Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1193 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20. N 367 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының  31-1-бабының  1-тармағына және "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының  10-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы өнiмнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 586-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесінде:
      "Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "азаматтық авиация саласындағы қызмет көрсетулер, соның iшінде:
      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі;
      авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi;
      әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, оны ұстау және жөндеу жөнiндегi;
      ұшуларды жарық техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектiлерiн энергиямен жабдықтау жөнiндегі;
      азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөнiндегi;
      азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығарып салу және оларға қызмет көрсету, қолжүктi, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету жөнiндегi;
      ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi;
      азаматтық әуе кемелерiн және басқа тұтынушыларды арнайы автокөлiк құралдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi;
      жолаушылар мен жүк тасымалдарын сату және брондау жөнiндегi;
      азаматтық авиация оқу орындарының қызмет көрсетулерi;
      азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қызмет көрсетулерi;
      аса жеңіл авиация саласындағы қызмет көрсетулер".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі