының электр энергиясын беру және/бөлу жөнiндегi қызметтерiн пайдалануға;
      2) Орындаушыдан электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi тоқтатудан, электр энергиясын кем жеткiзуден немесе жасалған Шарттың белгілі бip талаптарына сәйкес оның стандарттық өлшемдерiне жауап бермейтiн жеткiзуден келтiрілген залалдарды өтеудi талап етуге;
      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгiнуге құқығы бар.
      23. Тапсырысшы және оның тұтынушысы:
      1) ток қабылдағыштар мен коммерциялық есептеу құралдарын тиісті техникалық жай-күйде ұстауға, нормативтiк құқықтық кесiмдермен айқындалатын техникалық шарттарды орындауға;
      2) Шартта белгіленген энергияны тұтыну режимдерiн сақтауға;
      3) Шарттың талаптарына сай электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегi қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;
      4) Орындаушының қызметкерлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес электр қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн Мемэнергияқадағалаудың қызметкерлерiн коммерциялық есептеу құралдарына жiберуге;
      5) Орындаушыға Тапсырысшының тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзудiң тәулiктiк кестелерiн ұсынуға міндетті.

  

  6. Тараптарға қойылатын талаптар

      24. Тапсырысшыға қойылатын талаптар:
      1) қабылдау пункттерiнде тиісті сападағы электр энергиясын оны электр желiлерi арқылы Тапсырысшының жеткiзу пункттерiне мәлiмделген кестеге сәйкес көлемде беру үшiн Орындаушыға беру;
      2) электр тұтынудың режимiн жүргiзу жөнiндегi орталық диспетчерлiк басқармасының, диспетчерлiк қызметтiң, өңiрлiк диспетчерлiк орталықтың пәрмендерiн орындау;
      3) күн сайын сағат 10-00-ге дейiн энергия өндiрушi ұйыммен келісілген жедел өтiнiмдi, онда Тапсырысшының келесi тәулiктерге арналған жүктелiмнiң тәулiктiк кестесiн көрсете отырып, ұсыну. Өндiрiстік қажеттiлiк жағдайында (авариялық жағдайлар, жүктелiмдердiң технологиялық төмендеуi) жедел өтiнiм түзету үшiн Орындаушыға дереу жолданады;
      4) күн сайын сағат 10-00-ге дейiн өткен тәулiктер iшiнде берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының нақты көлемi туралы Орындаушыға ақпарат беру;
      5) Орындаушыға бiр энергия көзiнен басқасына өту туралы осындай өту басталғанға дейiн кемiнде 72 сағат бұрын ескерту;
      6) Шарт жасасу кезiнде (eгep Тапсырысшы энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiсi болып табылса) Орындаушыға авариялық бронь актiсiн және банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерiнiң энергияны авариялық бронь мөлшерiнде тұтынғаны үшiн есеп айырысу жөнiндегi кепілді мiндеттемелерiн ұсыну;
      7) электр энергиясын импорттау жағдайында Тапсырысшы өзiне кейiннен Орындаушының желiлерi бойынша беру үшiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн электр энергиясын декларациялау және кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ осыған байланысты оның барлық көлемi бойынша тиiстi салықтар мен алымдарды төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Бұл ретте Тапсырысшы Орындаушы үшін электр энергиясын беруге арналған рұқсат болып табылатын кедендiк декларацияның төртiншi данасын Орындаушыға беруге мiндеттi;
      8) Тапсырысшының немесе оның тұтынушыларының басқаруындағы және қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясы мен қуатын беруге және/немесе бөлуге байланысты пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету.
      25. Орындаушыға қойылатын талаптар:
      1) электр желiлерi бойынша тиісті сападағы электр энергиясын Тапсырысшының тұтынатын қуатының тәулiктiк кестесiне сәйкес беру;
      2) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерi үшiн қажетті көлемде электр энергиясын Шартқа жеке келiсiм негiзiнде банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) кепiлдi мiндеттемелерiн ескере отырып, авариялық бронь актiсiне сәйкес берудi және/немесе бөлудi қамтамасыз ету.
      26. Егер электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi шектеу/бағытын өзгерту қажеттігi Орындаушының электр желiлерiндегi авариялық жағдайдан туындаса, соңғысы Тапсырысшының атына дереу хабарлама жолдайды.

   7. Есеп айырысу тәртiбi

      27. Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі қызметтерiне ақы төлеудi Тапсырысшы реттеушi орган бекiткен тарифке сәйкес жүргiзедi.
      28. Тариф өзгерген жағдайда, Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тариф қолданысқа енгізілгенге дейiн он күнтізбелiк күн бұрын хабардар етедi.
      29. Түпкiлiктi есеп айырысуды Орындаушының берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемдерiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде шығарылған төлемге шот-фактурасын iс жүзiнде ұсынған сәттен бастап Тапсырысшы бес банктік күн ішінде жүргiзедi.
      30. Тапсырысшы Шарттың 15-тармағында көзделген мерзiмде оған берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi iшiндегi Орындаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерi берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн салыстыру актісі ұсынылған жағдайда, кейiннен Орындаушының келесi есептiк кезеңдегі қызметтерiне ақы төлеу мөлшерiн түзете отырып, Орындаушының берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемi туралы қолда бар жедел деректерiне сәйкес айқындалады.
      31. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлем бiрiншi кезекте осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзiндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық соманың айырмасы келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге міндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) автоматты түрде есептеледi. Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiне арналған қызметiнен бас тартса, Тапсырысшының Орындаушының алдындағы өзге де мiндеттемелерi бойынша берешегiн (eгep осындай болса) өтеуге жүретiн соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
      32. Егер Тапсырысшы шығарылған шоттың дұрыстығын дауласа, ол осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Орындаушыны хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дауланбаған бөлiгiн төлеуге міндетті.
      33. Егер бақылау-өлшеу құралдарының жарамсыздығының нәтижесiнде шоттарға түзету қажет болған жағдайда және басқа да жағдайларда, Тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгiзедi.
      34. Шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына немесе Тапсырысшыға жолданған хабарламада Орындаушы көрсеткен деректемелер бойынша үшіншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегi қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.
      35. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге ақы төлеудiң қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.
      36. Орындаушының электр желілеріндегi электр энергиясының нормативтiк ысыраптары есеп айырысу жолымен анықталады және оларды заңнамада белгiленген тәртiппен уәкілетті орган бекiтедi. Орындаушының электр желiлерiндегi электр энергиясының iс жүзiндегi ысыраптарының құнын Орындаушы генерациялау көзiне төлейдi.

  8. Тараптардың жауапкершілігі

      37. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      38. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша, төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы Тапсырысшыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзінде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 еселiк қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.
      39. Есеп айырысу кезеңi iшiнде электр энергиясын берудiң және/немесе бөлудің айлық көлемi тараптармен келiсiлгеннен Орындаушының кiнәсi бойынша iс жүзiнде төмендеген кезде, соңғысы кез келген көздерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тапсырысшы электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызмет құнының мөлшерiнде кем жеткiзiлген электр энергиясының көлемiн негiзге ала отырып, айыппұл салуға құқылы.
      40. Егер энергия өндiруші ұйым Тапсырысшының атына шарттасқаннан төмен қуат берген жағдайда, онда Орындаушы сатушы босатқан қуатқа теңгерілетін шамаға дейiн Тапсырысшының атына берiлген қуатқа шектеу жүргізедi.
      41. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi үшiн, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын/қуатын кем бергенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындаған салдарларға жауапкершілiк толығымен Тапсырысшыға жүктеледi. Бұл ретте Тапсырысшының тұтынушыларының, оның iшiнде энергиямен үздiксiз жабдықтау объектілерiнiң ажыратылуының ықтимал салдарлары үшiн барлық жауапкершілiк Тапсырысшыға жүктеледi.

  9. Форс-мажорлық жағдайлар

      42. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болған жағдаяттар болса, жауапкершілiктен босатылады. Мұндай жағдайда тараптардың бiр де бipeуi залалдың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнің талабы бойынша мұндай жағдайда өзара міндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте тараптардың бiр де бipeуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш жағдаяттары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
      43. Егер Тараптардың біреуі еңсерiлмес күштiң жағдаяттары болған сәттен бастап алпыс күнтізбелiк күн iшiнде өзiнiң Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға шамасы келмейтiн болса, екiншi тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  10. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      44. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтер көрсету шартын тараптар жеке тәртіппен жасасады.
      45. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында тараптардың кез келгенi екiншi тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
      Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу бойынша қажеттi барлық күш-жiгерлерiн жұмсауға тиiс.
      46. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушілiктер сот тәртiбiмен шешіледi.
      47. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      48. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.

   11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      49. Шарт 200__жылғы "__"_______00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200__жылғы "___"_____ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
      50. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлiмдece электр энергиясын беру және/немесе бөлу көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  12. Тараптардың деректемелерi

      Орындаушы:___________         Тапсырысшы:______________ 

Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң            
2003 жылғы 28 қарашадағы      
N 1194 қаулысымен         
бекітілген               

           Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі
           қызметкердi көрсетуге арналған  үлгі шарт

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.01. N  546  (қолданысқа енгізілу тіртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

_________________________                200__жылғы "__"__________
 (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі, Орындаушы деп аталатын____________________________
___________________________________________________________________
(жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерді
___________________________________________________________________
ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен берген орган)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
________________________________________________________ тұрғысында
           (лауазымы, тегi, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан Тапсырысшы деп аталатын____________________
негізінде әрекет ететiн____________________________________________
 (пайдаланушы деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
   тiркеу туралы куәлік берiлген күнi мен берген орган)
_________________________________________________________ тұрғысында
           (лауазымы, тегі, аты-жөнi)
екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерiмдiк тиесілік бөлiмiнiң шекарасы - Орындаушы мен Тапсырысшының тұтынушысы арасындағы жылу желiсiнiң теңгерiмдiк тиесілілігі немесе Шарт бойынша айқындалатын жылу желiсiнiң бөлу нүктесi;
      тараптардың пайдалану жауапкершiлігін бөлу шекарасы - жылу тұтынатын қондырғылардың және/немесе желiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiктi немесе тараптардың келiсiмдерi бойынша айқындалатын тараптардың жылу тұтынатын қондырғыларының және/немесе желiсiнiң бөлу нүктесi;
      төлем құжаты - Орындаушының, оның негiзiнде төлем жүргiзілетiн құжаты (есептеу құралдары көрсеткiштерінiң негiзiнде жасалған шоты, хабарламасы, түбiртегi, ескерту шоты);
      есептеу аспабы (есеп айырысатын есептеу аспабы) - жылу энергиясын коммерциялық есептеуге арналған, қолдануға заңнамада белгіленген тәртiппен рұқсат етілген техникалық құрылғы;
      есеп айырысу кезеңi - Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiнiң көлемдерi мен құнына есеп айрысу жүргізiлетiн уақыт кезеңi (күнтiзбелiк ай);
      реттеушi орган - белгіленген құзырет шектерінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган;
      жылу желiсi - тұтынушыларға жылу энергиясын беруге және/немесе бөлуге арналған құрылғылардың жиынтығы;
      жылу тұтынатын қондырғы - жылу энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған қондырғы немесе құрал;
      уәкiлеттi орган - электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      жылу энергиясының нақты көлемi - Орындаушы Тапсырысшыға берген, есептеу құралдарының көрсеткiштерi негiзiнде немесе олар болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен нормалар бойынша айқындалған жылу энергиясының көлемi.

  2. Шарттың мәнi

      2. Осының алдындағы Шартқа қойылатын міндетті талаптар:______
___________________________________________________________________
(осы тармақта міндетті талаптар, оның ішінде техникалық шарттың,
___________________________________________________________________
жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық әзiрлігі актiсiнiң, жылу
___________________________________________________________________
желілерiн ажырату актісінiң болуы және т.б. көзделеді)

      3. Орындаушы Тапсырысшының тұтынушыларына жылу желiлерiн ажырату актiсiмен айқындалатын теңгерiмдiк тиесілілігі мен пайдалану жауапкершілігінiң бөлу шекарасына дейiн Орындаушының жылу желiлерi бойынша жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      Бұл ретте, Тапсырысшының тұтынушыларына жеткiзілетін жылу энергиясы өлшемдерi (сапасы) тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiлігінің шекарасына орнатылған бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша айқындалады және мемлекеттiк стандарттармен белгiленген талаптарға немесе өзге де нормативтiк-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ Орындаушы жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуге тиiс.
      Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше келiсiлмесе жылу энергиясын беру және/немесе бөлу үздiксiз жүргiзіледi.
      4. Тапсырысшы Орындаушыға Шартпен айқындалған талаптарда жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ жылу энергиясын тұтыну режимiн және осы Шартта көзделген басқа да талаптарды сақтауға мiндеттенедi.

  3. Қызметтердi ұсынуды шектеудiң тәртiбi

      5. Орындаушы Тапсырысшыға осы Шартта көзделген, оның iшiнде:
      Шартта белгiленген мерзiмдерде жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiнде ұсынылған қызметтер үшiн ақы төленбеген, бұл ретте, ескерту жазбаша түрде кем дегенде 15 күн бұрын ұсынылады;
      жылу тұтынатын қондырғыларын Орындаушының жылу желiсiне өз бетiмен қосқан;
      жылу тұтынатын жүйелерiн есептеу құралдарының орнатылған орнына дейiн қосқан;
      Орындаушының өкiлдерiн жылу тұтынатын жүйелерге және есептеу құралдарына жiбермеген (ескерту кем дегенде 3 тәулiк бұрын);
      жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінiң күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа техникалық дайындығы актісiнсiз және сараптама ұйымының қорытындысынсыз Орындаушының жылу желiсiне қосқан (ескерту жылу энергиясын берудi тоқтатқанға немесе шектегенге дейiн кем дегенде 3 тәулiк бұрын);
      уәкілетті орган растаған жоспарлы жөндеулер жүргiзiлген жағдайларда жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.
      6. Тапсырысшы жылу тұтынатын қондырғыларды өз бетiмен қосқан немесе оларды коммерциялық есептеу құралдарына дейiн қосқан кезде, Орындаушы акт жасайды және Тапсырысшыға берiлген жылу энергиясының көлемiне заңнамада белгіленген тәртiппен қайта есеп айырысу жүргiзедi.
      Акт Орындаушы өкiлiнiң және тексерiлетiн Тапсырысшының немесе оның тұтынушысының, не олардың өкiлiнiң қолы болған көзде жарамды. Акт Тапсырысшы немесе оның тұтынушысы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бiрақ оны Орындаушының комиссиясы және/немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиумдi басқаратын орган ресiмдеген жағдайда, жарамды деп есептеледi.

  

  4. Жылу энергиясын есептеу

      7. Орындаушының желiлерi бойынша берiлген және Тапсырысшы қабылдаған жылу энергиясының мөлшерi оны есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша іс жүзінде тұтыну туралы есептердің деректеріне сәйкес, ал олар болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда, Орындаушы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының негізінде орындаған есеп айырысу жолымен айқындалады.
      8. Қызметтерді босатуды есептеу тараптардың теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасында жүргізіледi. Есептеу құралдары тараптардың теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасынан тыс орнатылған кезде, бөлу шекарасынан құралдар орнатылған жерге дейiнгi учаскедегi ысыраптар желінің көрсетiлген учаскесi теңгерiмiнде тұрған иеленушіге жатқызылады және есеп айырысу жолымен айқындалады.
      9. Тапсырысшының жылумен жабдықтау жүйесiн есептеу құралдарын орнатпастан уақытша пайдалануға Орындаушының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай жағдайда қызметтердiң көлемi есеп айырысу жолымен белгіленеді.
      10. Жабдықтың және инженерлiк желілердің техникалық жай-күйiне, сондай-ақ жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуына жауапкершілік оның меншiк иесiне жүктеледі және теңгерiмдiк тиесіліліктiң шекарасы бойынша айқындалады.
      11. Тараптардың есептеу құралдары тексерiлуi және оларға пломба салынуы тиiс. Тараптар көрсеткiштердi алу, есептеу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында бір-бiрiне тәулiктің жұмыс сағаттары iшiнде есептеу құралдарына қол жеткiзудi ұсынуға тиiс.
      12. Есептеу құралдарын белгiсiз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, оның сақталуына жауапты адам отыз күн мерзiм iшiнде, есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Тапсырысшы оны жылу желiсiне қосуды талап етуге құқылы.
      13. Орындаушы Шартқа сәйкес Тапсырысшыға жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi қамтамасыз етуге және берілетін жылу тасушы өлшемдерінің шарттасылғаннан +/- 5%-тен аспайтын ауытқуға жол бермеуге міндетті.
      14. Тараптар олардың теңгеріміндегі коммерциялық есептеу құралдарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексерулер жүргiзедi.
      Тараптар талап ететiн тараптың есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерулер жүргізудi талап етуi мүмкiн.

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      15. Тапсырысшының:
      1) осы Шартпен белгiленген көлемде және мерзiмдерде белгiленген сападағы қызметтердi алуға;
      2) үзiлiстер және оның стандарттық өлшемдерiне сәйкес келмейтiн жылу энергиясын жеткізбеген немесе жеткiзген уақыт iшiнде қызметтерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуды жасалған Шарттың талаптарына сәйкес талап етуге;
      3) Орындаушыдан тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      4) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшін сот органдарына шағымдануға;
      5) Орындаушы iс жүзiнде ұсынған қызметтер үшін ақы төленуi шартымен 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Орындаушыны жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.   Бұл ретте, жылыту жүйесi көп пәтерлi үйдiң жалпы жылыту жүйесiнiң бөлiгі болып табылатын жеке үй-жайдың меншiк иесiнiң жылу энергиясын беруге және/немесе бөлуге арналған Шарттан бip жақты бас тартуына жол берiлмейдi.
      16. Тапсырысшы:
      1) Орындаушы ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерге Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы ақы төлеуге;
      2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиiсiнше техникалық жай-күйiн лайықты дәрежеде ұстауға;
      3) Орындаушыны есептеу құралдарының iстен шыққаны немесе режимнiң және жұмыс талаптарының бұзылғаны туралы жедел жазбаша хабардар етуге, олай болмаған жағдайда, есептеу құралдары тиiстi құжаттармен расталған оларды соңғы рет тексерген сәттен бастап iстен шықты деп саналады;
      4) Орындаушының персоналына желілердiң, құралдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiне бақылауды жүзеге асыру үшiн жылу энергиясын есептеу құралдарына және жылу тұтыну қондырғыларына кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      5) Шарт бұзылған жағдайда, есеп айырысуларға салыстыру жасауға және Орындаушы iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге арналған борышты өтеуге мiндетті.
      17. Орындаушының:
      1) осы Шарттың 5-тармағында көзделген жағдайларда Шарттың орындалуын бiржақты тәртiппен тоқтатуға;
      2) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де әрекеттердi жасауға құқығы бар.
      18. Орындаушы:
      1) жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердiң барлық тұтынушылары үшiн бiрдей жағдайлар ұсынуға;
      2) жылу желілерінің теңгерiмдiк тиесілілікті бөлу шекарасында осы Шартта берiлген жылу энергиясының өлшемдерiн ұстауға;
      3) Тапсырысшымен жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердi ұсынуға шарт жасасуға;
      4) Тапсырысшыға тиiстi сападағы жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтердi Шарттың талаптарымен айқындалған тәртіппен және мерзiмдерде ұсынуға;
      5) Тапсырысшыға жеткiзілетін жылу энергиясының сапасы мен санына есеп және бақылау жүргiзуге, жылу энергиясы сапасының бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      6) Тапсырысшы жылу энергиясы сапасының төмендегенi туралы өтінішті берген күннен бастап үш күн iшiнде сапаны қалпына келтiру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есеп айырысуды орындауға;
      7) реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі көрсетілетiн қызметтер үшiн төлемдi өндiріп алуға;
      8) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу энергиясын беруде және/немесе бөлуде үзiлiстерге жол бермеуге мiндеттi.

  6. Тараптарға қойылатын талаптар

      19. Тапсырысшыға:
      1) iшкi кварталдық желiлердi, инженерлiк жабдықты және құрылғыларды қайта жабдықтауға, Орындаушының келiсiмiнсiз реттегіш және бiтеме арматураны, сондай-ақ қауiпсiз пайдалану талаптарына және нормативтiк құжаттармен белгiленген басқа да талаптарға жауап бермейтiн жабдықты орнатуға, қосуға және пайдалануға;
      2) қолда бар жылу энергиясын есептеу схемасын бұзуға;
      3) жылыту жүйелерiндегi жылу тасушыны тура мақсатында пайдаланбауға тыйым салынады.
      20. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

  7. Есеп айырысу тәртiбi

      21. Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеудi Тапсырысшы реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзедi.
      22. Тариф өзгерген жағдайда, Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тариф қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын хабардар етедi.
      23. Орындаушы iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге ақы төлеудi Тапсырысшы есептеу құралдарының көрсеткiштерiне сәйкес есеп айырысудан кейiнгi айдың 20 күнінен кешіктiрмей жүргiзедi.
      24. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберіледі. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, Тапсырысшының Орындаушының алдындағы (eгep осындай болса) өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалған сомаларды қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
      25. Егер бақылау-өлшеу құралдары ақаулығының нәтижесiнде және басқа жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
      26. Шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына ақша есептеу Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.
      27. Тараптардың келiсiмi бойынша жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.

  8. Тараптардың жауапкершiлiгi

      28. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      29. Ол бойынша ақы төлеу мерзiмi басталған сәтiне шотты төлемегенi үшін (Шарттың 32-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), Тапсырысшы төленбеген сомалар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен астам мөлшерiнде Тапсырысшының ақша мiндеттемелерiн iс жүзiнде орындаған күнiне төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлеуге құқылы.
      Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шарт жасасу кезiнде жүргiзіледi. Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше ескертілмесе, есеп айырысу кезеңнен кейiнгi айдың бiрiнші күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басы болып табылады.
      30. Егер Орындаушының Тапсырысшыға қызмет ұсынуы мүмкiн болмауы Орындаушымен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тапсырысшы алдында Орындаушы жауапты болады.
      31. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелердi орындаудан босатпайды.

  

  9. Форс-мажорлық жағдаяттар

      32. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш жағдайларының салдарынан болған жағдаяттар болса, жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайда тараптардың бір де біреуі залалдардың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша мұндай жағдайда өзара міндеттемелердің атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте, тараптардың бір де біреуі Шарт бойынша еңсерілмес күші жағдаяттары болғанға дейін туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
      33. Егер Тараптардың біреуі еңсерiлмес күштiң жағдаяттары болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн ішінде өзiнiң Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындай алмайтындай жағдайда қалса, екiншi тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты бұзуға құқылы.

  10. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      34. Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтер көрсету шартын тараптар жеке тәртiппен жасасады.
      35. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселелерге немесе Шарттың ережелерiне қатысты әрекетке байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында тараптардың кез келгенi екiншi тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
      Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу бойынша қажетті барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.
      36. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
      37. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.

   11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      39. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енедi және
200_ жылғы "__"____________________________ дейiн қолданылады.

      40. Шартың қолданылу мерзімі, егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлімдесе, жылу энергиясын беру және/немесе бөлу көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бір мерзімге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  

  12. Тараптардың деректемелерi

      Орындаушы:_________________     Тапсырысшы:__________________

      Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 28 қарашадағы   
N 1194 қаулысымен      
бекiтiлген          

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 қазандағы  N 1080 , тақырыбына және мәтінге өзгерту енгізілді  - 2007.08.22.  N 727  Қаулыларымен.

Байланыс операторлары үшiн байланыс операторларының
телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы
телекоммуникация желісiне жергiлiктi деңгейде, аймақішілік
және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық
деңгейлерде қосу және қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не) өткiзу жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған  үлгі шарт

_______________________                 200__ жылғы "___"__________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi Қосатын байланыс операторы деп аталатын ___________
____________________________________________________________ атынан
  (субъектiнің атауы, уәкiлеттi орган берген лицензияның N)

___________________________________________ негізiнде әрекет ететiн
_________________________________________________ бiр тараптан және
              (лауазымы, Т.А.Ә.)

бұдан әрi Қосылатын байланыс операторы деп аталатын _______________
___________________________________________________________________
      (субъектiнің атауы, уәкiлеттi орган берген лицензияның N)

атынан ____________________________________________________________
негізiнде әрекет ететiн ___________________________________________
                                       (лауазымы, Т.А.Ә.)

екiншi тараптан (бұдан әрi - Тараптар) мына төмендегілер туралы Байланыс операторлары үшiн байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне жергілiкті деңгейде, аймақішілiк және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не) өткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған үлгi шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарт желiлердi жергілiктi, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигiнiң мынадай түрлерiн:
      жергілікті телефон трафигін;
      аймақiшілік телефон трафигiн;
      қалааралық телефон трафигiн;
      халықаралық телефон трафигiн;
      ұялы операторлардың желiсiнен (-не);
      ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін өткiзу қызметтерiн көрсеткен кездегi Қосатын және Қосылатын байланыс операторларының өзара iс-әрекетiн айқындайды.

  2. Тараптардың желiлерiн қосу шарттары

      2. Қосылатын байланыс операторының желiсiн Қосатын байланыс операторының желiсiне қосу деңгейлерi Қосылатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкiлетті орган берген лицензияның шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      3. Тараптардың желілерiн қосу пункттерi, терiм форматы, дабылнамасы Қосылатын байланыс операторына Қосатын байланыс операторы берген жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне (бұдан әрi - ЖПТЖ) қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетiлген.
      4. Тараптар желілерiнiң технологиялық жағынан ұштасқан жабдығы Тараптардың әрқайсысының белгiленген тәртiбiне сәйкес екi Тараптың өкiлдерi үшiн қол жетiмдi болады.
      5. Қосудың қосымша пункттерiн ұйымдастыру қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қосуға арналған техникалық шарттарды орындайды.
      6. Қосылатын байланыс операторы кемiнде 4 (төрт) ай бұрын Қосатын байланыс операторын Тараптардың желiлерiн қосуды жаңғыртуға қажеттi қосылатын және қосатын желілердiң әр түрлi элементтерiнiң сыйымдылығын кеңейту туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      Уағдаластық бойынша желi сыйымдылығын кеңейту жөнiндегi жұмыстарды, жұмсалған шығындардың бөлiгiн кейiннен екiншi Тарап өтей отырып, Тараптардың бiрi орындауы мүмкiн.
      Тараптар Шарт бойынша өз желiсiн пайдаланушыларға да, екiншi Tapaптың пайдаланушыларына да техникалық және пайдалану параметрлерiне сәйкес сапасы мен оларды ұсыну уақтылығы бойынша тең мәндi қызметтердi ұсынады.

  3. Телефон трафигін өткiзу

      7. Тараптар өздерiнiң желiлерi арқылы жергiлiктi, қалааралық, халықаралық телефон трафигiн, ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін Қосылатын байланыс операторына берiлген N, N____ мемлекеттік лицензияға (-ларға) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.
      8. Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында телефон трафигінің әрбiр түрi үшін белгiленген тарифтеу бiрлiктерiнде жүргiзiледi.
      Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу шақырылатын терминал (телефон аппараты, автожауап қайтарушы, факсимильдi аппарат, модем және т.б.) нөмiрiнiң "абоненттің жауабы" деген дабылы түскен сәттен басталады.
      Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу абоненттердiң кез келген екi терминалынан (телефон аппаратынан, автожауап қайтарушыдан, факсимильдi аппараттан, модемнен және т.б.) "тоқтату" деген дабыл алынғаннан кейiн аяқталады.
      Қосылыстардың жалпы сомасының есеп айырысулары заңнамада белгiленген қосылыстар тарифтеуінің бiрлiктерiнде әрбiр қосылыс ұзақтығының сомасына (егер ондай болмаса, онда Тараптардың қосымша келiсiмi бойынша) негізделедi, мұнда әрбiр толық емес аралық үлкен жағына қарай толғанға дейiн дөңгелектенедi.
      9. Тараптар трафиктiң есебiн, шот-фактураларды ұсынуды және өздерінің желiлерiн пайдаланушылардан төлем жинауды дербес жүзеге асырады.
      10. Тараптардың желiлерiнде жергiлiктi телефон қосылыстарын уақытпен есептеу жүйесiн енгiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тараптардың екiншi Тараптың желiсiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған шұғыл қызметтердiң телефондарына телефон трафигін өз желiлерiнде шектеуге немесе тоқтатуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда, телефон трафигiн өткiзгенi үшiн төлем алынбайды.

  4. Тараптардың мiндеттемелерi

      12. Қосатын байланыс операторы:
      1) Қосатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкiлетті орган берген N, N____ мемлекеттiк лицензияға (-ларға) және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес телекоммуникация қызметтерiн көрсету үшiн Қосылатын байланыс операторының желiсiне өз желiсiн қосуды пайдалануға;
      2) Қосылатын байланыс операторының желiсiн Қосатын байланыс операторы берген қосуға арналған техникалық шарттарды толық көлемде орындағаннан кейiн техникалық мүмкiндiк болған кезде қосуды тестiлеудiң актіленген оң нәтижесi болған және осы Шартқа Тараптар қол қойған кезде 5 (бec) жұмыс күннен аспайтын мерзiмде өз желiсiне қосуды жүргізуге;
      3) Қосылатын байланыс операторына оның жазбаша өтінiмi бойынша Қосылатын байланыс операторы желiсiнiң жаңа қосылысына немесе қосу пункттерiн жаңғыртуға арналған техникалық шарттарды өтiнiм алынғаннан кейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде беруге;
      4) Қосылатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн байланыс құралдарының авариялық бұзылулары болған кезде, оны бұл туралы жедел хабардар етуге, сондай-ақ байланысты қалпына келтiру жөнiндегі барлық шараларды қабылдауға;
      5) Қосылатын байланыс операторының телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн жоспарлы жұмыстарды жүргiзген кезде оған бұл туралы жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтiзбелiк күн бұрын хабарлауға;
      6) Қосылатын байланыс операторының жазбаша келiсiмiнсiз осы Шарт бойынша Тараптардың желiлерiн қосу схемасына өзгерiстер енгiзбеуге;
      7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргізуге;
      8) өзiнiң желiсiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
      9) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерiстер енгiзілгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосылатын байланыс операторын хабардар етуге;
      10) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндеттi.
      13. Қосылатын байланыс операторы:
      1) өзінің желiсiн тек Қосылатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкілеттi орган берген N, N____ мемлекеттiк лицензияға (-ларға) және қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес телекоммуникация қызметтерiн көрсету үшiн Қосатын байланыс операторының желiсiне қосуды пайдалануға;
      2) өзінің желiсiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
      3) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының байланыс құралдарында, сондай-ақ Қосылатын байланыс операторының желiлерiне қосылған желiлерде авариялық iстен шыққан кезде, бұл туралы Қосатын байланыс операторын жедел хабардар етуге және байланысты тез арада қалпына келтiру жөнiндегi барлық шараларды қабылдауға;
      4) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде Қосатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының желiсiнде, сондай-ақ оған қосылған желiлерде жоспарлы жұмыстар жүргiзген кезде, бұл туралы алғашқысына жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтізбелiк күн бұрын хабарлауға;
      5) Қосылатын байланыс операторының желiсiн жаңғыртқан жағдайда, бұл туралы Қосатын байланыс операторына алдын ала кемiнде 4 (төрт) ай бұрын мерзiмде хабарлауға;
      6) өзiнiң желiсiне телекоммуникацияның басқа да желiлерiн қосуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге;
      7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзуге;
      8) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосатын байланыс операторын хабардар етуге;
      9) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндетті.

  5. Өзара есеп айырысулар тәртiбi

      14. Телефон трафигiн өткiзу жөнiнде ұсынылған реттелмелi қызметтер үшiн тараптардың арасындағы есеп айырысулар табиғи монополия саласындағы уәкiлетті орган бекiткен тарифтерге (есеп айырысу ставкаларына) сәйкес жүргiзiледi.
      Телефон трафигін өткiзу жөніндегi реттелмелi қызметтерге арнап уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (есеп айырысу ставкалары) болмаған кезде, өзара есеп айырысулар Қосатын байланыс операторы бекiткен тарифтер бойынша жүргізіледi.
      Шарт бойынша ұсынылатын қызметтердiң құны Шартқа қосымша түрiнде ресiмделуi мүмкiн.
      15. Телефон трафигін қосу және өткiзу жөнiндегі қызметтерге арналған тарифтер (есеп айырысу ставкалары) немесе желiаралық телефон қосылыстары тарифтелуiнiң бiрлiктерi өзгерген жағдайда, Қосатын байланыс операторы Қосылатын байланыс операторын жаңа тарифтер (есеп айырысу ставкалары) енгізiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша түрде хабардар етедi.
      16. Егер Қосылатын байланыс операторы өзгерген тарифтер бойынша қызметтердi пайдалануды жалғастыруға келiсiм бермесе, ол бұл туралы Қосатын байланыс операторын тарифтердiң өзгергенi туралы хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етуге мiндетті. Мұндай жағдайда, Қосатын байланыс операторы жазбаша түрде хабарлама алғаннан кейiн немесе ол болмағанда 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде шұғыл қызметтердiң телефондарына шығыс телефон трафигiн қоспағанда, Қосылатын байланыс операторының желiсiнен (-не) тиiстi телефон трафигін өткiзудi тоқтатуға құқылы.
      17. Есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi Тараптар бiр-бiрiне есептi айда көрсетiлген осы Шарт бойынша алынған қызметтер үшiн алдын ала берілетiн шот-фактураларды ұсынады. Тараптар есептi айдан кейiнгi айдың 7 (жетi) күнiнен кешiктiрмей алдын ала берiлетiн шот-фактуралармен және есептi кезеңде өткен трафик бойынша деректермен алмасуға тиiс.
      Ұсынылатын қызметтердiң көлемiн салыстыру нәтижелерi бойынша Қосатын байланыс операторы өзара есеп айырысулар актiсiн жасайды, оған екi жақты тәртiппен қол қойылады. Актiнiң негiзiнде есептi айдан кейiнгi айдың 15 (он бec) күнiне дейiнгi мерзiмде шот-фактуралар ұсынылады.
      Трафиктің деректерi бойынша 2%-дан асатын алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар алшақтықтардың себептерiн айқындауға арналған барлық шараларды қабылдайды және Тараптар қабылдаған ережелер бойынша әрекет етедi.
      18. Тараптардың арасында телефон трафигiн өткiзгенi үшiн өзара есеп айырысулар Тараптардың сертификатталған және сенiм бiлдірiлген өлшеу құралдарының биллингiлiк деректерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
      Қандай да бiр Тарапта шығыс және (немесе) кiрiс телефон трафигiнiң қандай да бiр түрiн есепке алу жөнiндегi өлшем құралдары болмаған жағдайда, Тараптардың өзара есеп айырысулары екiнші Тараптың телефон трафигiнiң тиiстi түрi мен бағытын есепке алу жөнiндегi сертификатталған және сенiм бiлдiрген өлшем құралдарының биллингiлiк деректерi бойынша жүргізіледі. Бұл ретте телефон трафигiн есепке алу деректерi мүдделi Тарапқа алдын ала берiлетін шот-фактураларды өтеусiз ұсынғанға дейiн беріледi.
      19. Төлем жөнiнде ұсынылған қаржылық құжаттарға Тараптар олар ресми түрде келiп түскен сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде наразылық бiлдiре алады.
      20. Бекiтiлген өзара есеп айырысулар актісінің негізiнде Тараптар бір-бiрiне алдын ала берілетін шот-фактураларға түзету шот-фактураларын бередi. Тараптардың әрқайсысының түзету және алдын ала берілетін шот-фактуралары бойынша жиынтық сомалар өзара есеп-айырысулар актiсi бойынша есептi кезең iшiндегi Тараптардың бiр-бiрiнiң алдындағы берешектерінің сомасын құрайды. Бұл ретте өзара есеп айырысулар актісінде түзету шот-фактурасы ұсынылған күннен кейiн 15 (он бec) күнтізбелiк күн iшiнде көрсетілген акт бойынша берешектi төлейтiн дебитор тарап айқындалады. Түзету шоттарын Тараптар өзара есеп айырысулар актiсiне қол қойылған сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнi iшiнде ұсынуға тиiс.
      21. Тараптардың осы бөлiмде көрсетілген ай сайынғы қаржы теңгерiмiн жасау мерзiмi бұзылған жағдайда, Қосатын байланыс операторы есептiден кейiнгі айдың 30-күнiне дейiнгі мерзiмде дебитор тарап айқындалатын есептi кезеңге алдын ала берілетін ұсынылған шоттар бойынша сомалардың негізiнде өзара есеп айырысулардың алдын ала актiсiн жасайды. Өзара есеп айырысулардың алдын ала актiсi оларды Қосатын байланыс операторынан алған сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Қосылатын байланыс операторымен келiсiлуi және ол оған қол қоюы тиiс. Дебитор тарап есеп айырысулардың алдын ала берілетiн актісі бойынша берешектi өзара есеп айырысулардың алдын ала берілетiн актiсiне Тараптар қол қойған күннен кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде төлеуге мiндеттенедi.
      22. Тараптардың бiрi осы Шарттың 20 және 21-тармақтарын орындамаған жағдайда, екiншi Тараптың eceпті кезең iшiнде бiрiншi Тарапта бір айлық есеп айырысулардың негiзiнде бір жақты тәртіппен, осы Шартқа сәйкес қызметтерге ақы төлеуге шот ұсынуға құқығы бар. Дебитор тарап шотты алған күннен бастап 15 (он бec) күнтізбелік күн iшiнде ұсынылған шотты төлеуге мiндеттi.
      23. Тараптар үш жылдық кезеңдегi барлық өзара есеп айырысулардың дәлдiгiн растау үшiн қажеттi есеп құжаттарын жүргiзуге мiндетті.

  6. Тараптардың жауапкершiлігі

      24. Ұсынылған қызметтер үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тараптар Шартқа сәйкес мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн осы сомаларды төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептелген, бiрақ негiзгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы, егер Тараптардың қосымша келiсiмiнде өзгеше айтылмаса, есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 26-күнi болып табылады.
      25. Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Тараптардың екiншi Тарапқа 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша хабарлама берiп, дәйектi түрде мынадай шаралар қабылдауға құқығы бар:
      1) Шартта көзделген қызметтердi ұсынуда мүмкiн болатын шектеу туралы ескертуге;
      2) екiнші Тарап Шарттың 12-тармағының 10) тармақшасын және 13-тармағының 9) тармақшасын орындауға байланысты жол берiлген бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, Шартта көзделген қызметтердi ұсынуды 2 (екі) айдан астам шектеуге және (немесе) тоқтата тұруға;
      3) Шартты сот тәртiбiмен бұзуға.
      26. Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң кез келгенiн бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсiмпұлды) төлеу және залалдар мен шығыстарды өтеу Шарт бойынша тиiстi мiндеттемелердi лайықты түрде орындау мiндетiнен босатпайды.

  7. Форс-мажор

      27. Тараптардың бiр де бipeуi екiншi Тараптың алдында байланыс жүйелерінің немесе жабдықтардың кез келген бүлiнуiнен немесе iстен шығуынан туындаған қандай да бiр тікелей немесе жанама зиян немесе залал үшін немесе табиғи катаклизмадан, апаттан, қоғамдық тәртiпсiздiктерден немесе тараптардың еркiне тәуелсiз басқа да себептерден пайда болған қызметтердi ұсынудағы үзiлiстер үшiн жауапты болмайды.
      28. Егер осындай мән-жайлардың кез келгенi Шартта белгiленген мерзiмде мiндеттемелердi орындауға тiкелей әсер етсе, онда бұл мерзiм тиiсті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      Қазақстан Республикасы уәкілетті органының форс-мажордың туындауын растайтын ресми құжаттары форс-мажордың дәлелдемесi болады.
      29. Форс-мажор туындау себебiнен мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмай қалған Тарап олар туындаған сәттен бастап 15 (он бec) жұмыс күннен кешiктiрмей екiншi Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Хабарламау немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты мiндеттемелердi орындау бойынша жауапкершiлiктен босататын негiзде ретiндегi жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сiлтеме жасау құқығынан айырады. Форс-мажор 4 (төрт) айдан астамға созылған жағдайда, Шартты Тараптардың кез келгенi екінші Тараптың атына жiберiлген алдын ала жазбаша хабарламамен бұза алады.
      30. Желiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге қажеттi қалпына келтiру жұмыстарын қоспағанда, байланыс операторының желiсiн қосуды кейiннен қалпына келтiру қосымша ақы төлеусiз жүргiзіледi.

  8. Шарттың қолданылу мерзiмi,
оны өзгерту мен бұзу тәртібі

      31. Шарт Қосылатын байланыс операторының желiсi техникалық параметрлерге сәйкестiкке тестiлеудiң оң актiсi негiзiнде пайдалануға қосылған күнiнен бастап күшiне енедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, мерзiмi шектелмей қолданылады.
      32. Шартты Тараптардың кез келгенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұза алады. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық мiндеттемелерi Шарттың бұзылатын күнiне дейiн толық көлемiнде орындалуы тиiс.
      33. Шарт бұзылғанға дейiн реттелмеген өзара қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледi.
      34. Шарт бұзылған немесе оның қолданылуы тоқтатылған (оның iшiнде Тараптардың өзара жазбаша келiсiмi, байланыс саласындағы уәкiлетті органның шешiмi бойынша) жағдайда, Шарттың 33 және 48-тармақтарының ережелерi оны бұзғаннан немесе тоқтатқаннан кейiн де алдағы уақытта күшiнде болады.
      35. Шартқа енгізiлетін барлық өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың уәкілеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекiтiлген Шартқа қосымша келiсiм түрiнде ресiмделуге тиiс.

  9. Хабарламалар мен хабарлар

      36. Шарт бойынша Тараптар бiр-бiрiне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкілдерi қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлiк қызметпен жiберiлсе немесе оларды алғандығы туралы белгiмен Тараптардың шартта көрсетiлген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткiзiлдi деп саналады.
      37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешiм қабылдауды талап ететiн шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінiң тоқталуы, алдын алу жұмыстары, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетiлген тәртiппен кейiннен жолдай отырып, факс арқылы жiберуге жол берiледi.
      38. Хабардың және (немесе) хабарламаның факс арқылы жiберiлген күнi немесе хабардың және (немесе) хабарламаның адресат Тарапқа жеке тапсырылған күнi оның алынған күнi болып саналады. Хабар және (немесе) хабарлама, егер бұл хабарда және (немесе) хабарламада көрсетiлмесе, алу бойынша жеткiзiлген деп саналады.
      39. Тараптар бiр-бiрiн өз атауының, заңды мекен-жайының, iс жүзiнде орналасқан жерiнiң және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерiнiң өзгергенi туралы жедел хабардар етуге мiндеттенедi.

  10. Қосымша шарттар

      40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.
      41. Тараптардың Қосылатын байланыс операторы желiсiнiң санатына тәуелдi өзара iс-әрекеттерiнiң жеке шарттарын Тараптар Шартқа қосымшаларда белгiлейдi.
      42. Шартқа сәйкес Қосылатын байланыс операторының қосымша желілік ресурстарын қосу қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi. Қосатын байланыс операторында техникалық мүмкiндiк болған және Қосатын байланыс операторының алдында Қосылатын байланыс операторының мерзiмi өткен берешегі болмаған кезде, алдыңғысы сұратылған ресурстарды Шартқа сәйкес бөледi. Бұл жағдайда Тараптар Шартқа iске қосылған ресурстардың саны туралы қосымша келiсiмдi екi жақты тәртіппен жасайды және оған қол қояды. Қажет болған кезде, техникалық шарттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. Ресурстарды бөлудің техникалық мүмкiндігі болмаған жағдайда, Қосатын байланыс операторы бұл туралы Қосылатын байланыс операторын 10 күннен аспайтын мерзiмде жазбаша хабардар етедi және Қосылатын байланыс операторына желiнiң сыйымдылығын кеңейтуге арналған техникалық шарттарды бередi.
      43. Қосылатын байланыс операторында синхродабылдың меншiктi көзi болмаған жағдайда, Қосатын байланыс операторы техникалық мүмкiндiгі болған кезде Қосылатын байланыс операторының жазбаша сұрауы бойынша өтеулi негiзде Қосылатын байланыс операторының жабдығын тактiлi желiлiк синхрондау жүйесiне қосуды жүргiзуi мүмкiн.
      44. Тараптар рұқсат етілмеген телефон қосылыстарына тергеу жүргiзу, шара қабылдау және олардың алдын алу мәселелерiнде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
      45. Тараптар шарттық негiзде бiр-бiрiне жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі бойынша деректердi есепке алу мен өңдеу жөнiнде қызметтер көрсете алады.
      46. Тараптар екiншi Тараптың желiсiнен шығатын телефон трафигiнiң барлық түрлерiнiң сапасына жауапты болмайды.
      Тараптар пайдаланушылардың алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

  11. Қорытынды ережелер

      47. Тараптардың арасында Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешедi.
      Егер Тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
      48. Шарттың, сондай-ақ оған барлық қосымшалар мен қосымша келiсiмдердiң мазмұны құпия ақпарат болып табылады және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган мен табиғи монополия саласындағы уәкiлеттi органды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға ашылмауға (берiлмеуге) тиiс.
      49. Шарт Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес Тараптардың әрқайсысына бiр данадан әрқайсысының бiрдей заң күшi бар бiрдей екi данада жасалған.
      50. Шартқа барлық қосымшалар Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады және егер жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкiлдерi қол қойса әрi Тараптардың мөрлерiмен бекiтiлсе күшiнде болады.

  12. Тараптардың заңды мекен-жайлары

Қосатын байланыс операторы:      Қосылатын байланыс операторы:
___________________________      ___________________________

Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
_________, _________ қаласы      _________, _________ қаласы
_________ көшесі __________      _________ көшесі __________

Тараптардың қолдары:             Тараптардың қолдары:

Қосатын байланыс операторы:      Қосылатын байланыс операторы:
___________________________      ___________________________
2005 жылғы "____"__________      2005 жылғы "____"__________

      М.О.                             М.О.

                                  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                   2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194
                                        қаулысымен бекiтiлген

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы  8 тамыздағы  N 748  Қаулысымен.
 
         Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн
                көрсетуге арналған  үлгi шарт
 
 ______________________                   200_ жылғы "__ "________
 (шарттың жасалған орны) 
 
      Бұдан әрi оператор деп аталатын, магистральдық темiр жол 
желiсiнiң қызметтерiн (магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға
ұсыну; магистральдық темiр жол желiсi бойынша жылжымалы құрамды
өткiзудi ұйымдастыру) ұсынатын______________________________________
                      (қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай
___________________________________________________________________
құжаттары, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, күні мен берген орган)

____________________________________________негізiнде әрекет ететiн

__________________________________тұлғасында бiр тараптан және бұдан

әрi тасымалдаушы ден аталатын_______________________________________

____________________________________________________негізiнде әрекет
ететiн қызметтер ұсынушы____________________________________________
                     (тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары,
_______________________________________________________________
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, күнi мен берген орган)
_________________________тұлғасында екінші тараптан, мына төменгілер
   (лауазымы, Т.А.Ә.)
туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

  1. Шарттың мәні

      1. Оператор осы Шартқа сәйкес магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұсынады, тасымалдаушы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде оларға ақы төлейдi.
      2. Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұсынуға арналған шарт тасымалдаушымен жеке тәртiппен жасалады.

  2. Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру
жөнiндегi қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттары

      3. Тасымалдаушының операторға магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану құқығын алуға өтiнiм беруi, оны қарау мен поездардың қозғалыс кестесiне енгiзу Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасына және осы мәселелердi регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүргiзiледi.
      4. Тасымалдаушының поездар қозғалысының учаскелерi бойынша поездар қозғалысының оператор бекiткен кестесiнен үзiндi-көшiрме осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      5. Оператор белгiлеген тәртiппен бекiткен поездар қозғалысы кестесiнiң негiзiнде, тасымалдаушы тасымалдау мерзiмiне дейiн 10 күнтiзбелiк күн бұрын тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн пайдалануға арналған өтiнiмде көрсетiлген поездар өлшемдерiнiң өзгерiстерi туралы мәлiметтердi қамтитын тасымалдар жоспарын операторға ұсынады.
      Тасымалдар жоспары__________________________________________
                          (берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)
______________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын
қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлiмшесi
көрсетiледi)
_________________________________________________________берiледi.
      6. Оператор белгiленген тәртiппен бекiткен поездар қозғалысы
кестесiнiң негiзiнде тасымалдаушының тасымалдарының техникалық
жоспарында көрсетiлген тасымалдау мерзiмiне дейiн тәулiк/сағат бұрын
тасымалдаушы операторды поезды техникалық және/немесе коммерциялық
тексеруге берудiң уақыты туралы хабардар етедi.
Хабарлама_____________________________________________________
             (хабарлама берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)
_____________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын
қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлiмшесi
көрсетiледi)
___________________________________________________________берiледi.
 
      7. Егер тасымалдаушының құрамды қалыптастыруды-таратуды
(вагондарды өңдеудi), вагондарды ағымдағы жөндеудi өздiгiнен жүзеге
асыруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға
тасымалдардың техникалық жоспарымен бiр мезгiлде берiлетiн
тасымалдаушының өтiнiмдерi бойынша осы қызметтердi көрсетедi.
Өтiнiм______________________________________________________
            (берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)
_____________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын
қалыптастыру станциясындағы оператордың  құрылымдық бөлiмшесi
көрсетiледi)
___________________________________________________________берiледi.
 
      8. Жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсiне жiберген кезде тасымалдаушы темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен жылжымалы құрамға арналған есептiк құжатты операторға ұсынады.
      9. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бiр данасын таcымалдаушы поезды жөнелтетiн станциядағы операторға бередi.
      Тасымалдау құжаттарының негiзiнде оператор поездың нақты парағын_____ данада ресiмдейдi.
      10. Қатынас жолындағы поезд құрамының барлық өзгерiстерi туралы оператордың өкiлдерi поездың нақты парағының барлық данасына белгi соғады.
      11. Поезд межелi станцияға келгеннен кейiн тасымалдаушы операторға поездың нақты парағының____ данасын және тасымалдау құжаттарын____данадан бередi.
      12. Поездың межелi станциясында оператор есептелген төлемдердiң дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады.
      13. Поездың тасымалдау құжаттары мен нақты парағы осы Шарттың
талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактiлерiн және олардың iс жүзiндегi көлемiн растайтын құжаттар болып табылады және магистральдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн түпкiлiктi есеп айырысулар жүргiзуге негiз болады.
      14. Тасымалдаушының диспетчерлiк қызметiне оператордың тасымалдау процесi мен вагон ағыстарын жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу тасымалдаушы ақпарат беруi_______________________________________
                          (ақпарат берудiң мерзiмi көрсетiледi)
тасымалдаушының әрбiр өтiнiшi бойынша жеке__________________________
                     (ақпарат берудiң нысаны мен тәсiлi көрсетiледi)
жүзеге асырылады.

  3. Есеп айырысулар тәртiбi

      15. Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргiзiледi.
      16. Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне ақы төлеудi вагондарды ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша қызметтерге ақы төлеудi қоспағанда, осы Шартты жасасқаннан кейiн 10 банктiк күн iшiнде мәлiмделген (келiсiлген) қызметтердiң көлемi құнының 100%-ының алдын-ала төленуi шартымен тасымалдаушы жүргiзедi.
      17. Ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша қызметтерге ақы төлеудi iс жүзiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемi үшiн жасалған екiжақты актiлер мен шот-фактуралардың негiзiнде тасымалдаушы жүргiзедi.
      18. Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсеткенi үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ic жүзiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемi үшiн екiжақты актiлер мен шот-фактуралардың негiзiнде қызметтер көрсетiлген айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
      19. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, тасымалдаушы операторға төлем күнiн қоса алғанда, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн берешек сомасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      20. Оператордың кiнәсiнен осы Шартта көзделген көлемнен кем көлемде магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге байланысты тасымалдаушы артық төлеген соманы қайтаруды оператор кешiктiрген жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешек сомасының тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      21. Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне ақы төлеу бойынша тасымалдаушының мiндеттемелерiн орындау деп________________
                                           (есептелген төлемдердiң
___________________________________________________________________
барлық сомаларын тасымалдаушының енгiзу фактiсi немесе оператордың
шотына есептелген төлемдердiң барлық сомаларының түсу фактiсi көрсетiледi)_______________________________________фактiсi танылады.

  4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 

      22. Оператор:
      1) тасымалдаушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тасымалдаушыны осы қызметтердi көрсетудi iс жүзінде тоқтатқанға дейiн бес күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуi шартымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетудi тоқтатуға;
      2) магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұсынғаны үшiн ақыны уақтылы алуға;
      3) тасымалдаушының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
      4) тасымалдаушыдан магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге acыpy үшiн қажетті ақпарат алуға;
      5) табиғи және техногендiк сипаты бар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға кедергi келтiретiн төтенше жағдайлар мен өзге де жағдайлар енгiзiлген кезде тасымалдаушы өздiгiнен не уәкiлеттi органдардың шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асыратын тасымалдарды уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдауға;
      Бұл ретте оператор тасымалдаушыны жылжымалы құрамды уақытша тоқтату не оған қол жеткiзудi шектеу туралы қабылданған шешiм туралы себептерiн көрсете отырып, хабардар етедi;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      23. Оператор:
      1) тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұсыну жағдайларын қоспағанда, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң тең жағдайларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынуға;
      2) тасымалдау кезiнде жүктердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) поездардың қозғалыс кестесiн, технологиялық нормаларды, техникалық-бөлу актiлерiн, станциялардың технологиялық процестерiн және станциялар мен кiрме жолдар жұмысының бiрыңғай технологиялық процестерiн сақтауға;
      4) қызметтер көрсетудiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн қоспағанда, магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiнiң тасымалдаушымен келiсiлген көлемдерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiнiң тасымалдаушы мәлiмдеген көлемдерiн iс жүзiндегi мүмкiндiктерден асырып жiберген жағдайда, оператор Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қызметтердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      5) тасымалдаушы поезының қатынас жолдарындағы магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн Шартта көзделген мерзiмдер мен талаптарға сәйкес көрсетуге;
      6) осы Шарт бойынша қызметтер көрсету кезiнде тасымалдаушының диспетчерлiк қызметiне тасымалдау процесi мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесiн орындау үшiн қажеттi ақпараттар берудi жүзеге асыруға;
      7) қауiпсiздiк пен технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темiр жол желiсiнiң белгiленген сападағы қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз етуге;
      8) ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен санын есепке алу мен оған бақылау жүргiзуге, қызмет көрсетуде бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      9) магистральдық темiр жол желiсiнiң объектiлерiн белгiленген жылдамдықтармен поездарды қауiпсiз өткiзудi қамтамасыз ететiн жағдайда ұстауға;
      10) магистральдық темiр жол желiсiн Қазақстан Республикасының темiр жолдарын техникалық пайдалану ережесiнiң және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      11) Қазақстан Республикасының Техникалық пайдалану ережесiнiң, Темiр жолдарда белгi беру жөнiндегi нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлiк жұмыс жөнiндегi нұсқаулықтың және темiр жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарын орындауға;
      12) тасымалдаушыны магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне арналған тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) өзгерiстерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      13) тасымалдаушыны себептерiн көрсете отырып, қабылданған жылжымалы құрамға қол жеткiзудi уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмi туралы дереу хабардар етуге;
      14) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсiне жiберуге жол бермеуге;
      15) қатынас жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темiр
жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен жүктi сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатуға;
      16) жылжымалы құрамға қызмет көрсететiн персоналдың темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тасымалдаушының персоналын тасымалдау процесiне жiбермеуге;
      17) тасымалдаушы өтiнiмiнiң негiзiнде поездар қозғалысының кестесiн әзiрлеуге және бекiтуге;
      18) бекiтiлген қозғалыс кестесiне, қалыптастыру жоспарына және белгiленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкiндiктердi келiсудi қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтан басқаруды жүзеге асыруға;
      19) магистральдық темiр жол желiсiнiң жарамды жағдайда үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
      20) тасымалдаушыға магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге байланысы жоқ қызметтердi, сондай-ақ үшiншi адамдармен мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша шарттарды жүктемеуге мiндеттi.
      24. Тасымалдаушы:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес магистральдық темiр жол желiсiн пайдаланудың тең құқығын алуға;
      2) Шарттың талаптарына сай қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темiр жол желiсiнiң белгiленген сападағы қызметтерiн алуға;
      3) осы Шарттың мерзiмi мен талаптарына сәйкес поездың қатынас жолындағы магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн алуға;
      4) оператордан поездардың қозғалыс кестесiндегi қызметтердiң шартта көзделген магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетудiң мерзiмi мен шарттарын өзгертуге алып келетiн өзгерiстер туралы жазбаша нысандағы ақпаратты оператор көрсетiлген өзгерiстердi (дүлей зiлзала, әскери қимылдар, ереуiлдер немесе көздеу немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар) енгiзгенге дейiн үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алуға;
      5) оператордан тасымалдау процесi мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесiн орындау үшiн қажеттi ақпарат алуға;
      6) оператордан магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға ұсыну жөнiндегi қызметтерге арналған тарифтердi (бағаларды, алым   ставкаларын) өзгерту туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      7) оператордың кiнәсiнен келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
      8) себептерiн көрсете отырып, оператордың вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмiн қабылдауы туралы ақпарат алуға;
      9) магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетумен байланысы жоқ қызметтерден, сондай-ақ үшiншi адамдардың алдында мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша талаптардан бас тартуға;
      10) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн оператордың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      25. Тасымалдаушы:
      1) магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      2) Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану ережесiн, Жүктердi тасымалдау ережесiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерде көзделген темiр жолдың жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
      3) операторға магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үшiн қажетті ақпарат ұсынуға;
      4) технологиялық нормаларды, поездар қозғалысының бекiтiлген кестесiн, техникалық-бөлу актiлерiн, станциялардың технологиялық процестерiн және станциялар мен кiрме жолдар жұмысының бiрыңғай технологиялық процестерiн сақтауға;
      5) Техникалық пайдалану ережесiнiң, Қазақстан Республикасының темiр жолдарында белгi беру жөнiндегi нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы поездардың қозғалысы және маневрлiк жұмыс жөнiндегi нұсқаулықтың және темiр жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарын орындауға;
      6) операторға осы Шарт бойынша қызметтер алуға байланысты олар жүзеге асыратын қызмет түрлерiне арналған лицензия ұсынуға және операторды көрсетiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру не күшiн жою туралы уақтылы хабардар етуге;
      7) оператордың поездар қозғалысының қауiпсiздiк талаптарын, қозғалыс кестесiнiң нормативтерiн, поездарды қалыптастырудың жоспары мен тәртiбiн, магистральдық темiр жол желiсiнiң инфрақұрылымдық желiлiк бөлiмшелерi жұмысының технологиялық процестерiн қамтамасыз етуге қатысты өкiмiн орындауға;
      8) осы Шартта көзделген мерзiм мен талаптарды сақтауға;
      9) операторды магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға арналған тараптармен келiсiлген өтiнiмдерде көзделген қызметтердi алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасында белгiленген мерзiмде жазбаша нысанда хабардар етуге;
      10) операторға магистральдық темiр жол желiсi объектiлерiнiң табылған ақаулары, сондай-ақ үшiншi адамдардың Техникалық пайдалану ережесiн бұзушылықтары туралы хабарлауға;
      11) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану бөлiгiндегi талаптарын сақтауға;
      12) магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiн алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiктерi болмауын қоспағанда, тасымалдау көлемдерiнiң жоспарында мәлiмделгендердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      13) оператордың тасымалдау процестерiн орталықтан басқару жөнiндегi нұсқауын сақтауға;
      14) тасымалдау процесiне байланысты қызметкерлер бiлiктiлiгiнiң темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      15) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға жылжымалы құрамның сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

  5. Тараптардың жауапкершілігі

      26. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      27. Өсiмпұл төлеу тасымалдаушыны операторға Шарттың талаптарына сәйкес есептелген төлемдердi енгiзуден босатпайды.
      28. Белгiленген мерзiмде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша iс жүзiнде қызметтер көрсету басталатын уақытқа дейiн шарт бойынша қызмет көрсету жүзеге асырылуға тиiстi уақыттың iшiнде алдын ала төленген сомадан тұрақсыздық айыбын төлейдi. 
      29. Осы Шарттың талаптарында көрсетiлетiн қызметтердi алудан бас тарту туралы операторды хабардар ету мерзiмi сақталмаған кезде, тасымалдаушы операторға қызметтер алудан бас тарту сәтiнен бастап есептелген төлемдер сомасынан магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiнiң жоспарланған көлемi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде айыппұл төлейдi.
      30. Оператор тасымалдаушыны поездар қозғалысы кестесiнiң өзгергенi туралы хабардар ету мерзімiн сақтамаған кезде, тасымалдаушыға алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      31. Оператордың және(немесе) тасымалдаушының міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты үшінші тұлғаға келтірілген залалды тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде өтейдi.

  6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      32. Осы Шарттан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш (дүлей зiлзала, әскери қимылдар, ереуiлдер немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
      33. Еңсерiлмес күштiң мән-жайларына сiлтеме жасайтын тарап екiншi тарапты 48 (қырық сегiз) сағаттың iшiнде құзыреттi орган берген растайтын құжатты екiншi тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге мiндеттi.
      34. Егер тараптардың бiрi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға жағдайы болмаса, екiншi тарапты болжанып отырған шартты бұзу күнiне дейiн кемiнде он күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуi шартымен, екiншi тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргiзуге мiндеттенедi.

  7. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      35. Тасымалдаушының осы Шартта көзделген магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруiне жол берiлмейдi.
      36. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тарап бұл туралы екiншi тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.
      37. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер келiссөздер жолымен тараптар өзара келiсiмге қол жеткiзбесе, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      38. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екiншi тарапқа көрсетiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      39. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
      40. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

  8. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданысын тоқтату
тәртiбi

      41. Шарт 200 жылғы "__"______________00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200 жылғы "__"__________ 24-00 сағатты қоса қолданылады, бiрақ поездар қозғалысы кестесiнiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген мерзiмiнен аспауға тиiс, ал өзара есеп айырысулар бөлiгiнде - олар толық орындалғанға дейiн қолданылады.
      42. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      43. Шарт мынадай жағдайларда:
      1) тасымалдаушы лицензиясының қолданысы тоқтатылғанда;
      2) тасымалдаушы лицензиясының күшi тоқтатыла тұрғанда немесе оны қайтарып алғанда;
      3) олардың жазбаша өтiнiштерiнiң негiзiндегi тараптардың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.
      44. Шарттың қолданылуы тараптардың келiсiмi бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретiнде қосымша келiсiм жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкiн.
      45. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
      46. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн ұсынудың тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданған жағдайда, тараптар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы Шартты Шарттың мәтiнiне қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу жолымен аталған кесiмдердiң талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

  9. Тараптардың заңды мекен-жайы, банктiк деректемелерi мен
қолтаңбалары

Оператор:                                       Тасымалдаушы:
_____________________                 ___________________________
_____________________                 ___________________________

                                 
                                  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                     2003 жылғы 28 қарашадағы
                                         N 1194 қаулысымен
                                             бекiтiлген

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы  8 тамыздағы  N 748  Қаулысымен.

Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi көрсетуге   арналған  үлгi шарт
   
______________________                  200 жылғы  "_______
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi тармақ иеленушi деп аталатын, жылжымалы құрамның
жүруi үшiн кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтерді көрсететiн
___________________________________________________________________
(қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, 
____________________________________________________________________
  мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, күнi мен берген орган)
_____________________________________________негiзiнде әрекет ететiн
____________________________________________________________________
                  (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында бiр тараптан және бұдан әрi Тармақ пайдаланушы деп
аталатын
____________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелерi, құрылтай құжаттары, мемлекеттiк
____________________________________________________негiзiнде әрекет
ететiн тiркеу туралы куәлiк, күнi мен берген орган)
____________________________________________________________________
                  (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты
(бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Тармақ иеленушi Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруi үшiн
кiрме жол қызметтерiн ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта
белгiленген тәртiппен және мерзiмде ақы төлейдi.
      2. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жол қызметтерiн ұсынуға
арналған шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртiппен жасалады.

  2. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну
жөнiндегi қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттары

      3. "Kipмe жолдың шекарасы" деген белгi________________________
_________________________________________________________жаққа қарай
(кiрме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың N және жанасу
станциясының немесе басқа да кiрме жолдың немесе қосатын жолдың
немесе жанасудың басқа жолының атауын көрсету)
________ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан________ M қашықтықта
орнатылады.
      4. Кiрме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы_______M құрайды.
      5. Жолақты бөлу шекарасында кiрме жол мен құрылыстар алаңы
_________шаршы метр жер учаскесiн алады.
      6. Кiрме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан
Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасын және осы
мәселелердi регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi
сақтай отырып жүргiзiледi.
      7. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну тармақ
иеленушiнiң алдын ала хабарламасы бойынша жүргiзiледi.
Хабарлама_____________________________________________берiледi.
                  (хабарлама беру тәртiбi)

      8.______________________үшін______________________кірме жолға
          (ай, тоқсан, жыл)
келген және одан кеткен вагондардың мәлiмделген саны.
      9. Тармақ иеленушiнiң кiрме жолына бiр мезгiлде берiлетiн тармақ пайдаланушы вагондарының саны___________вагоннан аспайтын болып белгiленедi.
      10. Кiрме жол арқылы өткен вагондардың санын тармақ иеленушi тармақ пайдаланушының қатысуымен тiркейдi және есепке алады. Ол үшiн екi данада акт (немесе ведомость) жасалады, олардың бiреуi тармақ иеленушiде қалады, екiншiсi тармақ пайдаланушыға берiледi. Бір ай ішiндегi жұмыстың қорытындылары бойынша, ол тармақ пайдаланушыға шотын беру үшiн негiз болып табылатын орындалған жұмыстардың актiсi жасалады.
      11. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды оның құрылысының кезеңiнде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну, кiрме жол жұмысының қысқа мерзiмдi шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкін.

  3. Есеп айырысулар тәртiбi

      12. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргiзiледi.
      13. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсетуге ақы төлеудi тармақ пайдаланушы жоспарланған айлық вагон айналымына сәйкес 50% алдын ала төлеу шарттарында жүргiзедi.
      14. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсеткенi үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ай сайын өткiзiлген вагондар мен берiлген шот-фактуралардың iс жүзiндегi саны бойынша көрсетiлген қызметтердiң актiлерiне тараптар қол қойғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.

  4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      15. Тармақ иеленушi:
      1) тармақ пайдаланушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушының осы қызметтердi iс жүзiнде көрсеткенге дейiн бес күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етiлуi шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсетудi тоқтатуға;
      2) ұсынылатын қызметтер үшiн уақтылы ақы алуға;
      3) тармақ пайдаланушының кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
      4) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның актiсiмен расталған оның қанағаттанғысыз жай-күйi болған жағдайда, жоспарлы жұмыстар енгiзiлгенге дейiн кемiнде бес күн бұрын тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар ете отырып, кiрме жолды жөндеуге жабуға;
      5) тармақ пайдаланушы жиырма күннен асатын мерзiмге төлемдердi кешiктiрген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      16. Тармақ иеленушi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушыларға жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерге қол жеткiзудiң тең жағдайларын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
      2) жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес көрсетудi қамтамасыз етуге;
      3) қызметтер көрсетудiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiнiң болмауы жағдайларын және кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне қауiп төну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамның жүруi үшiн кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерiнiң орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тармақ пайдаланушы кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердiң мәлiмделген көлемдерiн iс жүзiндегi мүмкiндiктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленушi Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қызметтердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      4) ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен санына есеп және бақылау жүргiзу, қызметтер көрсету бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      5) белгiленген жылдамдықпен поездардың қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн жағдайда кiрме жол элементтерiн тұрақты ұстау үшiн кiрме жолды, оның құрылыстарын және құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделi, орташа және көтеру жөндеулерiн жүргiзуге;
      6) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң шегiнде кiрме жолды, және өтпелердi қардан, шөптен және ластанулардан тазалауды жүргiзуге;
      7) кiрме жолдардың Техникалық пайдалану ережесiнiң және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      8) тармақ пайдаланушыны жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердiң тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      9) тармақ пайдаланушыны себептерiн көрсете отырып, вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы қабылданған шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгiленген мерзiмде хабардар етуге;
      10) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды кiрме жолдарға жiбермеуге;
      11) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      12) тармақ пайдаланушыға жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi көрсетуге байланысты емес қызметтердi, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың алдында мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша шарттарды таңбауға;
      13) өзiне тиесiлi кiрме жолдардың күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      17. Тармақ пайдаланушы:
      1) жылжымалы құрамның жүруi үшiн тармақ иеленушiнiң кiрме жолын пайдалануға ұсыну жөнiндегi қызметтердi пайдалануға тең құқық алуға;
      2) осы Шарттың талаптарына сай жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтердi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгiленген сапада алуға;
      3) тармақ иеленушiден жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер тарифтерiнiң (бағаларының, алым ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      4) тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
      5) тармақ иеленушiнi себептерiн көрсете отырып, қабылданған кiрме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмдерi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде хабардар етуге;
      6) тармақ иеленушiмен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      7) тармақ иеленушiнiң осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      18. Тармақ пайдаланушы:
      1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушiнiң жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолдарды ұсыну жөнiндегi қызметтерiне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      2) тармақ иеленушiмен қауiптi және разрядты жүктерi бар вагондарды кiрме жолдар бойынша өткiзудi келiсуге, сондай-ақ оның күзетiн (бiрге жүрудi) қамтамасыз етуге;
      3) ең жоғары осьтiк жүктемесi бар вагондарды немесе цистерналарды тармақ иеленушiнiң жазбаша рұқсатымен кiрме жолдар арқылы өткiзуге;
      4) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның кiрме жолдарды пайдалану бөлiгiндегi талаптарын сақтауға;
      5) жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiгi болмаған жағдайды қоспағанда және тармақ иеленушiнiң кiрме жолында қауiпсiз емес қозғалу жағдайында мәлiмделген көлемдердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      6) осы Шарт бойынша құқықты тармақ иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға бермеуге;
      7) есептi айдан кейiнгi әрбiр айдың бесiншi күнiне дейiн есептi кезең iшiндегi өзара есеп айырысуға салыстыру жүргiзуге мiндеттi.

  5. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу

      19. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      20. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      21. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушiге төлем күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешектiң сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi. 
      22. Белгiленген мерзiмде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленушi тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиiс уақыттан бастап қызметтер көрсету iс жүзiнде басталған уақытқа дейiн алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

  6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      23. Осы Шарттан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш ( дүлей зiлзала, әскери қимылдар, ереуiлдер немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
      24. Еңсерiлмес күштiң мән-жайларына сiлтеме жасайтын тарап екiншi тарапты 48 (қырық сегiз) сағаттың iшiнде құзыреттi орган берген растайтын құжатты екiншi тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге мiндеттi.
      25. Егер тараптардың бiрi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға жағдайы болмаса, екiншi тарапты болжанып отырған шартты бұзу күнiне дейiн кемiнде он күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуi шартымен, екiншi тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргiзуге мiндеттенедi.

  7. Жалпы ережелер

      26. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы екiншi тарапты отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.
      27. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екiншi тарапқа көрсетiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап бес жұмыс күннiң iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      28. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
      29. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

  8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату
  тәртібі

      30. Шарт 200__ жылғы "__"_______00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200__ жылғы "__"________24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлiгiнде - олар толық орындалғанға дейiн қолданылады.
      31. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      32. Шарттың қолданылуы тараптардың келiсiмi бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретiнде қосымша келiсiм жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкiн.
      33. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
      34. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолдарды ұсынудың тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданған жағдайда, тараптар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы Шартты Шарттың мәтiнiне қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу жолымен аталған кесiмдердiң талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

  9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктiк деректемелерi
мен қолтаңбалары

       Тармақ иеленушi:                        Тармақ пайдаланушы:
______________________                    __________________________
______________________                    __________________________

                                   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                      2003 жылғы 28 қарашадағы
                                            N 1194 қаулысымен
                                               бекiтiлген

        Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы  8 тамыздағы  N 748  Қаулысымен.

           Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары,
      тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн,
         сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық
   операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн
    кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған
                           үлгi шарт

_______________________                    200 жылғы "__"________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрi тармақ иеленушi деп аталатын, тасымалдау процесiнiң
маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық
операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық 
операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме
жолды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсететiн__________________________
__________________________________________________________________
      (қызмет ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары,
__________________________________________________________________
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, күнi мен берген орган)
___________________________________________негiзiнде әрекет ететiн
__________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында бiр тараптан және бұдан әрi тармақ пайдаланушы деп аталатын__________________________________________________негiзiнде
__________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелерi, құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу
             туралы куәлiк, күнi мен берген орган)
әрекет ететiн_____________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты
(бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Тармақ иеленушi Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруi үшiн, кiрме жолдардың қызметтерiн ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
      2. Жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолдың қызметтерiн, ұсынуға арналған Шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртiппен жасалады.

  2. Қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттары

      3. "Кiрме жолдың шекарасы" деген белгi______________________
_______________________________________________________жаққа қарай
(кiрме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың N және жанасу
станциясының немесе басқа да кiрме жолдың немесе қосатын жолдың
немесе жанасудың басқа жолының атауын көрсету)
__________ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан______ м. қашықтықта
орнатылады.
      4. Кiрме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы______м. құрайды.
      5. Жолақты бөлу шекарасында кiрме жол мен құрылыстар алаңы,
________шаршы метр жер учаскесiн алады.
      6. Кiрме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасын және осы мәселелердi регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi сақтай отырып жүргiзiледi.
      7. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды ұсыну тармақ иеленушiнiң алдын ала хабарламасы бойынша жүргiзiледi.
Хабарлама_________________________________________________берiледi.
                      (хабарлама беру тәртiбi)
      8. Кiрме жолға берiлетiн вагондарды_________________________
                                      (локомотивтiң маркасы, үлгiсi)
локомотивi бередi. Одан арғы қозғалысты_____________________________
(тиеу, түсiру орындары бойынша орналастырылуын немесе жоқтығын
көрсету қажет)
_______________________________________________локомотивi жүргiзедi.

      9. Жүктер мен вагондарды өткiзу мен қабылдау__________________

______________________________________________негiзiнде жүргiзiледi.
                  (құжаттың түрi)

      10.________________________үшiн__________________________кiрме
            (ай, тоқсан, жыл)
жолға (дан) келген және кеткен вагондардың мәлiмделген саны.
      11. Тармақ иеленушiнiң кiрме жолына бiр мезгiлде берiлетiн
вагондар саны________________вагоннан (осьтің) аспайтын болып
белгiленедi.
      12.______________вагонның тиеу-түсiру орындарының сыйымдылығы.
      13.__________________________________________вагонның (осьтiң)
маневрлiк жылжулары мен тиеу-түсiру жөнiндегi жұмыстарын жүргiзу
мүмкiндiгi ескерiлген жылжымалы құрамның тұрағына кірме жолдың
сыйымдылығы.
      14. Кiрме жолға келетiн және одан кететiн вагондардың санын тармақ иеленушi тармақ пайдаланушының қатысуымен тiркейдi және есепке алады, ол үшiн екi данада акт (немесе ведомость) жасалады, оның бiреуi тармақ иеленушiде қалады, екiншiсi тармақ пайдаланушыға берiледi. Бiр ай iшiндегi жұмыстың қорытындылары бойынша, ол тармақ пайдаланушыға (уақытты есепке алу карточкасын мiндеттi түрде ресiмдей отырып) шот беру үшiн негiз болып табылатын орындалған жұмыстардың актiсi жасалады.
      Кiрме жолға жылжымалы құрамды беру және кiрме жолдан вагондарды әкету нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес айқындалатын уақыт аралығы арқылы жүргізiледi.
      15. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды оның құрылысы кезеңiнде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну кiрме жол жұмысының қысқа мерзiмдi шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкiн.

  3. Есеп айырысулар тәртiбi

      16. Қызметтерге ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргiзiледi.
      17. Қызметтерге ақы төлеудi тармақ пайдаланушы жұмыстардың мәлiмделген (келiсiлген) көлемi құнының 50% алдын ала ақы төлеу шарттарында жүргiзедi.
      18. Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi көрсеткенi үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ай сайын көрсетiлген қызметтердiң iс жүзiндегi көлемi жөнiндегi актiлерге және берiлген шот-фактураларға тараптар қол қойғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.

  4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      19. Тармақ иеленушi:
      1) тармақ пайдаланушы осы шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушының осы қызметтер көрсетудi iс жүзiнде тоқтатқанға дейiн кемiнде бес күн бұрын жазбаша хабардар етiлуi шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетудi тоқтатуға;
      2) Ұсынылатын қызметтер үшiн уақтылы ақы алуға;
      3) тармақ пайдаланушының кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
      4) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның актiсiмен расталған оның қанағаттанғысыз жай-күйi болған жағдайда, жоспарлы жұмыстар енгiзiлгенге дейiн кемiнде бес күн бұрын тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар ете отырып, кiрме жолды жөндеуге жабуға;
      5) тармақ пайдаланушы жиырма күннен асатын мерзiмге төлемдердi кешiктiрген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      20. Тармақ иеленушi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген, жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолдың қызметтерiн ұсыну жағдайларын қоспағанда тармақ пайдаланушыларға тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолдың қызметтерi ұсыну бойынша қол жеткiзудiң тең жағдайларын, оның iшiнде Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтерге қол жеткiзудiң тең жағдайларын ұсынуға;
      2) қызметтер көрсетудi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген ұсынылатын қызметтердiң сапасына қойылатын талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге;
      3) қызметтер көрсетудiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерi болмаған жағдайларды және кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне қауiп төнген жағдайларды қоспағанда, тармақ пайдаланушы қызметтердiң мәлiмделген көлемдерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тармақ пайдаланушы кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердiң мәлiмделген көлемдерiн iс жүзiндегi мүмкiндiктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленушi Қазақстан
Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қызметтердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      4) ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен санына есеп және бақылау жүргiзуге, қызметтер көрсетудiң бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      5) кiрме жолды, бағыттамалық бұрмалар мен өтпелердi, оның құрылыстарды мен құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделi, орташа және көтеру жөндеулерiн жүргiзуге;
      6) кiрме жолды қардан, шөптен және ластанулардан темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң шегiнде тазалауды жүргiзуге;
      7) кiрме жолдардың Техникалық пайдалану ережесiнiң және санитарлық нормалар мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      8) тармақ пайдаланушыны қызметтерге тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
      9) тармақ пайдаланушыны себептерiн көрсете отырып, кiрме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде хабардар етуге;
      10) өзiне тиесiлi кiрме жолдарды күзетудi қамтамасыз етуге;
      11) кiрме жолдарға темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды жiбермеуге;
      12) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      13) тармақ пайдаланушыға тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ технологиялық операцияларда көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшiншi тұлғалармен мiндеттемелердiң туындауына алып келетiн қосымша шарттарды таңбауға;
      14) кiрме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшiн ұсыну жағдайында, тармақ пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тежегiш башмактарды ұсынуға;
      15) кiрме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшiн ұсыну жағдайында тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамын күзетудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      21. Тармақ пайдаланушы:
      1) кiрме жолдардың қызметтерiн пайдалануға тең құқық алуға;
      2) осы Шарттың талаптарына сәйкес тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да тасымалдау процесiнiң технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтердi қауiпсiздiк және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгiленген сапада алуға;
      3) тармақ иеленушiден қызметтерге арналған тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      4) тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
      5) тармақ пайдаланушыны қабылданған кiрме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмдерi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде себептерiн көрсете отырып, хабардар етуге;
      6) тармақ иеленушiмен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      7) тармақ иеленушiнiң осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      22. Тармақ пайдаланушы:
      1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушiнiң қызметтерiне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      2) темiр жол көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның кiрме жолдарды пайдалану бөлiгiндегi талаптарын сақтауға;
      3) тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiнiң болмауы жағдайларын және тармақ иеленушiнiң кiрме жолда қауiпсiз емес қозғалысы жағдайын қоспағанда, мәлiмделген көлемдердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      4) осы Шарт бойынша тармақ иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға құқықтар бермеуге және табыс етпеуге;
      5) есеп айырысу айынан кейiнгi әрбiр айдың бесiншi күнiне дейiн есептi кезең үшiн өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргiзуге;
      6) тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамы тұрағының қызметтерiн алу кезiнде тежегiш башмактарының сақталуын және жылжымалы құрамның бекiтiлуiнiң дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

  5. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу

      23. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      24. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
      25. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушiге төлем күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешектiң сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      26. Белгiленген мерзiмде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленушi тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиiс уақыттан бастап қызмет iс жүзiнде басталған уақытқа дейiн алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

  6. Форс-мажорлық мән-жайлар

      27. Осы Шарттан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш мән-жайларының (дүлей зiлзала, әскери қимылдар, ереуiлдер немесе алдын ала көздеу немесе алдын алу мүмкiн болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
      28. Еңсерiлмес күштiң мән-жайларына сiлтеме жасайтын тарап екiншi тарапты 48 (қырық сегiз) сағаттың iшiнде құзыреттi орган берген растайтын құжатты екiншi тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге мiндеттi.
      29. Егер тараптардың бiрi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға жағдайы болмаса, екiншi тарапты болжанып отырған шартты бұзу күнiне дейiн кемiнде он күнтiзбелiк күн iшiнде алдын ала жазбаша хабардар етуi шартымен, екiншi тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргiзуге мiндеттенедi.

  7. Жалпы ережелер

      30. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартқан жағдайда, тарап бұл туралы екiншi тарапты отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.
      31. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екiншi тарапқа көрсетiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап бес жұмыс күннiң iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      32. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
      33. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

  8. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданысын тоқтату
тәртiбi

      34. Шарт 200__ жылғы "__"________ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200__ жылғы "__"_______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлiгiнде - олар толық орындалғанға дейiн қолданылады.
      35. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      36. Шарттың қолданылуы тараптардың келiсiмi бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретiнде қосымша келiсiм жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкiн.
      37. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
      38. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруi үшiн кiрме жолдарды ұсынудың тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданған жағдайда, тараптар осы Шартты осындай кесiмдер заңдық күшiне енген сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде Шарттың мәтiнiне қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу жолымен аталған кесiмдердiң талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

  9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктiк деректемелерi
мен қолтаңбалары

       Тармақ иеленуші:                        Тармақ пайдаланушы:
_________________________                 _________________________
_________________________                 _________________________

      Қазақстан Республикасы  
                                                 Үкіметінің        
                                          2003 жылғы 28 қарашадағы
                                               1194 қаулысымен    
                                                   бекітілген    

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы   22 тамыздағы  N 727  Қаулысымен.

    Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар
 арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған  үлгі шарт

 _______________________         200__ жылғы "____"  ___________
  (шарттың жасалған орны)

бұдан әрі, Қызмет беруші деп аталатын ______________________________
_____________________________________________________________ атынан
(суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру
  жөніндегі қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісінің атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________ бір тараптан және
        (лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі тұтынушы деп аталатын ____________________________________
 (тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу
       туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
атынан______________________________________________________________
                      (лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - жекеменшік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілердің арасындағы магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы;
      пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін жүйелер элементтерін пайдаланғаны үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған жағдайда пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
      магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна - суды бас тоғаннан таратушыларға дейін (суды магистральдық құбыр жолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылар топтарына жеткізу) жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
      төлем құжаты - оның негізінде төлем жүргізілетін қызмет берушінің құжаты (есептеу құралы көрсеткіштерінің негізінде жасалған шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);
      тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      тарифтің шекті деңгейі - орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін тарифтің ең жоғары шамасы;
      есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйін зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетіндігін айқындау және растау, олардың көрсеткіштерін жазып алу, сондай-ақ пломбалардың болуы мен тұтастығын зерттеу мақсатында қызмет берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
      есептеу құралы - заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      есеп айырысу кезеңі - қызмет көрсеткені үшін тұтынушымен есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күнінің 00-00 сағатынан бастап соңғы күнінің 24-00 сағатына дейінгі бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған кезең;
      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      қызмет беруші - суды магистральдық құбырлар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынатын (көрсететін) заңды немесе жеке тұлға.

2. Шарттың мәні

      2. Шарттың талаптарына сәйкес қызмет беруші тұтынушыға сапаға қойылатын мынадай талаптарға жауап беретін және төменде келтірілген көлемдерде:

Қызметтің сапасына
қойылатын талаптар

Жылдық көлем, мың текше м.

Барлығы,
оның
ішінде

I
тоқсан

II
тоқсан

III
тоқсан

IV
тоқсан

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

____________________________________________________________________
     (магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның атауы)
магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна арқылы суды беру жөнінде қызметтер көрсетуге (бұдан әрі - қызметтер) міндеттенеді.
      3. Тұтынушы қызметті қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы төлем жасауға, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық талаптарды орындауға міндеттенеді.

3. Қызметтер көрсетуді ұсыну шарттары

      4. Тұтынушыға қызмет көрсету магистральдық құбыр жолының және/немесе арнаның____________________ км учаскесінде жүргізіледі.
                     (учаскенің атауы)
      5. Шарт тұтынушымен онда магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның жүйелеріне (бұдан әрі - жүйелер) қосылған қажетті жабдық болған кезде жеке тәртіппен жасалады.
      Заңнамада көзделген жағдайларда тұтынушы Шартты жасасу жөніндегі өзінің өкілеттіктерін үшінші тұлғаға беруге құқығы бар.
      6. Пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы есептеу тораптарының алдындағы бұрудың басында орнатылған ысырмалар болып табылады.
      7. Қызметтер беруді тоқтату:
      1) авариялық жағдайда не азаматтардың өміріне және қауіпсіздігіне қауіп төнген;
      2) қызмет берушінің жүйелеріне өз бетімен қосылған;
      3) есеп айырысу кезеңінен кейінгі екі айдың ішінде қызметтер көрсету үшін төлем жасалмаған;
      4) қызмет берушінің өкілдерін есептеу құралдарына бірнеше рет жібермеген;
      5) құбыр жолдарына дезинфекция жүргізу қажет болған жағдайларда;
      6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі.
      Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қызмет беруді тоқтатқанға дейін кемінде бір ай бұрын тұтынушы хабардар етіледі.
      8. Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында қызметтер беруді қалпына келтіру ескерілген жағдайда, қызмет беруші туындаған бұзушылықтарды қалпына келтіргеннен кейін жүргізіледі.
      Шарттың 7-тармағының 2) тармақшасында ескерілген жағдайда тұтынушыны қосу қызмет берушінің жүйелеріне заңсыз қосылғаны үшін айыппұл төленгеннен, қызмет беруші жүйелеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды орындағаннан және қосылу үшін төлем жасағаннан кейін жүргізіледі.
      Тұтынушыға Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін қызметтер ұсынуды тоқтатқан жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосу үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі. Қосу құны уәкілетті органмен келісіледі.
      Бастапқы қосқаны үшін ақы алынбайды.

4. Қызметтердің құны және оған ақы төлеу тәртібі

      9. Осы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері бойынша жүргізіледі.
      10. Ақы төлеуді тұтынушы, егер Тараптар келісімінде өзгеше көзделмесе, нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.

5. Қызметтерді босату мен тұтынуды есепке алу

      11. Босатылған қызметтің мөлшері белгіленген тәртіппен тексеруден өткен есептеу құралының көрсеткіштері арқылы анықталады. Құралдар __________________________________________________________
                    (учаскенің (құбыр жолының) атауы)
___________ бастап___________ дейінгі кезеңге___________ орнатылған.
      12. Тұтынушыны қызмет берушінің рұқсатымен есептеу құралдарынсыз уақытша тікелей қосуға жол беріледі. Мұндай жағдайда босатылған қызметтің мөлшерін Қызмет беруші тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгілейді.
      13. Тұтынушының кінәсі болмай есептеу уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысу өткен есеп айырысу кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
      14. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызметті есептеу көлемін бұзу фактілері анықталған жағдайда, қызмет беруші қызметті тұтыну көлемдеріне соңғы тексеру жүргізген сәттен бастап анықталған күнге дейін, бірақ екі айдан аспайтын, тәуліктің 24 сағаты ішінде ол жұмыс істеген кезде, құбыр жолының және (немесе) арнаның есептеу торабына дейін толық өткізу қабілеттігінің есебінен қайта есеп айырысу жүргізуге құқылы.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      15. Тұтынушы:
      1) белгіленген сападағы, оның денсаулығына қауіпсіз, оның мүлкіне зиян келтірмейтін және Шарттың талаптарына сәйкес қажетті мөлшерде қызметтерді алуға;
      2) қызмет берушінің заңнамаға қайшы келетін әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкілетті органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;
      3) қызметтерге арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің жобасын талқылау үшін өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
      4) қызмет берушіден қызметтер көрсетуді тиісінше ұсына алмау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді заңнамада белгіленген тәртіппен талап етуге;
      5) мемлекеттік стандарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтерді ұсынған жағдайда қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
      6) егер қызмет беруші белгіленген тәртіппен шот бермесе, алынған қызмет үшін ақы төлеуді жүргізбеуге;
      7) қызмет берушіні бұл туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар еткен жағдайда ұсынылған қызметке толық ақы төлеген кезде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
      16. Тұтынушы:
      1) қызметті беру айдың алдындағы айдың 15 күнінен кешіктірмей қызмет берушіге қызмет көрсетуге арналған айлық өтінім ұсынуға;
      2) есептік тоқсан басталғанға дейін 45 күннен кешіктірмей жоспарланған айлық көлемдерге бөле отырып қызмет берушіге, қызмет көрсетуге тоқсандық өтінім ұсынуға;
      3) ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей қызмет берушіге келесі күнтізбелік жылға қызмет көрсетуге арналған жылдық өтінімді;
      4) қызмет берушіні осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген айлық, тоқсандық немесе жылдық өтінімдерді беру мерзімдерінен кешіктірмей алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңде қызмет берушіге қызметті тұтыну ниеттерінің жоқтығы туралы жазбаша хабардар етуге;
      5) Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      6) қызмет беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
      7) қызмет берушіге қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылыстың жүйелері мен есептеу құралдарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал жүйелердің құрылыстары бұзылған кезде - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне дереу хабарлауға;
      8) қызмет беруші өкілдерінің көрсеткіштерді жазып алу, жүйелердің, құралдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін есептеу құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      9) қызметтерді тұтыну кезінде техника қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауға;
      10) есептеу құралдарының дұрыстығын тұрақты бақылауға, есептеу тораптарындағы, ысырмалардағы, бұру желілеріндегі және оның аумағында орналасқан және Қызмет беруші пломба салған өзге құрылғылардағы пломбалардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз етуге, оның қарамағындағы немесе қызмет көрсетудегі пайдаланылып отырған сумен жабдықтау жүйелерінің сақталуын, тиісінше техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      11) қызмет берушіні қызметті тұтыну көлемдерінің барлық болжанып отырған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.

7. Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері

      17. Қызмет беруші:
      1) тұтынушы заңнамаға сәйкес сақтауға міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;
      2) қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін олардың қолданысы кезеңінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төмендетуге;
      3) нәтижесінде қызмет беруші шығындарының құны өсетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда қызметтер ұсынуға арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көтеруге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және тексерулерді ұйымдастыруға;
      5) ұсынылған қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
      6) есептеу құралдары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру үшін өз өкілінің (куәлігі болған кезде) тұтынушының өкілімен бірлесіп бас тоғанның құрылысына қол жеткізуіне;
      7) егер ол магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның немесе оның инфрақұрылымының қосымша қуатын салуды талап етпесе, Шарттың 2-тармағында көзделгеннен артық қызметтің қосымша көлемдерін жеткізу мүмкіндігін қарауға құқығы бар.
      18. Қызмет беруші:
      1) Шарттың талаптарына сәйкес тұтынушыға қызметтерді сапалы, уақтылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
      2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қызметтердің есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға;
      3) ұсынылатын қызметтердің есебін жүргізуге және сапасы мен мөлшерін бақылауға, қызметтер ұсынудың бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
      4) нәтижесінде қызмет беруші шығындарының құны кемитін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда, көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген күнінен бастап, ұсынылатын қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төмендетуге;
      5) тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде ұсынылатын қызметтерге ақы төлеуге арналған төлем құжатын ұсынуға;
      6) тұтынушыларды тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы оларды қолданысқа енгізгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;
      7) тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін 24 сағаттың ішінде қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға;
      8) тұтынушыны қызметті беруді тоқтатуға байланысты магистральдық құбыр жолдарында және (немесе) арналарда жоспарлы-ескерту және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 24 сағат бұрын ескертуге міндетті. Бұл ретте қызмет беруші тұтынушыға қызметті беруде 24 сағаттан асатын үзілістерге жол бермеуге міндеттенеді;
      9) тұтынушының жүйелерін, есептеу құралдарын қарау кезінде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерін алған кезде қызметтік куәлігін көрсетуге;
      10) тұтынушыны қызметті көрсету көлемдерінің барлық болжанып отырған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.

8. Тараптарды шектеу

      19. Тұтынушыға:
      1) қызмет берушінің келісімінсіз жүйелер мен есептеу құралдарының құрылыстарын қайта жабдықтауға;
      2) қызметтердің қолда бар есептеу схемасын бұзуға тыйым салынады.
      20. Қызмет берушіге:
      1) теріс пиғылды тұтынушылардың қызметтерді пайдаланған көлеміне ақы төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға;
      2) ұсынылған қызмет үшін уәкілетті орган белгілегеннен артық ақы алуға;
      3) тұтынушыдан тиісті төлем құжаттарын ұсынбай қызметтерге ақы төлеуді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала ақы төлеуді талап етуге;
      4) мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етуге тыйым салынады.
      21. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не өзге де түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.

9. Тараптардың жауапкершілігі

      22. Жабдықты тиісінше ұстау үшін жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
      23. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірілген залалдың орнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.
      24. Ұсынылған қызметтер үшін төлемнің мерзімі өткен жағдайда, тұтынушы Шартқа сәйкес (Шарттың 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлеу күніне қолданылатын, әрбір мерзімі өткен күн үшін, бірақ негізгі борыштың сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.
      Қызмет кешіктіріп және сапасыз ұсынылған жағдайда, қызмет беруші Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде көрсетілмеген қызметтің сомасынан осы сомаларды төлеу күніне қолданылатын тұрақсыздық айыбын төлейді.
      Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеудің басталу мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше ескерілмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 күні болып табылады.
      25. Егер қызмет беруші үшін тұтынушыға қызмет берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен қызметті ұсынуы мүмкін болмаса, тұтынушы алдында қызмет беруші жауапты болады.
      26. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      27. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушыға ол жазбаша өтініш жасаған кезде, өсімпұл есептеу жөніндегі мерзім ұзартылуы мүмкін.

10. Форс-мажорлық мән-жайлар

      28. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни еңсерілмес күш мән-жайларының (табиғи апаттың немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлардың), сондай-ақ әскери іс-қимылдардың, ереуілдер мен шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамауға әкелетін басқа да жағдайлардың салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады.
      Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бір-бірін бұл туралы тиісті уәкілетті ұйым растаған форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша түрдегі хабарламаны кейіннен бере отырып не почтамен жіберу арқылы хабардар етеді.
      Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмес күш мән-жайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Егер еңсерілмес күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

11. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      29. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      30. Шарт (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәттен бастап күшіне енеді)_______________ бастап күшіне енеді.
      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұтынушылар үшін Шарттың қолданыс мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, мерзімсіз болып табылады, ал мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      31. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
      32. Тараптардың арасындағы келісімге қол жеткізбеген жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
      33. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада жасалады.
      34. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шарттың нормаларына қайшы келмейтін басқа талаптармен толықтырылуы мүмкін.
      35. Шартта ескерілмеген Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

11. Тараптардың деректемелері

Қызмет беруші:                     Тұтынушы:
____________________               _____________________
____________________               _____________________
____________________               _____________________

                                         Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2003 жылғы 28 қарашадағы
                                            N 1194 қаулысымен
                                               бекітілген

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы   22 тамыздағы  N 727  Қаулысымен.

     Телефон (кәбілдік) кәрізін байланыс операторларына
            пайдалануға беруге арналған   үлгі шарт

 _______________________       200__ жылғы "____"  ______________
  (шарттың жасалған орны)

бұдан әрі, Жалға беруші деп аталатын ______________________________
_____________________________________________________________ атынан
                     (субъектінің атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________ бір тараптан және
        (лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі Оператор деп аталатын ____________________________________
                                    (субъектінің қызметтерін
                                        тұтынушының атауы)
атынан______________________________________________________________
                      (лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      рұқсаттама-жүктелім - Оператордың пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде салынған байланыс кәбіліне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Жалға берушінің жазбаша келісімі;
      телефон (кәбілдік) кәрізі - байланыс кәбілдерін салуға, монтаждауға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбыр жолдары мен құдықтарының жиынтығын білдіретін кәбілдік кәріз;
      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Шарттың мәні

      2. Шарт Жалға беруші телефон (кәбілдік) кәрізін Операторға онда байланыс кәбілдерін салуға және оны Шартқа сәйкес пайдалануға берген кездегі Тараптардың өзара қарым-қатынастарын айқындайды.
      3. Шарт Оператормен жеке тәртіппен жасалады.

3. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру шарттары

      4. Жалға беруші телефон (кәбілдік) кәрізін нормативтік-техникалық актілерге және стандарттарға сәйкес пайдалануға береді.
      5. Оператор Шарт бойынша берілген телефон (кәбілдік) кәрізін үшінші тұлғалардың пайдалануына беруге құқылы емес.
      6. Телефон (кәбілдік) кәрізінің пайдалануға берілген арналарының орналасқан схемасы және олардың арна/км ұзақтығы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында көрсетіледі.
      7. Оператордың байланыс кәбілі Жалға беруші Операторға берген техникалық шарттарға сәйкес телефон (кәбілдік) кәрізін жалға беретін бөлігінде салынуға тиіс.
      8. Телефон (кәбілдік) кәрізінің құбыр жолын қосымша салу бойынша жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, Оператор Жалға берушінің келісімімен соңғыға осы жұмыстардың орындалуына ақы төлей алады.

4. Тараптардың міндеттері

      9. Жалға беруші:
      1) Оператордың кінәсінен емес болған, Операторға пайдалануға берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде авария болған жағдайда, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған телефон (кәбілдік) кәрізі жұмысында анықталған авариялар мен бұзушылықтар туралы екіжақты хаттаманың негізінде авариялардың себептерін жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауға;
      2) Оператордың кінәсінен емес туындаған, Оператордың пайдалануына берілетін телефон (кәбілдік) кәрізінің барлық ақаулары мен зақымдануларын жоюға;
      3) байланыс Операторының пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде салынған байланыс кәбілін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Операторға рұқсаттама-жүктелім беруге;
      4) Операторға кәбіл салу мүмкіндігі берілген телефон (кәбілдік) кәрізіне келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Операторды дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше телефон (кәбілдік) кәрізінің одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
      5) Операторға телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге есепті айдың 25 күніне дейін шот беруге;
      6) Оператор Жалға берушінің телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалану процесінде туындаған өзге де мәселелерді шешуге міндетті.
      10. Оператор:
      1) рұқсаттама-жүктелім болған кезде Оператордың пайдалануына берілетін телефон (кәбілдік) кәрізінде кез келген жұмыстар жүргізуге;
      2) Шартқа сәйкес телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалану бойынша қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;
      3) Оператордың пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізін, оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
      4) Жалға берушінің жазбаша келісімімен ғана телефон құдықтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
      5) Операторға кәбіл салу мүмкіндігі берілген телефон (кәбілдік) кәрізіне келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Жалға берушіні дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше телефон (кәбілдік) кәрізінің одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

5. Өзара есеп айырысулар тәртібі

      11. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін Тараптардың арасындағы есеп айырысулар уәкілетті орган бекіткен тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) сәйкес жүргізіледі.
      12. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) болмаған кезде, төлемақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      13. Операторға телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге берілген қосымша қызметтердің құны Шарттың тиісті қосымшасында көрсетілуге тиіс.
      14. Телефон (кәбілдік) кәрізін беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгерген жағдайда, Жалға беруші Операторды жаңа тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) енгізілгенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етеді.
      15. Егер Оператор өзгерген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануды жалғастыруға келісім бермесе, ол бұл туралы Жалға берушіні тарифтердің өзгергені туралы хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде хабардар етуге міндетті.
      Мұндай жағдайда Жалға беруші пайдалануды жалғастырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін немесе ол болмағанда телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатуға құқылы.
      16. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді Оператор Жалға беруші берген шоттың негізінде ай сайын телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді алған айдың бірінші күнінен бастап, бірақ есептіден кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      17. Оператор Шарт бойынша төлемді үш айдан астам мерзімге кешіктірген жағдайда, Жалға беруші Шарт бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
      18. Шартты бұзғанға дейін реттелмеген қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
      20. Телефон (кәбілдік) кәрізінің жұмысында Оператордың кінәсінсіз кез келген бұзушылықтар және (немесе) ол бос тұруы туындаған жағдайда, бос тұруы кезеңіне төлемақы алынбайды.
      21. Шартқа сәйкес төлем мерзімдері бұзылған жағдайда, Оператор Жалға берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін осы сомаларды төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.
      22. Егер Оператор Жалға берушінің телефон кәрізіне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Жалға беруші залал шексе, Оператор тікелей залалдардың толық құнын өтейді.
      23. Егер Жалға беруші Оператордың телефон кәрізіндегі байланыс кабеліне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Оператор залал шексе, Жалға беруші тікелей залалдардың толық құнын өтейді.
      24. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің кез келгенін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлеу және тікелей залалдар мен шығыстарды өтеу осы Шарт бойынша тиісті міндеттемелерді тиісінше орындау міндетінен босатпайды.

7. Форс-мажор

      25. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда, Тараптардың бір де біреуі залалды өтеуге құқығы жоқ. Бұл жағдайда, Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бір де біреуі еңсерілмес күш мән-жайлары басталғанға дейін Шарт бойынша туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
      26. Егер осындай мән-жайлардың кез келгені Шартта белгіленген мерзімде міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, онда бұл мерзім тиісті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      27. Форс-мажордың туындау себебі бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
      28. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
      Форс-мажор мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап оларды растайтын Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органның құжатын ұсынады.
      29. Форс-мажор 3 айдан астам жалғасқан жағдайда, Тараптардың кез келгені басқа Тараптың атына жолданған алдын ала жазбаша хабарламамен Шартты бұза алады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу тәртібі

      30. Шарт 20__ "__"_____ бастап күшіне енеді және Шартты бұзудың болжанып отырған мерзіміне дейін 30 күнтізбелік бұрын Жалға берушіге жолданған Оператордың жазбаша хабарламасы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық міндеттемелері Шарттың бұзылатын күніне дейін толық көлемінде орындалуы тиіс.
      31. Жалға беруші Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша және Шарттың 15-тармағында көзделген жағдайда бұзуға құқылы.
      32. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережесіне қайшы келмеуге тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қояды және Тараптардың мөрлері басылады.

9. Дауларды шешу

      33. Тараптар келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
      34. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.
      Тараптар Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы.
      35. Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      36. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлік қызметпен жіберілсе немесе оларды алғандығы туралы белгімен Тараптардың шартта көрсетілген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткізілді деп саналады.
      37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешім қабылдауды талап ететін шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінің тоқталуы, профилактикалық жұмыстар, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетілген тәртіппен кейіннен жолдай отырып, факс арқылы жіберуге жол беріледі.
      38. Хабарламаны және (немесе) хабарды алынған күн болып факс арқылы жолданған күн немесе хабарламаны және (немесе) хабарды алушы Тарап - адресатқа жеке табыс еткен күн саналады. Егер хабарламада және (немесе) хабарда өзгеше көрсетілмесе, алуы бойынша хабарлама және (немесе) хабар жеткізілді деп есептеледі.
      39. Тараптар бір-бірін өз атауының, заңды мекен-жайының, іс жүзінде орналасқан жерінің және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы жедел хабардар етеді.
      40. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар 2 данада жасалады.

10. Тараптардың деректемелері

Жалға беруші:                      Оператор:
____________________               _____________________
____________________               _____________________