Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы N 597 және 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1375 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1181 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шартын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 мамырдағы N 597 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 211-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жылжымалы мүлiктiң қаржылық лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу ережесiнде:
      32-тармақ алынып тасталсын;
      2) "2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1375 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiнде:
      2-тармақта "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен" деген сөздер " 2002 жылға  арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және " 2003 жылға  арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі